Тандамалы


Оларды батыл, ержүрек төрт партизан қоршап түткынға алған. Болатов полицайлар сапының алдына келіп оларға



бет12/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Оларды батыл, ержүрек төрт партизан қоршап түткынға алған. Болатов полицайлар сапының алдына келіп оларға:

  • Мектеп үйінде мен сендердің өмірлеріңді сақтаймын, босатамын деп уэде берген едім. Мектепте сендер көп едіңдер, ал біз не бары төртеу-ак едік. Енді, міне, халық. Сендердің тағдырларынды менің бір өзімнің шешуіме қақым жок. Не істеу керек екенін мына халық айтады.

Осы уақытқа дейін кезінде талай адамдарға айуандық жасаған бұрынғы кулак балалары - екі полицайды халық өлім жазасына үкім етті.

  • Залымдардың үні өшсін!- деп дауыстады алаңдағы жұртшылық.

Осы алаңдағы халық алдында Болатов протокол толтырды. Далалық партизан соты атынан Отанға опасыздық жасаған әлгі екі полицай өлім жазасына кесілді.
Басқалары босатылды, бірақ олардың бэрі де партизан отрядына алуды қолқалап сұрады. Алайда олардың өтініші орындалған жоқ.

  • Сендейлерге сенбейміз, - деді дауыстап Илько,- ал кімде- кім отряд қатарында шын, адал күрескісі келсе, ондайлар партизандарды өздері тауып ала алады.

Трахтомировшылар барлаушыларға екі көлік берді, олар күтпеген көп олжамен лагерьге тартты.
Лагерьге келісімен, Болатов бірден-ақ құрама командиріне жүргізілген операция жайында бастан-аяқ баяндады. Командир олардың қолдарын қысып:

  • Тағы да алғыс айтамын!- деді.

  • Совет Одағына қызмет етеміз!- деді төртеуі де бір кісідей. Илько жымыңдап, күліп қойды.

1942 жылдың қысында Украинада тіпті аяз болмады. Бұл жерде түнде аздап қар жауатын, ал күндіз шүмектеп жаңбыр құюшы еді. Декабрь айындағы тынышсыз жауын жерді лайсаң, батпақ, саз балшық етіп жіберді. Бұл партизандар едәуір қиындықтар жасады.
Мұның үстіне қысты күні бүкіл селолар мен қалаларға күзетті күшейтті, жандармдар мен полицайлардың, күзетші солдаттардың санын көбейтті. Мүның бэрі төңіректегі селолармен қатынасты қиындатты.
Қару-жарақ пен ок-дэрінің тапшылығы осы кезде ерекше сезіле бастады, өйткені партизан отрядтары көптеген




селолардан қосылған жаңа күштермен толыктырылған. Олардың бэріне бірдей кару жетіспеді, ок-дәрі тапшы болды.
Примак баскарған партизан құрамасы кыскы айларда бөлініп-бөлініп кетті. Болатов отряды Панитов орманында, баска отрядтар Хоцкий, Черкасск жэне басқа ормандарға орналасты. Бұл қысқы жағдайда партизандардың маневр жасауына жеңілдік келтірді.
1942 жылғы желтоксанның алғашкы жартысында Бола- товка Черкасск орманынан бірінші отрядтың командирі Николай Михайлович Попов келді. Ол партизан кұрамасы командирінің бұйрығын алып кепті. Бұл бұйрык бойынша Болатов пен Попов екеуі Вюнище селосындағы астыртын жұмыстағы Сергей Шпитальмен кездесуге тиісті. Оның карауында Қызыл Армия бөлімдері шегінгенде калдырып кеткен кару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түліктің жер астында үлкен коймасы бар екен. Бұл қазіргі кездегі қиындықтан құтылудың бірден-бір жолы еді.
Николай Михайлович Попов жақсы ұйымдастырушы, батыл, ержүрек командир еді. Ол партизандар кұрамасын- дағы парасатты жэне беделді адамның бірі еді. Бірак осы қасиеттерінің бэрі бола тұрып, оның аса үлкен бір кемшілігі бар-ды. Ол жер жағдайын, төңіректі абайламай қала беретін, орман ішімен жүз метр өтсе-ақ болғаны, ол қайтып сол орнын таба алмайтын-ды. Ол эр уақытта бір жөн-жоба көрсететін адамды керек ететін-ді. Ол өзінің бұл осалдығын далада, тауда, орманда емес, қалада өскендіктен дейтін. Оның бұл осалдығын білетін Болатов онымен бірге тек өзі емес, Ильконы да ертіп алып баруға ұйғарды, өйткені Илько бұл төңіректі бес саусағындай жақсы білетін.
Олар жолға шықты, қару дегенде тек пистолеттері ғана бар, сонсоң немістердің қолынан босанған әскери тұткындар болып құжат алған.
Луковец хуторына жақындағанда, партизандар писто- леттерін жасырып, эскери тұтқындар болып баруға ұйғарды. Полицайлар оларды тінтіп, құжаттарын тексерді де, қоя берді. Ымырт жабылысымен, олар Вюнище селосына келді. Сергей Шпитальдің үйін іздеді, өйткені Попов бұрын мұнда сан рет келсе де, оның үйін ұмытып қалыпты.
Олар үйді әрең тапты. Терезені ишаралап шертіп еді,
ее=и и2


Сергей Миновичтің зайыбы шықты, Поповты танып, ол ерін шақырды.


Сергей Миновичтің үйінде олар көп отырмады, ас ішті де, жер астындағы қару-жарақ, азық-түлік қоймасы бар жерге тартты. Мұндағы нәрселер түгелдей сақтаулы екен, бірақ Сергей Минович оны полицайлар аңдып жүргенін хабарлады. Сондықтан ол қоймадағы қару-жарақтарды, азық-түліктерді тезірек алып, отрядқа тасып әкетуді өтінді.
Партизандар, мүмкін болғанынша, кешіктірмей әкетуге уэде берді де, онымен қоштасып кетті. Таң білінгенше олар Днепрдің жағасында отырды, өйткені Днепрден түнде өту қауіпті еді, мұз түсіп жатқан болатын.
Днепрден таң сәріде өтіп, Луковец хуторына кіруі-ақ мұң екен, қас қылғандай бұларға үш полицай килікті. Қарусыз партизандарды ұстап алды да, мектепке айдап келді. Мұның себебі, осының алдында Переяслав комендатурасынан ерсілі- қарсылы өткендердің барлығын ұстап алып, комендатураға алып келіңдер деген жарлық болған екен.
Біраздан соң мектепке тағы да үш полицай және жасы елулер шамасына келген жалғыз көзді жергілікті староста келді. Ол партизандарды желкелеп мұғалімдер бөлмесіне енгізді де, полицайларға қарап:

  • Бұлар совет бандиттері ғой, көрмей тұрсыңдар ма? Бұларға уақыт кетірудің, комендатураға апарып әуре болудың не қажеті бар? Оларды бір жарға апарып, ит секілді атып тастау керек!- деді.

Бірақ полицайлар өз беттерімен партизандарды өлтіруге бата алмады, бір түн осында ұстап, таңертең комендатураға апаруды ұйғарды.

  • Егер сендер менің дегеніме көнбесеңдер,- деп тағы да әңгімеге араласты староста,- онда түнгі қараул қойындар, аяғынан етіктерін шешіп алыңдар, эйтпесе, олар зытып отырады, тауып көріңдер сонсоң. Ал айтқаныма көнсеңдер, мұндайлармен әуре болмаған жөн болар еді,- бұдан соң ол сөзін эрі жалғастырды:

  • Егер сендердің тәуекелдерің тұрмаса, өзіме беріңдер, өңмендерінен оқты қадайын!- деді.

Ол партизандарға төніп келіп Болатовты бар пәрменімен беттен бір соқты. Поповтың бетіне түкірді, Ильконы жақтан шапалақтады.






Партизандардың бұралқы итке деген ыза бойларын кернеді, олар бұл сұмырайды улы жылан секілді буындыруға эзір еді. Бірақ шарасыздан бойсұнып, көнуге тура келді. Қайт- кенде, эзірше бұл қорлыкка шыдап көргенді жөн деп ұқты олар. Ақыры, бэрі де жайына кетті. Партизандарды он бес жасар бала мен бір полицай күзетіп қалды. Старостаның дегенін түгел орындады: партизандарды шешіндірді де, етіктері мен шұлғауларын басқа бөлмеге алып кетті.
Партизандарды камаған мұғалімдер бөлмесін кұлып салып мықтап жапты.
Бөлме кап-караңғы, суык еді.
Бұл аядай бөлмеде бір бұрыштан екінші бұрышқа құр сенделіп жүре беру оларға өте ауыр тиді, оның үстіне суык еденде жалаңаяк жүру кандай касірет.
Әбден калшылдап, тоңып, олар үстелге отырды.

  • Оңай-ак түстік колға,- деді сыбырлап Попов,- мұны еш күтпеген едім.

  • Құтылу амалын іздестірейік,- деді Болатов.

  • Терезені қойып қалсақ қайтеді? Сонда түн пердесін жамылып мүмкін, құтылып кетерміз!- деді Попов.

  • Жоқ, Коля, бұл ұсынысыңды қостамаймын. Терезені қойып түсіру керек дейсің, ал бұл үшін ең болмаса бөлмеде орындык та жоқ,- деп карсылык білдірді Болатов.

  • Бұл операцияны кірпік қаққанша істеу қажет болады, өйткені полицай құлыпты ашып үлгергенше, ытқып шығуың керек. Біз олай ете алмаймыз.

  • Ал енді немістердің кеңірдегіңнен асып коюын күтіп отыруға болмайды ғой. Қалай болғанда да, қимыл жасау керек, Вася!- деді Попов.

  • Коля, абыржыма, мен жол таптым, ол былай, тыңдап көріндер: бізге оны қарусыздандыру керек. Ал ол үшін біз полицайды алдап соғуымыз керек. Ол үшін біз қазір күзетші полицайдан сыртқа шығаруды өтінеміз. Әрине, ол бэрімізді бірден түгелдей сыртқа шығара қоймайды. Алдымен Илько барсын, ол полицайдың дегенін екі етпей қалтқысыз орындайтын болсын. Сонсоң мен де солай істейін. Полицай мені бөлмеге енгізіп, сені шығара бергенде, екеуміз полицайды кұралсыздандырайык, ал Илько жәрдемшісін бөгей тұратын болсын.


  • Табылған ақыл, Вася!- деді Попов Болатовтьщ қолын қатты кысып, - Бұл - нағыз табылған жол.

Илько есікке келді де, ақырын ғана тықылдатты.

  • Ей, саған не керек, неге тықылдатасың?- деген есіктің ар жағынан полицайдың қырылдаған даусы естілді.

  • Түзге шығайын деп едім, рүқсат етіңіз,- деп өтінді Илько.

Қүлыптың шықырлағаны құлаққа шалынды да, артынша есік ашылды. Винтовкасын кезене есіктің алдында кесе- көлденең түрып:

  • Қалай, сен үлкен дәретке ме, кіші дэретке ме?- деп сұрады полицай.

  • Үлкен дәретке,- деп жауап берді Илько полицайға қарамай.

  • Біздің бэріміздің түзге шыққымыз кеп тұр,- деді полицайға Болатов есікке жақын келіп.

  • Бір-бірлеп,- деп жауап берді де, полицай өзінің қосшы баласына Ильконың етігін әкел деп бүйырды.

Бала етікті әкелгенімен, шұлғауын тастап кетіпті. Илько етікті жалаң аяғына киіп, күртешесін иығына іле салды да, коридорға шықты. Сол сәтте-ақ есікті тарс еткізді.
Полицай винтовкасын кезеп, Ильконың артында екі метрдей жерде жүріп отырды. Сыртқы есікті ашып калғанда, суық Ильконы бүрістіре бастады. Тастай караңғыда ағаштардың көлеңкесі қараңдап көрінеді. Қашып кету үшін нақ қолайлы кезең екен.
Босағадан жиырма метрдей жерге барып түзге отырды, ал полицай бірнеше метрдей жерде винтовкасын оған кезеніп тұр.
Мектепке кайта келе жатып, Илько артына карап еді, полицай винтовкасының ауызын төмен салбыратып каперсіз келе жатыр екен.

  • Демек, маған сенген болса керек,- деп ойлады Илько мектеп дэлізіне ене беріп.

Илько келген соң, Болатов шықты, ол да полицайдың ешкандай абайсыз, қаннен-каперсіз келе жатқанын аңғарып қалды.
Полицай еш күдіксіз, сабырмен есік ашты. Попов шығуға бет алды.
Поповты бөлмеден шығарып, ол Болатовқа жол беруі-ак




мұң екен. Болатов оны бас салды. Полицай сүріне жығылды. Болатов винтовкасын тартып алмакшы болып, оның үстіне бүркітше төне түсті.
Попов жүгіріп келді. Бірак винтовкаға жармаса беріп еді, ол Күрс ете түсті. Есіктен баланың басы қылтиды. Ол колына балта алып алысып жаткандарға үмтылып еді, бірак бұл кезде Илько да бейқам емес еді. Ол аяғын көлденең қойып қалғанда, бала жерге жалп ете түсті. Қолынан балтасы үшып кетті. Болатов балтаны оң қолына алды да, полицайдың басына үйірді, бірақ Попов жібермеді.

  • Болмайды, Вася, сен бүйрықты үмыттың ба?- деді Попов.

Жанышталған полицай колын ашып еді, винтовка Поповтың қолында қала берді.

  • Жүріңдер тез,- деп сыбырлады Болатов, ол жолдастары да мұның ізімен шығар деген үмітпен үйден атып шықты.

Қараңғыда еш нәрсе да аңғарып болмайды. Тек Болатовтың құлағына ғана «құтқарыңдар, құтқарыңдар», деген үн шалынады:
Дем алмай, алды-артына қарамай, Болатов жарты кило- метрдей жер жүгіріп барып тоқтады, сонсоң қараңғылыққа көз жіберді. Попов та, Илько да көрінбейді. Қуып, азан-қазан ғып дүниені басына көтерген дыбыс сезілмейді. Жым-жырт тыныштық.
Болатов әбден қалшылдады. Үстінде бір ғана сырт көйлек. Оның күртешесі бөлмеде, полицаймен алысқанда қалып қойса керек.
Ол тағы да бірнеше минуттей қүлақ түре тыңдады, ал сонсоң қүрал тығылған орманға қарай жүгіре жөнелді.
Болатов жолдастарын таң атқанға дейін күтті. Әбден тонды. Оның үстіне қоңылтаяқ етік те аяғының қанын шығара қажады, солқылдата жанын шығарып барады.
«Ал Попов пен Илько қайда кетті екен?»- деп ойлады ол бұлардың ғайып болуына таңкалып.
Бір кезде ағаштың арасынан қолында винтовкасы бар адам қараңдай көрінді. Үңіле қарап еді, Попов екен.
Суықты, аяктың солқылдаған ауруын ұмытып, Болатов. ақсаңдай басып, оған қарсы жүгірді, бір-бірін айқара құшақтап. сүйісіп жатыр.




Олардың бұл зор қуанышын осындай жағдайды басынан кешірген жан ғана біледі. Ильконы күтуде ешкандай мағына жок еді. Болатов оның лагерьде екеніне күмэнданған жок.
Қашудың орайлы болуы олардың бойына куат, күш бер-ді, олар аяқтарының ауырғанын сезбей лагерьге тартты.

  • Коля, кэне айтшы, сен қайда жоғалып кеттің, саған не болды? Бет-аузың неге сатпақ-сатпақ, дал-дұл?— деп Болатов Поповқа жол-жөнекей сұрақты жаудырып келеді.

  • Мен эр уақытта, осы жаратылыстағы кемшілігімнен кесір көріп жүрмін,- деп жымиып күлді Попов - Сенің қай есіктен шығып кеткеніңді байқай алмай калғаным бар емес пе! Қай есікті ашпайын, класқа килігемін. Далаға шығудың орнына өзіміз отырған бөлмеге қайта оралмасым бар ма? Сол бөлменің терезесін винтовкамен бір қойып қалдым. Қанша жүгірдім, қанша адастым, бір кезде аяғымның астындағы топырақ қүлап, түңғиық түбіне кетіп бара жатқанымды сездім. Көз жүмып, винтовкамды мықтап ұстап, не болса, ол болсын деп тәуе-келге бел байладым. Терең жарға түсіп кетіппін. Қабырғалар тіп-тік, сулы, жалама екен. Жоғары өрмелейін дейім, тайғанап түсе берем. ¥зақ эурелендім, еш нэрсе шығара алмадым. Түңілейін дедім, бірақ бұл оңбаған құламаның барлық қабырғаларын сипалап жүріп, ақыры эрең дегенде өрмелеп шыққаным бар ғой.

  • Мен, әрине, орманға тарттым, өйткені, сені осында ұшырататыныма кэміл сендім,- деп, Попов жымиып күліп қойды.

Лагерьге үш жүз метрдей жер қалғанда Болатов пен Поповты Илько мен Михайло қуана қарсы алды.
Лагерьге келісімен партизандар бастан-аяк комиссар Ломакоға жэне командир Примакқа өздерінің бастарынан кешірген уақиғаларын баяндады.
Сергей Минович Шпитальдің өтінішін орындау үшін қолайлы кезеңді күтті.
Бірақ оны нақ дер кезінде орындауға о кезде жағдай болмады, тек 1943 жылдың март айында ғана Вюнищедегі жер астындағы коймадан қүрал-жабдықтар мен оқ-дэрілерді, азық- түліктерді алуға мүмкіншілік туған еді. Көп кешікпей отрядқа Сергей Минович Шпиталь да алынды.
Осы уақыттардың ішінде Илько, Михайло Луковец старостасынан кек алу керек екенін тынымсыз айтып,




Болатовтың мазасын ала беретін. Тек бір жылдан кейін Болатов бұл операцияға кұрама командирінен рұксат алды.
Партизандар хуторға ымырт жабылған соң кірді. Болатов Илькомен бірге ең шеткі үйге келді. Оларды кемпір-шал карсы алды.
Болатов олардан староста қайда тұрады, полицайлар кай үйде деп сұраған кезде, қарттардың зәресі ұшып кетті білем, олар корыкканнан сұрағанды айтудан бас тартты. Біраколардың тек анадайдан ғана көрсетуді тілеп отырғанын сезген кезде тыныштала калды.
Болатов, Михайло, Илько жэне екі жауынгер шалды жанына ертіп алып, старостаның үйіне қарай кетті, ал баска жауынгерлерді кемпір полицайдың үйіне бастап әкетті.
Старостаның үйінің есігі ашық, өзі киім ілгішке пиджагін ілейін деп жатыр екен.
Партизандар үйге айқай-шусыз кіріп келді. Староста өзіне кезелген автоматтың аузын көргенде, аңырып сілейді де қалды. Әйелі мен қызы айқай көтерді, бірақ Илько аяғын тебініп:

  • Егер үндеріңді шыгарсандар, табан астында атамын,- деп ескертті. Болатов старостаға төніп келді де:

  • Ал, жалғыз көзді сайтан, танимысың?- деп сұрады.

  • Жо... о... к, есіме түспей тұр, танымадым,- деді староста үрейленгеннен саскалақтап.

  • Олай болса, есіңе түсірейін,- деді де, бойын ашу кернеген Болатов бар пэрменімен старостаны түмсықтан сілейте бір соқты,- есіңе түскен шығар, мені осылай сокканың?

Құты қашып, үрейі ұшкан старостаның жүзінен Болатов оның мұны танығанын ұққан еді.

  • Бұл сұмырайды мықтап байлап алыңдар!- деп Болатов жауынгерлерге жарлық берді.

Старостаның үйін тінткен кезде, оның үйінен винтовка, пистолет, он екі пар совет офицерінің киімі, бес пар етік, эр түрлі маркалы он екі сағат табылды. Жеркойма толы бүтін бір азык-түлік боп шықты. Мұның бэрін партизандар бір үлкен арбаға тиеді де, старостаның пар атын жекті. Оған коса онын бордақыланған екі шошкасын сол жерде сойып, арбаға салды, шошқа етінің үстіне қол-аяғы маталған старостаны тастай берді. Сөйтті де, олар полицай үйіне карай бет алды.
Полицайлар үйде жоқ боп шыкты, бірак олардың үйінен жүрттан тонаған кыруар мүлік шықты. Солардың ішінде






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет