Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


, Буылтық құрттар тіршілік ортасы.құрылысы қозғалысы ішкі құрлысы



бет88/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

7, Буылтық құрттар тіршілік ортасы.құрылысы қозғалысы ішкі құрлысы
Буылтық құрттар (лат. Annelida) – омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен бір типі. Қазіргі уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер. Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар, ал белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер бар. Буылтық құрттардың денесі ұзын, бірнеше мм-ден 3 м-ге дейін, біркелкі бөлшектелген сегменттерден тұрады. Эпителий қабатының астында сақинатәрізді қиғаш бұлшық еттері орналасқан, солардың жиырылуы нәтижесінде құрттар қозғалады. Буылтық құрттарда екі жақты симметриялы, сегменттелген, ішкі сұйыққа толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол жұтқыншақ үсті ганглиядан және ұзынынан орналасқан құрсақ жүйке талшықтары тізбегінен тұрады. Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қанарттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай ағады) құралады. Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс алады. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, орта және аналь саңылауымен аяқталатын артқы ішектен құралады. Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір сегментінде орналасқан қос түтікшелер арқылы зәр шығару), кейбір түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе тармақталған каналдар арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі – гермафродитті, ішінде дара жыныстылары да бар. Төм. сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың дернәсілін – трохофера деп атайды. Буылтық құрттар теңізде, тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Олар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық құрттарға жататын Жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік медицинада қолданылады.[1][2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет