Халықаралық тiлдер - халықаралық қарым-қатынас үшін арнайы жасалған жоспарлы тілдер.Мұндай бейтарап тіл ұлттық тілдерге қарағанда қарым-қатынасқа жеңіл болады және этникалық белгілеріне қарамай ұлтаралық күмәнды сейілтеді деп сенеді. Халықаралық ұйымдарда, конференцияларда қолданғанда ол аудармаға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдейді. Барлығы 1000 аса халықаралық тілдер жобалары ұсынылды. Жоспарлы тілдер теориясын XVII ғасырдың өзінде Р. Декарт, Я. А. Коменский, Г. В. Лейбниц және өзгелері жасады. Бастапқыда мұндай тілдерді жасау мақсаты тіл егер қатаң логикалық принциптерге сүйенетін болса ("философиялық тілдер"), адам ойлау жүйесін жетілдіруге бағытталады деген пікір қалыптасты, алайда, XIX ғ. қарай мұндай талпыныстардан түк шықпады. Халықаралық тілдер не a priori (лексикасы менграмматикасы толықтай жоба авторымен жасалды) принципіне, не а posteriori (лексикасы мен грамматикалық принциптері осы күнгі ұлттық тілдерден алынды).
Достарыңызбен бөлісу: |