Коммуникативтік құзіреттілік – бұл тілді қарым-қатынас кеңістігі ретінде түсініп, іс-əре- кеттің белгілі бір саласында қарым-қатынастың мақсаты мен жағдаятына сай үйреніп жатқан тіл құралдары арқылы сөйлеу əрекетін жасау қабілеті.
Тілдік құзіреттілік – тіл арнайы заңдылық- пен қызмет жасайтын жүйе деп түсініп, осы жүйенің көмегімен басқа адамның ойын ұғу жəне ауызша, жазбаша түрде өзіндік пайым- дауларын жеткізе білу қабілеті.
Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік – тіл халық мəдениетінің құрамдас бөлігі, мəдениетті тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықтың əдет-ғұрпын, этикетін, əлеуметтік стереотиптерін, тарихын, мəдениетін қоса меңгеріп, қарым-қатынас бары- сында оларды қолдана білу қабілеті.
«Құзіреттілік» - бір нәрседен хабардар болу, белгілі- бір іс-әрекетте білімнің, тәжірбиенің таныс болудың біршама дәрежесі, тұлғаның қасиеті.
Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік білу барысында қалыптасқан білімнің, дағдының, іскерліктің жиынтығы деген мағынада қолданатын құзіреттілікті қалыптастыру ісінің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Әлемдік тілдік оқыту әдістемесіне қатысты материалдарда құзіреттіліктің мынадай түрлері көрсетіледі.
Жалпы құзіреттілік және коммуникативтік тілдік құзіреттіліктер
Достарыңызбен бөлісу: |