IV. Кіріспе нұсқау және өзіндік жұмысы.
Студенттерді 2 адамнан топқа бөлемін, оларға өз –бетімен жұмыс істеудің мақсатын түсіндіріп, науқастар алдындағы жауапкершілікті, этика және деонтология ережелерін сақтау керектігін ескертемін.
Студенттер ауру схемасын қолдана отырып науқасты жан-жақты сұрастырып мәліметтер жинайды. Науқастың шағымын, қай уақытта пайда болғанын, неге байланысты екенін, науқастың ауруының даму тарихына көңіл бөледі, науқастың өмір баян тарихын сұрастырады.
Тері, есту, көру, иіс және дәм сезу анализаторларының қабылдау деңгейін тексереді. Жоғары ми қызметін, қимыл әрекетті, сезімділікті, вегетативті жүйке жүйесінің қызметін зерттеу тәсілдерін жүргізеді.
Студенттер клиникалық оқу бөлмесінде оқытушының алдында науқас туралы жинаған мәліметтерін айтып береді. Студенттер тексеру кезіндегі өзгерістерге сүйене отырып болжамалы алғашқы диагноз қояды.
Практикалық дағдылар тізімі:
-Шағымдарын, анамнезін жинау
-бас сүйек-ми нервтерін, қимыл әрекетін тексеру
-рефлекстерді анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |