Б.з.б VII-V ғ.ғ. алғашқы грек философтары- фисиологтар, мифологиялық сенімдерге
қанағаттанбай бүкіл дүниені
біріктіретін бір негіздің, заттың
бар екенінен сеніп, дүние бастауын
Құдайлардан емес табиғаттан іздеді.
Дүниенің, тіршіліктің пайда болуын қалыптасуын материямен, заттармен
байланыстыратын материалистік теориялы натурфилософиялық кезең қалыптасты.
Осылай даму үстінде б.з.б VI-V ғ.ғ. Элея мектебі қалыптасты.
1) Олар болмыс пен сезім ұғымдарын тудырды.
2) «Бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ»
3) Болмыс жоғалмайды
4) Кеңістік, көпшілік пен уақыт жоқ, яғни қозғалыс та жоқ деп есептеді.
Ең алғашқы болып материалистік бағыт ұстанған философтар: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит, Пифагор
Өздерінің пікірлері қате екендігін байқаса да, Парменид, Зенон, Эмпедоклдар өз дегендерінен қайпады.
АТОМИЗМ ТАРИХЫ
Б.з.б V-IV ғ.ғ. Левкипп негізін салған атомизм ілімі Элеаттарға дұрыс қарсылық білдіре алды.
1)Дүниенің негізінде сандық жағынан әртүрлі, бөлінбейтін атомдар жатады деп негіздеді.
2)Элеаттардың бейболмыс өмір сүрмейді дегенін қолдады.
3)Қозғалыс, кеңістік, уақыт жоқ дегендеріне қарсы тұрды.
Натурфилософиядан бастау алған бұл ілім, өзіндік бағыты бар мектепке айналды десе де болады
- Атомдар бос кеңістікте орналасады. Онда олар еркін қозғала алады және бағыты бар.
- Атомдар пішіні, құрылымы әртүрлі. Соған қарай әр тіршілік өзінше формаға ие.
- Ал дүниені орасан зор қуыс деп, оның шексіздігін мойындады.
- Адам жанын дөңгелек, тез қозғалатын атомдар құрайды десе, түйсік, ойлау, сезіну осы жан атомдарының қабілеті деп мақұлдады.
Достарыңызбен бөлісу: |