75
қыстауларында қыстаған. Бұл мәліметтерден біз бірнеше географиялық
атаулармен қоса арғындардың орналасуын анықтадық.
Перовск уезіне арналған статистикалық деректің мәліметтері арғындардың
қоныстары мен қыстаулары туралы құнды мәліметтер береді. Мәселен,
Головачев болысында арғындар қыпшақтармен көршілес отырды. Олар
Шұқырқұдық, Бозшакөл, Мешіткөл қыстауларында, Ақшарал және Жамбас
арықтары бойындағы қыстауларда отырды.
Осы болыстың құрамындағы
арғындардың келесі ауылы Жанға арығы бойындағы Қойжасар, Ақкөл,
Тайтыққұм, Жалғызқұм, Шұқырқұдық қыстауларында, сонымен қатар Еске
арығы
бойындағы
Мешітқұм,
Құмтоған,
Есексоққан,
Жалғызқұм
қыстауларында отырды.
Наймандардың тарихына қатысты көптеген шежірелік еңбектер жарық
көруде. Алайда ғылыми жүйеленіп жазылғандар қатарына «Алаш» тарихи-
зерттеу орталығының 3 кітаптан тұратын Найман атты еңбегінің маңызы мен
құндылығы жоғары.
Наймандардың шежіресі мен тарихына қатысты зерттеу жүргізген
Є. Марғұлан 1930 ж. жарық көрген «Найманы» атты мақаласында осы руға
байланысты халық арасынан жинастырған мағлұматтарын қазақтың зиялы
азаматы М. Тынышпаевтың, Ф.А. Щербина экспедициясының материалдарымен
салыстыра талдаған. Автор Найман тайпасының шежіресін,
ру-тайпалық
жүйесін, қоныстануын зерттей отырып: «Между Щербинскими таблицами и
нашей записью особенного расхождения нет», - деп тұжырымдайды.
Орта жүздің Қыпшақ рулары да Сырдария облысында көптеп қоныстанған.
Олар негізінен Перовск уезінің шығыс бөлігіндегі болыстарда қоныстанды.
Мәселен, «ҚЖПМ» ауылдық кестелер бойынша Головачев болысында
қыпшақтар қыста Келдеу, Бел, Масабай, Еске, Жанға, Ақарық арықтары
бойында және Қызылша, Бестамақ, Жетікөл, Көктенкөл, Жарма, Тұрандыкөл
көлдері бойларында орналасқан. Гродеков болысын толығымен қыпшақтар
қоныстанған. Олар Шолақ арық,
Мылқұм арық, Тастоқ, Кебір арықтары мен
Сырдария өзенінің Көксу, Тоғызбайөзек, Дәуренөзек сағалары, Керкелмес
тоғаны, Иземберлі, Құмжарған, Баякеш, Нұртайкөл, Сасықкөл, Сұңқарлы
көлдері маңында мекендеген. Ал Жөлек болысындағы 16 қыпшақ ауылы, ал екі
қауымы Приречная
болысындағы Қырықжайың, Аққала, Кердері, Қарақұкөл,
Сарытұранғыз қыстауларында қыстады. Сонымен қатар Скобелев, Кентүб
болыстарында да қыпшақ рулары қоныстанған.
Шымкент уезіндегі қыпшақ рулары дерек мәліметтеріне сүйенсек,
Қошқарата, Шілік, Сырдария болыстарында және Шошқакөл, Тұмакөл көлдері
мен Бөген өзені бойы, Қыпшақбұлақ, Қамыстыбұлақ бастарында қоныстанып,
1907 ж. санақ бойынша 21 ауылды, 383 шаңырақты құраған.
Орта жүз құрамындағы Қоңырат руларына тоқталар болсақ, деректегі
ауылдық кестелер бойынша олар Сырдария облысы Перовск уезіндегі
Приречная болысында қыпшақ, найман, тарақты руларымен көршілес қонды.
Негізінен Сырдария өзені мен Ақұйық, өзені, Сарымбет арығы, Мешіткөл,
Отырлыкөл, бойындағы қыстауларда қыстаған.
Сонымен қатар Сауран
болысында Сыр өзені, Диірмен, Бесарық, Ақұйық, Талдысу, Қосүйеңкі өзендері
76
мен Теріс, ¤згент арықтарының бойында орналасты. Ал Жаңақорған
болысындағы қоңыраттар Сырдария өзені, Бұйра, Күлтөбе, Назар арықтары мен
Еркөл, Шоғырлыкөл, Ақши, Ақұйық, Жайылма өзені бойындағы қыстауларды
иеленді.
Көптеген деректер мен зерттеулер бойынша қоңырат рулары негізінен
Шымкент уезінде көптеп шоғырланған. Бұл мәліметтерді «ҚЖПМ» бойынша да
аңғару қиынға соқпайда. Ол бойынша қоңыраттар Қаратаудың оңтүстік-батыс
беткейі, Көккөл, Көксарай, Жартоғай, Талдыөзек көлдері, ‡штөбе, Жартөбе,
Хантақ, Алмалы, Арыс өзендерінің бойы мен Сырдарияға дейінгі алқаптарда
қоныстанды. Қоңыраттар Көкшеқұм, Ақтөбе, Шағатай, Хантақ, Ноғайқұрған,
Бүржар, Сарыкөл,
Байырқұм, Сырдария болыстарында 7577 шаңырақ, 478
шаруашылық ауылды құрап, мекендеген.
¦лы жүз руларының ішінде ең ірісі және саны жағынан ең көбі Дулаттарға
тоқталатын болсақ, ХІХ ғ. ортасы – ХХ ғ. басында көптеген зерттеушілердің
еңбектері бойынша дулаттар негізінен Сыр-Дария облысының Шымкент,
Єулиеата, Ташкент уездерінде, Жетісу облысының Қапал, Верный мен Пішпек
уездерінде қоныс тепті деп топшылауымызға болады. «ҚЖПМ» Сырдария
уезіне арналған томдары мен П. Румянцевтің жинаған Жетісу уездеріне
арналған дерек көздері бойынша дулаттардың мекендеген территорияларын
айқындауға болады.
Дулаттардың этникалық, яғни аталық құрамын тарихшы ғалым
Х. Арғынбаев ірі төрт ата: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс деп бөліп көрсеткен.
Сонымен қатар автор Шымкент уезінде дулаттардың 65 % құрайды деп, төрт
атасынан сиқымдар – 4570 шаңырақ, жаныстар – 3374, шымырлар – 3334,
ботбайлар – 274 шаңырақ болғанын атап өтеді.
«ҚЖПМ» мен орталық мұрағаттан табылған
шежірелерді салыстыра
талдау, бізге Сырдария облысында, яғни, Шымкент, Єулиеата уездерінде
негізінен ¦лы жүз тайпалары мекендегенін көруімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: