Бұлшық ет-буын сезімі. Дәрігер сырқаттың қолы мен аяғының буындарын әрлі-берлі қозғайды. Көзін жұмып алған сырқат қозғалыстың бағытын (жоғары, төмен, оңға, солға) айтып тұрады.
Кинестетикалық сезім. Дәрігер сырқаттың бетінің немесе денесінің тері қыртыстарын әрлі-берлі қозғайды. Көзін жұмып тұрған сырқат осы қозғплыстың бағытын айтырп тұрады.
Дірілді (вибрцияны) сезіну.Мұны тексеру ушін дәрігер секундына 256 рет тербелетін камертон алады. Дірілдейтін камертонның сирақтары аяқ пен дененің суйектеріне тигізіледі.Сырқат осы дірілді қалай және қанша уақыт сезгендігін айтады.