Əдістемелік ұсыныстар:
Айналмалы суды тұзсыздандыру үшін катионитті
жəне анионитті фильтрлерді қарастырамыз. Ион алмастыру қондырғысының
есебі ион алмастырғыш шайырлардың қажетті көлемін (катионитті жəне
анионитті), фильтрлердің регенерация санын, фильтрлердің регенерациясына
реагент шығынын анықтаудан тұрады. Анықтамалық материалдар арқылы ион
алмастырғыш фильтрлердің түрі таңдап алынады.
Ион алмасу əдісі ЖЭЦ-ке су дайындау процесінде кең қолданылады (қақты
болдырмау үшін, бу қазандары мен су құбырларының жұмыс істеуін ұзарту
үшін); су айналымы жүйесінде(су құбырларын балдырлар басып кетуімен
күресу мақсатымен). Ион алмасу ағынды суларды əртүрлі тұздардың,
металлдардың (мырыш, мыс, хром, никель, кадмий, сынап, ванадий, марганец
жəне тб.) қоспаларынан тазарту үшін де қолданылады. Əртүрлі бағалы
қоспаларды селективті бөліп алу үшін (алтын, сирек металлдар) жəне де
фосфордың, мышьяктың улы қосылыстарын, цианды қосылыстарды,
радиоактивті заттарды бөлу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |