Т. Т. Мельдеханов, Ж. А. Иманбекова, Ф. А. Бимурзаева



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#193943
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БҮЙРЕК-ДЕРТІНІҢ-«КІШІ-ЖӘНЕ-ҮЛКЕН»-СИНДРОМДАРЫ.-БҮЙРЕК-ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



УДК 612.46-092 (075.8) 
 
Т.Т. Мельдеханов, Ж.А. Иманбекова, Ф.А. Бимурзаева 
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
Патофизиология кафедрасы, Алматы 
 
БҮЙРЕК ДЕРТІНІҢ «КІШІ ЖӘНЕ ҮЛКЕН» СИНДРОМДАРЫ. БҮЙРЕК ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Бүйрек аса маңызды мүше, ол организмде гомеостазды қамтамасыз ететін ағза. Бүйрек айналымдағы қан көлемі (АҚК) мен 
сұйықтықтардың изоволемиялық күйде болуына болысады, сұйықтықтарда осмос белсенді заттардың концентрациясының 
изотониялығын, иондық құрамы мен осмостығы бірқалыптылығын (изоиония) қамтамасыз етеді; қан плазмасының рН
реттелуіне қатысады; азоттық алмасудың соңғы өнімдерін сыртқа шығарады, аластайды; артериалық қан қысымын, 
эритропоэзді және гормоналдық статусты реттеуде маңызды рөл атқарады. Бүйрек патологиясында аталған функциялардың 
барлығы дерлік бұзылысқа ұшырап, олар нефропатияға тән симптомдарға кіші және үлкен синдромдарға әкелуі мүмкін. 
Түйінді сөздер: 
нефрон, фильтрация, секреция, несептік синдром, қалдық азот, азотемия. кіші және үлкен бүйрек синдромдары
бүйректік гипертензия, ісіну, Альпорт синдромы, Гудпасчер синдромы 
Диурез көлемінің тәуліктік өзгерістері.
Дені сау ересек адам қолайлы жағдайларда тәулігіне 1.0 -2,0 л несеп шығаруы тиіс. Тәуліктік диурездің көлемі шумақтық 
фильтрация үдерісінің көлеміне, жәнеде өзекшелердегі сулардың қайта сіңірілу мөлшеріне байланысты. Сүзгіленген несептің 
мөлшері несеп түзілуіне қатысты нефрондар санына, яғни фильтрациялық алаңның көлеміне, және пәрменді фильтрациялық 
қысымның (ПФҚ) дәрежесіне тәуелді: ПФҚ = ГҚ-ОҚ-БҚҚ (Мұнда ГҚ – гидростатикалық қысым, ОҚ – қанның онкотикалық 
қысымы, БҚҚ – боумен қапшығының, дәлірек айтсақ несеп шығару жолдарының, сүзілген несептің жалпы қысымы). Бүйректегі 
гидростатикалық қысым, организмдегі жүйелі гемодинамикада систолалық қысым 80-180 мм с.б.б. арасында тербелісте болғанда
бүйрек шумақтарының қан әкелетін және қан әкететін шумақ артериоларының қысымы аутоматты тонустық реттелуіне 
байланысты шамамен 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет