Арманымыз тау асқан.
Көк аспанмен таласқан.
Лайланбасын тұнығы.
Тәуелсіздік тұғыры.
Жарқын өмір – ертеңі.
Бір ғажайып ертегі.
58
Елбасымыз Н.Назарбаевтың, қазіргі қазақ данышпандары мен ғұламалары
өрнектеген Тәуелсіздік туралы ой маржандарын иллюстрацияларды қарай
отырып, интерактивтік тақта арқылы музыкамен безендірілген диктордың
оқуында зейін қойып тыңдаңыздар.
Интерактивтік тақта арқылы «Тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдермен және
қанатты сөздермен жұмыс» жүргізіледі.
Тапсырма:а) тыңдау; б) оқу; в) жатқа жазу.
1-слайд
Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы -қаhарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!
Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау
жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.
Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік күресі!
2-слайд
Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан
ол қасиеттің тізгінінен айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып,
айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!
Тәуелсіздің
тынысы
тарылмайды,
тәуелдінің
тұншықпасы
айрылмайды.
59
Тәуелсіздер тойын
қуанышпен тойлайды, тәуелділер
қалай
азаттықты алуды ойлайды.
Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған
өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!
3-cлайд
Тәуекел – ердің қанаты.
Ел ағыны мен су ағыны – бір.
Ел ауырын ер көтереді.
Ел бақыты – әділдік.
Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ.
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Достарыңызбен бөлісу: