Тасилова назия айтбаевна



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
китаааап

1). Шақшан болысы:
Қанжығалы 
↓ 
Ажыбай (II, XII) 
↓ 
↓ ↓ 
↓ ↓ Құдияр 
Қарабұжыр Қара (I, X, XI ст.) 
↓ ↓ 
Мұрат 
(VI ст.) ↓ ↓ 
Сары (IX ст.) Жәдігер (II, IV, V ст.) 
2). Ақкөл болысында

Қанжығалы 
↓ 
Ажыбай (Сары-Ажыбай) 
↓ 
↓ ↓ ↓ 
Қаратлес Қарабұжыр Тентек-Қанжығалы 
↓ ↓ .
↓ ↓ Айтуар, Күшпен III,
Мұрат Байболат II ст. Ажике III,IV, Денен III, IV 
↓ Майыр. 
Донен, Сасық, Алтыбай, Тоғызбай,
Теңізбай, Бестібай, Сегізбай, Құнан 
I, III ст.
«ҚЖПМ»-да Ақсу болысын мекендеген Сырым руы туралы ешбір мәлімет 
жоқ, - делінген. Мәшћүр Жүсіп Көпейұлының шежіресі бойынша арғыннан 
тараған Бәсентиін келе жатып жас сұлу әйел тауып алыпты. Соңынан ерген бір 
баласы бар екен, және өзі екі қабат екен. Оны сұрағандарға бұл жанға 
айтпайтын сырым дейді екен. Сонан туылған баланың аты Сырым болып, одан 
тараған ұрпақ ел-жұрт болып кеткен дейді. Яғни, бұл екі деректе де Сырымның 
кімнен тарағаны жұмбақ болып қала береді.
Бәсентиін руы Түркістаннан Ертіс жағалауы мен Маралды болысында 
қоныстанды. Басентиіннан тараған Самек, Баймбет, Күшік Ертіске 1800 ж келді. 
Маралды болысының қазақтары XIX ғ. басында жаз айларында емін-еркін Обь 
өзеніне дейін көшіп-қонып жүретін. 
XVII ғ. соңында Павлодар уезінің Алтыбай және Алқакөл болыстарының 
жеріне Бәсентиіннің тармағы Апай рулары келіп қоныстанған. Бұл 
мәліметтердің негізінде Павлодар уезіне ең алғаш Сүйіндіктерден бұрын 
Бәсентиін рулары келіп қоныстанған. Сонымен бірге Алқакөл болысына 
Найманның Айдаболым мен Бозқозы рулары Басентиіндіктермен бір уақытта 
көшіп келген. Ал ¦рық болысында Бәсентиіндіктермен бірге Қыпшақтың 
Қосайдар руы қоныстанған. 


87 
Қызылағаш болысында Қыпшақтың Жолаба, Елетен рулары қоныстанған. 
Ел аузында сақталған аңыз бойынша, Қыпшақтың Бұлтынған руы бір жорыққа 
бара жатып, жолда бір оралған нәрсені тауып алады. Ашып қараса кішкентай ұл 
бала екен. Олар балаға Жолаба деп ат қояды. Ал Елетен бір жорықта 
Қыпшақтарға көмектескен жігіт екен. Осылайша Жолаба мен Елетен руын 
Бұралқы-Қыпшақ деп атаған екен. Ол қисық қыпшақ деген мағынаны береді.
Ел аузында «Елетен ел болмайды – ешкі қой болмайды» деген мақал бар екен 
дейді Є. Бөкейханов «ҚЖПМ».
Ал Павлодар уезінің Тереккөл болысына XVIII ғ. басында Уақтан – Абрай 
мен Єжікей рулары, одан 50 ж өткеннен кейін (1768 ж) осы өңірге Ақмола 
уезіндегі руластарымен араздасып Керей руынан Құдайберділер көшіп келіп 
қоныс тебеді. 
Қорытар болсақ, Павлодар уезінің жеріне XVII-XIX ғғ. аралығында 
оңтүстік пен батыстан қазақ рулары келіп қоныстанған: 
1. Бәсентиін руы Түркістаннан келіп, Алтыбай, Ақсу, Алқакөл, Маралды 
болысын мекендеген, кейіннен Ертіске қарай ығысқан. Сүйіндік пен Бегендік 
рулары Павлодар уезінің оңтүстігіндегі таулы аймақтарға, атап айтсақ Ақкелін, 
Ақбеттау, Баянауыл, Қызылтау, Атакөз, Қарамола болыстарының жерінде 
орналасты. Ал бұл рулармен бір уақтта Ақкөл мен Шақшан болыстарына 
Қанжығалы руы келіп орналасты; 
2. Батыстан Ертіс өзенінің жағалауына Қыпшақтар келіп қоныстанды. Олар 
Қызылағаш пен ¦рық болыстарында тұрақтады; 
3. Керей руы Қызылағаш пен Теренкөл болыстарына орналасқан; 
4.
Уақ руы да Теренкөл болысында қоныстанған. 
Уезд жеріндегі тайпалардың сандық қатынасы XX ғ. басында мынадай 
болды: арғындар -27327 шаруашылық, қыпшақтар – 2962, наймандар – 1982, 
уақтар – 1399, керейлер -376 және төленгіттер – 1352 шаруашылық. 
¤скемен уезіндегі ру-тайпалардың орналасуы мен шежіресін «ҚЖПМ» 
зерттеуші И.Ф. Гусев жинаған. Оның топшылауынша ¤скемен уезінде негізінен 
Орта жүздің Найман рулары қоныстанған. Наймандар – қазақ халқының 
құрамындағы сан жағынан ең көп тайпаның брі. М. Тынышпаевтың есептеуі 
бойынша олардың жалпы саны ХХ ғасырдың басында 830 мың адамға жеткен. 
Олар: Бура руы – Шар, Сұлусары, Нарымның бір бөлігін, Құршұм, ‡ркер, 
Колбин болыстарын мекендесе, Көкжарлы рулары – Торғын, Нарым 
болыстарын мекендеді, ал Терстамғалылар – ¦лан, Айыртау болыстарын, 
Қаратай рулары – Шанғыстай болысын, Матайлар – Құлұжүн болысын, 
Қаракерей рулары – Алтай болысының бір бөлігін, ‡ркер, Нарым 
болыстарында, Ақ-наймандар – Алтай, ‡ркер болыстарының бір бөлігін, 
Ергенекті Асулбай – Себін, Колбин, Тарғын болыстарында, Мұрын рулары – 
Колбин болыстарында мекендеді. Осыдан кейін бұл уездегі рулардың 
тарқатылуы кестелер арқылы беріледі де, әр кесте нөмірленіп отырады. 1 кесте 
бойынша Наймандардың рубасы Ақсопыдан ¤креш туады. ¤крештен Дамбул, 
Согурче, Саржомарт тарайды. Деректе: «Потомство Саржумарта носить названіе 
Ергенекты, по тамге, дарованному ему ханомь, которому онь служиль 
докладчиком», - деп Саржомарт атауының шығу төркінін түсіндіріп өткен. 


88 
Сондай-ақ, кестелерде көптеген рулар мен оның тармақтарына қатысты, 
мекендейтін жерлері туралы қысқаша айтып отырады. Ары қарай Дамбулдан 
Терстамғалы, Согурчеден Қытай, Қытайдан Төлегетай, одан: Қаракерей, Матай, 
Садыр, Төртуул тарайды. Саржомарттан: Балталы, Бағаналы, Бура, Көкжарлы, 
Қаратай рулары тармақталады.
«ҚЖПМ» кездесетін ру-тайпалардың карталары негізінен Қарқаралы, 
Омбы, Ақмола, ¤скемен және т.б. уездердегі рулардың орналасуын айқын 
көрсетеді. ¤кінішке орай деректің барлығында дерлік карталары сақталмаған. 
¤скемен уезіне арналған карта бойынша мұнда найман рулары, сұлтандар мен 
төлеңгіттер, шала-қазақтар деп бөліп көрсеткен. Найманның Сарыжомарттан - 
Жарке, ¤тей, Бура, Қаратай рулары, Қара-Керейден – Мұрын, Ақ-Найман 
рулары сонымен қатар Қарауыл-Жасық, Терстамғалылардың орналасу ареалы 
нақты бейнеленген. 
Қарқаралы уезінде мекендеген ру-тайпалардың картасын Є. Бөкейхан 
жасады. Ол бойынша уезде орта жүздің Арғындары: Қаракесек – Таз, Байбөрі, 
Жалықбас, Танас, Майқы, Машай, Жанту бөлімдері мен Қанжығалы, Қуандық, 
Қамбар, Тобықты, Қарауыл рулары мекендейді. Сонымен қатар онда Тарақты 
мен сұлтандар мен төлеңгіттердің мекендеген жерлері көрсетілген.
«ҚЖПМ» «Заселение» деп аталатын бөлімінде Қарқаралы уезінің ру-
тайпалық құрылымы туралы құнды-құнды мәліметтер сақталынған. Мәселен, 
уездің негізгі тұрғындары туралы статистикалық деректе: «Внастоящее время 
киргизское население уезда в большей своей части принадлежит к различным 
ветвям рода Каракесек, занимающего всю территорию уезда. Каракесек – 
кличко одного из сыновей Мейрама от рабыни Каракабат. Имя этого сына – 
Болат хожа...», - деп уездегі рулардың көбісі арғынның қаракесек руы екендігі 
айтылады. Сонымен қатар Қарқаралы уезінде арғынның Қуандық, Қамбар, 
Қарақұл, Қанжығалы, Тобықты және найманның Содыр, Тоқбан (Қожарлы) 
тармақтары, Тарақты, Қыпшақ, Уақ, Керей сияқты Орта жүздің ірі тайпалары да 
орналасқан. «ҚЖПМ» уездегі көптеген ру-тайпалардың араласып қоныстануы 
туралы: «Такая перемешанность родов указывает на то, что Каркаралинский 
уезд был ареною, на которой происходили в течение долгого ряда лет более или 
менее бурные столкновения различных народностей, а затем различных племен 
и родовых групп одного и того же киргизскаго народа, в конечном результате 
которых и получилась наблюдаемая ныне группировка родовых и иных групп», 
- деп айтылған. Деректе осы ру-тайпалардан басқа да атаулар кездеседі. Оларды 
анықтап, талдау бұған дейінгі Қарқаралы уезіндегі қазақтардың рулық құрамын 
айқындауға болады. 
Қарқаралы уезінде қоныстанған Қаракесек руының атауының шығуы 
жөніндегі аңыздарды жинап, рудың шежірелік кестесін жасаған алғашқы 
зерттеушілердің бірі Є. Бөкейхан болатын. Є. Бөкейханов Қаракесек руының 
шежіресін ел аралап жүріп, Қаракесек руы жөнінде халық аузында таралған 
аңыз-әңгімелерді қағазға түсіре отырып, көнекөз қарттардың айтуы бойынша 
жасаған. «ҚЖПМ» ол туралы: «Бүкіл Қарқаралы уезін алып жатқан Қаракесек 
руының шығу тегі туралы, осы уездің бір болысын құрайтын Шұбыртпалы мен 
Қамбар руының шығу тегі жөнінде, (Қу болысы, №3-ші әкімшілік ауылына 


89 
қарасты 18 шаруашылық ауылдың) Мақат Ақайұлы ақсақалдан мынадай 
аңызды жазып алдым: «қазақтар ертеректе жеті атаға дейін қыз алмау дәстүрін 
ұстанған. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді. 
Оған Қарқаралы уезіндегі әбден қартайған кемпірлер дәлел бола алады. Ол 
кемпірлердің отаны Жетісу, Сырдария өзені, Торғай далалары болып келеді. 
Алайда кейінгі кездері бұл дәстүр бұзылып, отбасын құруда ислам 
құндылықтары басшылыққа алына бастады. Арабтардан дін үйреніп келген 
молдалар жақын туыс адамдардың некесін қия береді. Мақат ақсақал «Ат 
биеден, ер анадан туады» дей отырып, біздің ұсақталып кеткенімізді дәстүрдің 
бұзылғандығынан көретіндігін айтты»», деп қазақтардың жеті атаға дейін қыз 
алыспау дәстүрінің сол ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында-ақ бұзыла 
бастағандығын, оның ұрпақтың ұсақталуына тигізетін әсерін атап өткен 
болатын. Қаракесек руы жайында Мақат ақсақал деректе: «...Мейрам біздің 14-
ші атамыз және біздің уездегі қазақтардың барлығы 14-ші атада Мейрамға 
барып қосылады. Мейрам атамызға қалыңдықты біздің елге алыс жұрттан 
таңдаған. Ол кездегі дәстүр бойынша қалыңдықты елге туған шешесі әкеліп 
беруі керек екен. Жолдың алыстығына байланысты қалыңдықтың шешесі мұнда 
келуден бас тартыпты. Орнына қыздың жеңгесі Шұбыртпалыны жібереді. 
Шұбыртпалы өзімен бірге Қарқабат күң мен Қамбар құлды ала кетеді. Тойдан 
кейін жағдай өзгеріп, ел арасы бүлініп, қызды ертіп келген жеңгесі мен күңі 
елдеріне қайта алмай қалады. Ақырында Мейрам әйелінің жеңгесі Шұбыртпалы 
мен Қарқабатты өзіне қатын қылып алады. Қарқабат күңнен Қаракесек атымен 
танымал болған Болатқожа дүниеге келеді. Бірінші әйелінен – Қуандық, 
Сүйіндік, Бегендік, Шегендік төртеуі тарайды. Ел ішінде оларды «бәйбіше 
балалары» атап кеткен. Ал Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар үшеуінің ұрпағы 
«тоқал балалары» атанды. Шешелері бөлек «бәйбіше балалары» мен «тоқал 
балалары» кішкентайларынан өзара ұрысып, төбелесіп өседі. Бір күні үлкен 
ағалары Қуандық пен Сүйіндік кіші бауырларына қатты тиіседі. Болатқожа, 
Шұбыртпалының баласы, Қамбар үшеуі қораға кіріп алып, кесекпен қорғанады. 
Осы оқиғадан кейін бұл үшеуі Қаракесек деген лақап есіммен аталатын болды. 
Кейіннен бұл есім үшеуінің арасындағы ең күштісі Болатқожаның 
ұрпақтарында қалды», - деп Қаракесек руының қайдан бастау алғаны, шығу тегі 
туралы аңызға сүйеніп баяндайды. Єрине, Є.Бөкейханның көнекөз 
ақсақалдардан жазып алған аңыз-әңгімелер болғанымен, олардың да тарихқа 
берері мол деп есептеуге болады.
Семей уезі Белағаш болысына байланысты ру-тайпалар тарихын 
Є.Бөкейхан жинап, құрастырған. Ол бойынша болыста Наймандар - 215 
шаруашылық (14,9 %), Уақтар - 184 (12, 75%), Керей - 195 (13,5 %), Тарақты - 
79 (5,49 %), Тобықты - 551 (38,2 %), Қаракесектер - 170 (11,79 %), басқа рулар - 
50 (3,37 %) шаруашылықты құрады. Барлығы болыста 1444 шаруашылық 
болды. Сонымен қатар, Є. Бөкейхан бұл рулардың орналасуын да көрсетіп 
берген.
Статистикалық партия Орал облысының Орал, Темір, Ілбішін уездерінде 
жүргізілген болатын.


90 
Орал уезіне арналған дерек көзінде «Происхождение и родовыя связи» деп 
аталатын тарауда осы өңірдегі қазақ руларының құрылымы мен орналасуы 
туралы мәліметтер сақталған. «ҚЖПМ» бойынша: «Жиренкөпе болысының 
қазақтары Кіші жүздің Жетіру (Семиродцы) бірлестігінен тарайды. Олардың 
көбісі Табын, Тама рулары, Гурьев уезінен кейіннен келген Єлімұлының (Кете 
руы) аз санды рулары мекендейді», - деп уездегі ең көп санды Табындардың ру-
тайпалық шежіресін таратады. Табын тайпасы – Кіші Жүздің Жетіру тайпалық 
бірлестігіндегі жеті тайпаның бірі және сан жағынан ең көбі болып есептеледі. 
Зерттеуші Б. Кәрібаестың топшылауы бойынша бұл тайпа негізінен 
Қазақстанның әр аймақтарында көптеп шоғырланған. Ең негізгі аймақтарына 
Батыс Қазақстандағы Ақтөбе облысы, ‡стірт өңірі, Қызылорда облысының 
Тереңөзек және Жалағаш аудандарының елді мекендері және ¤збекстандағы 
Қарақалпақ автономиялық Республикасының аудандары. 
«ҚЖПМ» бойынша Орал уезінде Табынның немересі Жаманкерейдің екі 
әйелінен Ақдәулет, Амандәулет, Жамандәулет, Қадір-‡мбет, Туатай, 
Жылқышы және т.б. ұлдары болды. Амандәулеттің ұрпақтары І, ІІІ, IV, VII 
ауылды қоныстанды (І-де Есембет деген баласының ұрпақтары, ІІІ, IV-ауылда 
Єшібек деген баласының немерелері Ақберлі мен Жиенқұлдың ұрпақтары, VII-
ауылда Қадыр-‡мбеттен тараған Бүргенің ұрпақтары орналасты). 
Туатайдың ұрпақтарының жартысы І-ші ауылда, ІІ-ші ауылда түгелімен 
мекендеді. Туатайдың Қожаболат пен Шабай, Жанатай деген ұлдарынан 
тарағандар Қарағаш болысында, Жиренкөпе болысындағы ІІ-ауылда 
Есенгельдіден тараған ұрпақтары қоныстанды. Андәулеттің ұрпақтары ІV-
ауылда, ал негізгі бөлігі Қарағаш, Қарашағанақ, Шелек болыстарында мекен 
етті. 
Жылқышы ұрпақтары Сармантақ, Самурат, Мұрат және т.б. болыстың 
шығыс бөлігіндегі V, ІХ, VIIІ және VI-ауылдың батыс бөлігінде қоныстанды. 
Темір уезінде дерекке сүйенсек негізінен Кіші жүздің Єлім ұрпақтары 
қоныстанған. Темір-¦рқаш болысының ІІІ, VI және VIIІ-ауылдары өздерін 
Назар, ал Ембі-Темір болысының ІІ және VII ауылдары өздерін Жакей деп 
атайды. Темір-¦рқаш болысының ІІ-ауылында Жетісудан келген қара-
қырғыздар орналасқан, олар бұдан басқа Ырғыз уезінің Шынғыл 
болыстарындағы 2 ауылда тұрады.
Торғай облысының Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз уездері 
статистикалық партиялар тарапынан зерттеу нысанына алынған болатын. Соның 
ішінде Қостанай мен Ақтөбе уездері екі рет зерттеуге алынды. 
Ырғыз уезінде «ҚЖПМ» бойынша Сырдария облысынан жазда көшіп 
келетін Кіші жүз ру-тайпалары мекендеген. Деректе ол туралы: «Главною 
составною частью населения этого уезда являются роды Малой Орда: Шумекей, 
занимающий 
восточныя 
волости 
– 
Таупскую, 
Кенжегаринчскую, 
Аманкульскую, и Терткара, разселившийся по срединным волостям – 
Тулагайской, Териклинской, Темираставской, Кызылжарской, Баксайской и 
Талдыкской. Эти роды составляют и главную массу населения Казалинского 
уезда Сырдаринской области», - делінген. Уездің оңтүстік-батыс бөлігінде де 
Кіші жүздің рулары қоныстанған. Онда Құланды, Ордақонған болыстарында 


91 
Шекті, ал Қабырға, Қарасай болыстарында қаракесек рулары, Шенгел болысын 
Телеу рулары қоныстанған.
Ырғыз уезін Сары-Тоғай болысындағы ІХ-ауылда қара-қырғыздар, ал 
қалған территориясының барлығында дерлік Кіші жүздің: Шөмекей, Кете, 
Аспап, Шекті, Єлім, Алтын рулары қоныстанған. Шөмекейлер шығыс бөліктегі 
– Тауіп, Кенжеғарын, Аманкөл болыстарында орналасса, Төртқара орталықтағы 
Тулағай, Тереклі, Темірастау, Қызылжар, Бақсай, Талдық болыстарында 
қоныстанды. Демек, дерек мәліметтеріне сүйенсек Ырғыз уезінде негізінен Кіші 
жүздің өкілдері тұрақтаған. Және ондағы ру-тайпалардың көбісі жан-жақтан, 
әсіресе, Сырдария, Орал, Жетісу облыстарынан жайлау іздеп көшіп 
келгендерден құралатынын көрсетті.
Ақтөбе уезіне арналған дерек көзінде ру-тайпалық құрылыстың қазақ 
қоғамында алатын орны туралы: «Родовой быт, с его архаическими формами 
общежития, сохранился еще всюдув степях настолько, чтобы можно было 
проследитьсамую тесную связь и зависимость между родовым началом и 
существующими 
формами 
общественных 
и 
хозяйственных 
отношениинаселения... родовая схема по Актюбинскому уезду, по которым 
видно, из каких родов и из какой орды были первые засельщики нынешнего 
уезда и как затем эти родовые деревья разрастались и давали ветви для 
существующих ныне общин. По каждому хозяйственному аулу отмечены также 
имена нынешних главарей родовых групп – аксакалов, старших и наиболее 
почетных лиц аула», - деп, бұл мәліметтердің ру-тайпалардың қатынасы мен 
олардың пайда бола бастауынан соңғы тармақтарына дейінгі тарихын білуге 
болатынымен құнды екендігі атап өтілген.
Ақтөбе уезіндегі жалпы халық санын «Болыстар бойынша қорытынды» деп 
аталатын статистикалық кестелерден де алуға болады. 1899 ж. санақ бойынша 
Ақтөбе уезіндегі ер мен әйел саны: Аралтөбе болысында - 8662, Ойсылқара - 
8747, Тереклі - 10255, Ақтөбе – 6741, Бестамақ – 10178, Бөрілі – 7363, Бөрті – 
12431, Қаратоғай – 8490, Елек – 5961, Қарахобды – 5779, Тұзтөбе – 11215, 
Хобды – 8619 болды.
Ал Қостанай уезіне қатысты «ҚЖПМ» дерек көзінің «Заселение уезда и 
земельные порядки» деп аталатын 2-тарауында: «Киргизское население 
Кустанайского уезда составляют пять крупных родов: Керей, Аргын, Кипчак, 
Джагалбайлы и Джаппас. Первые три рода принадлежат к Средней Орде и 
занимают северную часть уезда, волости Мендыгаринскую, Убаганскую, Аман-
Карагайскую, Ара-Карагайскую и Дамбарскую, а другие два рода, 
принадлежащие к Малой Орде заселяют южную часть уезда», - деп, 
Жағалбайлы рулары Құмақ пен Жетықара болысын, ал Жаппастар Бестөбе 
болысында қоныстанғаны баяндалған. Одан әрі деректе Бестөбе болысында 
тұрақтаған Кіші жүздің рулары туралы: «Большинство киргиз Бестюбинской 
волости принадлежит к баюлинскому поколению Малой Орды, ведущему свое 
происхождение от Джаппаса, переселились они сюда из Сырдаринской области 
на свои старыя летовочныя места в конце сороковых годов, прошлого 
столетия», - деп бұл рулардың Сырдария облысынан 1740 ж. көшіп келгендігін 
баяндаса, екінші жағынан жаппас руларының Байұлынан тарап, Кіші жүздің 


92 
құрамына кіретіндігі айтылады. Осы болыстың құрамындағы Телеу тайпасы 
жөнінде «ҚЖПМ»: «В состав волостей входят так же 437 хозяев, считающие 
свое происхождение от телеу, принадлежащего к семиродскому (Джетру) 
отделению Малой Орды. Последние поселились в Бестюбинской волости лет на 
10 позднее джаппасовцев», - делінген. Бұл мәліметтерден ол рулардың осы 
өңірге 1750 ж келгендігін аңғару қиын емес.
Одан әрі Жағалбайлы руларының қоныстары туралы: «Джагалбайлинцы, 
заселяющие ныне Джетыгаринскую и Кумакскую волости, до половины 
сороковых годов кочевали преимущественно на пастбищах, которыя позднее 
вошли в состав Иргизского уезда, и по левому берегу реки Урала, где теперь 
находятся Суюндукская и Джилкуарская волости Кустанайского уезда». Єрине, 
бұл мәліметтерден біз тек жағалбайлы руларының қоныстануын ғана емес, 
уездер мен болыстардың территорияларының өзгеріске ұшырауы туралы да 
құнды ақпараттар ала аламыз.
Қостанай уезіндегі арғын рулары Обаған мен Аман-Қарағай болыстарын 
қоныстанды.
Қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеологиялық қатынастарға 
түспейтін субэтникалық топтар да кіреді. Субэтникалық деген ұғым этностан 
аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық 
оқшаулығы сезілетін және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ 
есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. 
Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші 
фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер қазақ 
құрамында ақ сүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелерден сайланады. 
«ҚЖПМ» төрелер, олардың тұрақтары туралы мәліметтер де сақталынған. 
Мәселен, «Черняев пен Єулиеата уездерінің қиылысында Шу өзені бойындағы 
Бескепе деген жерде Жылыбұлақ болысының № 5/VIII ауылындағы 
тұрғындарды 45 шаңырақтан құралған Төрелер – қоқандықтарға тәуелді болған, 
қазақ ханы Қанхожа (Аблай ханның ұрпағы) ұрпақтары», делінген. Төре болған 
жерде төлеңгіттер міндетті түрде болды. Төлеңгіттер деп төре маңында 
жинақталатын, 
төренің 
қамқорлығындағы 
топты 
атайды. 
Қанхожа 
ұрпақтарының төлеңгіттері қазақтардан, қырғыздар мен қалмақтардан және 
әртүрлі рулардан құралғандығы туралы деректе айтылған. 
Атбасар уезіне арналған «ҚЖПМ» төлеңгіттердің шығу тегіне мүліктік 
қатынастар ешқандай әсер етпеді делінген. Олар өз руларынан ажырап қалып, 
даланың тәртібі бойынша өздерін қорғаштап, қол астына алатын хандарға 
қызметке кіріп, оны қорғаушысы мен жұмысшысына айналды. Төлеңгіт сөзі 
«төлеу» сөзінен шыққан, олар ханға қызмет еткені үшін егесі оны өз қол астына 
алып, қорғаған. Төлеңгіттер бір ханнан екіншіге еркін ауысып отырған. 
Олардың көбі өздерінің шығу тегін ұмытып, хандық билік жойылғаннан кейін 
де өздерін төлеңгіт деп атайды деп деректе көрсетілген. 
Қарқаралы уезіне арналған дерекке сүйенсек, онда «Султаны монгольскаго 
племени, а толенгуты представляють конгломерать отщепенцевь разныхь 
родовь и даже племень, составлявшій дружину султанов», - деп оларды 
Шұбартау болысындағы қалмақтар, татарлар, белгісіз басқа ру-тайпалардан 


93 
тұратын №65, 67, 36-38, 40, 41 және т.б. ауылдарда мекендеді деп көрсетеді. 
Қазақтың этникалық құрамына кіретін тағы бір субэтникалық топ – қожа 
Қожалар да төрелер сияқты қара қазақпен араласпайтын эндогамиялық топ. 
Қызды тек өз ішінде ғана алынады. Қыздарын қазаққа бермегенімен төрелер де 
қожалар да қазақтың қыздарын алып отырған, тек бірінші әйелдері өздерінің 
этнографиялық тобынан болуы шарт. Төрелер мен қожалар «ақ сүйек» немесе 
«асыл сүйек» саналған. Қожалардың қоныстанған аймағы туралы деректе: 
«Кроме того, по Чу и Таласу живуть несколько семей Ходжи, потомки, по 
однимь сведеніямь, сподвижниковь пророка, по другимь – благочестивыхь 
людей, наставлявшихь народь вь вере», - деп деректе оларды қарапайым 
қазақтар сыйлап, қожаларға түрлі сый-сияпат жасайтындығы, ал қожалардың 
өздері қара халықпен некелік қатынастар жасамайтындығымен және ақ шалма 
мен ашық түсті халаттар киюімен ерекшеленетіндігі баяндалған.
Ошақты болысындағы № ІХ ауылда үлкен мешіт салғызған Ирмұхаммед-
сеид-қожа Абдолла-сеид-қожаұлының хабарлауы бойынша: «Жергілікті 
қожалар Бұхарада өмір сүрген үш қасиетті адамдардан тараған: Аппақ-сеид-
қожа, Хафыз-сеид-қожа, Мағады-сеид-қожа. Оның біріншісінің ұрпақтары 
Єулиеата мен Черняев уездерін мекендесе, екіншісінің ұрпақтары Єму-Дарья 
бөлімшесінде, үшіншісі Перовскі мен Черняев уездерінде өмір сүрген», - 
делінген.
Қарқаралы уезіне арналған деректе қожалар туралы: «Кроме того, в уезде 
имеется небольшое число кожа, духовная сословие степей, считающихь себя 
потомками IV Халифа Али и потому отличающих себя от прочих племен», - деп 
қожалар негізінен уездің №76, 36-42, 133, 31, 32 ауылдарында тұрады деп 
көрсеткен. 
Деректе ақсақал сөзіне мынадай анықтама берілген: «Аксакалом, что 
значит белобородый, является почетный, уважаемый человек, имеющий вес при 
решении хозяйственных и иных вопросов», - делінген. Демек әрбір зерттеуге 
алынған ауылдар ақсақалдықтардан тұрды. Оларды басқарған ақсақалдар көпті 
көрген, халық арасында сыйлы да беделді, шаруашылық пен басқа да 
мәселелерді шешуде салмағы бар адам болған. Олардан зерттеушілер қазақ 
қоғамының ру-тайпалық құрылымын, шаруашылығы мен мал санын және т.б. 
анықтап алып отырған. 
Сонымен қатар, деректе осы уездердегі жалпы ¦лы, Орта, Кіші жүздердің 
саны туралы мәліметтер берілген.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей Єулиеата уезінде негізінен ¦лы жүздер 
7385, ал Черняев уезінде Кіші жүздер 1293 адам қоныстанған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет