Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет19/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Апостериорлық тілдер, өз кезегінде, натуралистік болып келеді (түпнұсқа-тілдердің ережелерін бұлжытпай орындайды, мысалы,  Окцидентал мен Интерлингуадағыдай) немесе автономды (өзіндік ішкі ережелеріне ғана бағынады, мысалы, Эсперанто немесе Идо). Алайда бұл халықаралық тілдер жобасының ешқайсысы да XIX ғ. соңына дейін байланыс құралына айнала алған жоқ. 1880 ж. неміс католик діндары И.М. Шлейер волапюк тілінің жобасын жариялады (volapuk - ағылш. world speak - әлемдік тіл), ол аса танымал болып, әлемнің бірнеше елдерінен қолдау тапты. Бірақ тіл аралас априорлық-апостериорлық негізде құрылғандықтан, үйренуге өте қиын түсті, сондықтан 20 жылдан кейін волапюктік қозғалыстар толығымен құрыды. Бұдан кейін халықаралық тілдердің апостериорлық түрдегі жобалары ұсынылды, олардың ішінен бірнешеуі жүзеге асырылып, байқалды: Эсперанто (esperanto, 1887, Л. М. Заменгоф), Идиомнеутраль (Ideomneutural, 1893, В. Розенбергер), Латиносинефлексионе (Latino-sine-flexione, реформаланған латын, 1903, С. Реапо), Идо (Ido, реформаланған эсперанто, 1907-1908, L. de Beaufront және т.б.), Окциденталь (Occidental, 1922, Е. von vahl), Интерлингуа (Interlingua, 1951, A. Gode). Бұл тілдерден тек Эсперанто, Идо және Интерлингуа бірнеше ұрпақ бойына жалғасып келеді, соңғы екеуі - өте шектеулі қауымдастықтарда (шамамен 1000 адам), ал Интерлингуа көбіне ауызекі сөйлесу тілі емес, жазба тілі ретінде басым түсуде. Тәжірибе көрсеткеніндей, байланыс құралы ретінде тек апостериорлық автономды жоспарлы халықаралық тіл ғана өмір сүре алады. Эсперанто құрылымының лингвистикалық ерекшеліктерінің, мақсатты мәдени дамуының және ол тілде сөйлейтін қауымдастықтың идеялық ұйымшылығының арқасында (бірнеше миллион тіл үйренгендер мен әлемнің әр елінде миллионға жуық белсенді қолданатындар) дамыған тіл деңгейіне көтеріліп, ғаламдық ауқымда қолданылуға әзір.

Халықаралық тілдер – әртүрлі мемлекеттердегі халықтардың қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тілдер. Олар табиғи және жасанды тілдер болып бөлінеді. Халықаралық тілдер халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, БҰҰ, т.б.) арқылы заңдастырылып отырады. Мысалы, БҰҰ-дың ресми және жұмыс тілдері ретінде ағылшын, араб, испан, қытай, француз, орыс тілдері халықаралық тілдер деп танылды. Бұл тілдер «шет тілдері» ретінде әр елдің жалпы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілді.

Ал құпия тілдер кезбе саудагерлер, жалданып істейтін қолөнершілер, қайыршылар сияқты оңашаланған әлеуметтік топтар қолданатын жаргондардың дәстүрлі атауы, шартты тіл. Құпия тіл кейбір оңашаланған бірлестіктерге қатыстылықтың белгілері ретінде ұжымдық ойын болып табылады. Құпия тілде қолданылатын сөздер кейде басқа сөздермен ауыстырылады немесе буындарының орны өзгертіледі. Мысалы: тауар – шивар, полиция – лапица. Құпия тілдер оны қолданушы әлеуметтік топпен бірге жоғалады, оның жоғалуына әдеби тіл ықпал етеді.

«Өлі тілдер», «ым тілі», «априор тілдер», «аралас тілдер» ұғымдары:



Қолданудан шыққан, жазба ескерт­кіштер мен жазбалардан ғана белгілі тілдер өлі тілдер болып есептеледі. Тілдердің жойылуы байырғы жергілікті тұрғындары зорлықпен арнайы жеке аудандарға қоныстандырылған елдерде болады. Мұндай елдерде жергілікті тұрғындар қоғам өміріне араласу үшін сол елдің негізгі тіліне көшуі тиіс. Тілдердің жойы­лар алдындағы соңғы кезеңін жасы жеткен адамдар ғана сақтайды, кейін солардың өзімен бірге тілі де өледі. Ерте заманда тілдердің жойылуының басты себебі халықтарды қырып жою арқылы құрылған ұлы империялармен байланысты болған. Өлі тілдердің қолданудан қалғаннан кейін мыңдаған жылдар бойы сақталуы әдетте дінмен байланысты. Мысалы, Құдайға құлшылық ету үшін қолданылған Египет христиандарының копт тілі, католик шіркеулеріндегі латын тілі, моңғол ламаистерінің классикалық тибет тілі, көнеүнділік әдеби санскрит тілі өлі тілдер қатарына жатады.

Ым тілі  – байланыс жүйесі, ойды білдіру тәсілі дыбыстық тілдердегідей акустикалық емес, кинематикалық (ым, қимыл, ишара) негізге құрылған тілді білдіреді.

Априор тілдер – табиғи тілдерге тәуелсіз халықаралық жасанды тілдер. Бұл ұғымдардың логикалық тұрғыдан сараланып жіктелуіне немесе мағына мен оны білдіретін сөздің ерекше уәжді қатынасына негізделеді.

Аралас тілдер – лексикалық құрамы, морфологиялық және синтаксистік құрылымы бір негізден емес, әр тектен қалыптасқан тіл. Бұл құбылыс көбінесе өркениеттілігі неғұрлым төмен елдер мен жоғары елдердің өзара қарым-қатынасының күшеюі негізінде туады. Соның нәтижесінде алғашқысы соңғысының есебінен бірқатар тілдік элементтерді қабылдайды. Мысалы, индонезия тілінің құрамында санскрит, араб, еуропалық тілдерден; вьетнам тілінде – қытай тілінен, тхай, кхмер лексикасының көне қабаттарынан қабылданған сөздер мол кездеседі.

Бағдарламалық тіл – хабарларды есептеуіш машинаның көмегімен сұрыптайтын таңбалық тіл. Бағдарламалық тілде символдарды бірізділікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып қояды, мәтіндерді бұйрықты тапсырма деп қарауға болады


  1. Интерлингвистика тіл білімінің саласы ретінде зерттелу тарихы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет