48.Радиотелескоптардың құрылысын айтыңыз.
Радиотелескоп - ғарыштық нысандардан бөлініп шығатын дыбыстар мен импульстерді табақшасына жинау арқылы жұмыс істейді.
Ғарыштық телескоптар ғарыштық кеңістікте орналастырылады. Оның мүмкіншілігі көп. Себебі жер атмосферасы ғарыштық денелерді бақылауға кедергі жасамайды.
Атақты америка астрономы Э.П. Хабблдың телескопымен кез келген кішкентай нысандарды көруге болады. Мысалыға: 20 км қашықтықтан шыбынды анық көруге болады.
49. Өткен ғасырдың астрономдарының өлшеулерін сипаттаңыз.
50.Белгілі паралакс бойынша жұлдыздарға дейінгі қашықтықты есептеуді сипаттаңыз.
Жұлдыздың жылдық параллаксы р дегеніміз – аспан жұлдызынан орбита радиусные перпендикуляр бағытта Жер орбитасының орташа радиусы (а = 1 а.б.) көрінетін бұрыш. Жұлдызға дейінгі қашықтық неғұрлым аз болса, оның параллакс мәні де аз. Егер жұлдыз эклиптика полюстерінде орналасса, онда оның параллакстық ығысуы бір жыл ішінде кішкентай эллипс немесе шеңбер бойымен жүреді (271-сурет). Параллакс белгілі болғанда жұлдызға дейінгі қашықтық мына формуламен анықталады:
D=a/sinp ,
Мұндағы а – Жер орбитасының үлкен жарты өсі, D – жұлдызға дейінгі қашықтық. Кіші бұрыштарда р шамасы бұрыштық секундпен өрнектелсе, онда параллакс синусы мынаған тең: sinp=p/206235^''
бұдан, а = 1 а.б. деп алып, жұлдызға дейінгі қашықтықты табамыз: D=206235^''/pа.б.
51.Метеориттер анықтамасын айтыңыз.
Метеорит – планетааралық кеңістіктен жерге келіп түсетін метеорлық денелердің қалдықтары. Метеоридтар - әдетте, темір мен никельден тұратын шаң мен тастақтар бөліктері. Олар метеорлардың, астероид бөлшектерінің соқтығыстарынан, асқын жаңа жұлдыз жарылыстарының түзілуі немесе планеталардың құрылуы барысындағы қалдықтар болуы мүмкін. Кейбір метеориттер кометалардың тастақты ядроларынан да түзіле береді.Метеориттер темір, тас-темір және тас метеорит болып негізгі үш түрге бөлінеді.
52.Астрономияның пайда болуын айтыңыз
Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері: мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Сондай-ақ, ғаламшараралық , жұлдызаралық ортаны, пульсарларды, қара құрдымдарды, тұмандықтарды, галактикаларды, квазарларды және тағы да басқа ғарыш объекттерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |