Жалпы құзіреттілікке жататындар:
1. оқуға қабілеттілік
2. экзистенцияға құзіреттілік (existential competence)
3. декларативтік құзіреттілік (declarative competence)
4. іскерліктер мен дағдылар (skill and know – how)
Коммуникативтік тілдік біліктіліктерге жататындар :
1. лингвистикалық компоненттер (linguistic competence - lexical , phonological – syntactical knowledge and skill ).
2. әлеуметтік лингвистикалық компоненттер (sociolinguistic component)
3. прагматикалық компоненттер (pragmatic component knowledge
жатады.
Құзіреттілік мәселесі Д.Хаймс, Р.Уайт, Д.Ж.Равен, И.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Г.Э.Белицкий, А.В.Хуторский сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда құзіреттілікке негізделген білім беру мәселесі (competence based education) Америкада тіл теориясына қатысты Н.Хомскийдің зерттеулерінде шынайы айқындалды. Мысалы, ол «құзіреттілікті» тілді шынайы жағдайларда (perfomance) игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолданды, Д.Хаймс кез-келген тілді жетік үйрену грамматикалық және лексикалық іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әртүрлі жағдайларда қолдануға қажетті құзіреттілікті қалыптастырумен тығыз байланысты екенін дәлелдеді, соған сәйкес ғылымға «коммуникативтік құзіреттілік» терминін енгізеді. Ал коммуникативтік құзіреттілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайында аса қажет болатын бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді.
Тілдік құзіреттілік (тілдің графикалық, орфографикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары).
· сөздік құзіреттілік (сөйлеу,жазу,тыңдау және оқу).
· әлеуметтік - мәдени құзіреттілік (сол тілде сөйлейтін халықтардың
әлеуметтік - мәдени портреті).
· компенсаторлық құзіреттілік.
· оқу танымдық құзіреттілік (жалпы және арнайы іскерліктер),
· лингвомәдени құзіретілік
· кәсіби құзіреттілік
Ал А.Н. Шукин коммуникативтік құзіреттілікті әдістемелік тұрғыдан төмендегідей негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.
1) Лингвистикалық құзіреттілік
2) Стратегиялық құзіреттілік
3) Әлеуметтік құзіреттілік
4) Әлеуметтік - мәдени құзіреттілік
5) Дискурстық құзіреттілік.
Тілді меңгеру, сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір дәрежеде тілдік қатынасқа қол жеткізу қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді білдіреді. Жеделдете оқытуда тілдік тұлғаның бойында қалыптасатын қатысымдық құзыреттілік жүйесі тіл үйренушінің тілдік бірліктерді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігін көрсететін лингвистикалық құзыреттілік; қазіргі қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алу, әлеуметтік жауапкершілік қабілеті ретінде көрініс табатын әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік; әлеуметтік ахуалды бағдарлап, адамдармен тең дәрежелі қатынас тәсілдерін жүзеге асыра білу мүмкіндіктерін білдіретін әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік; кәсіби терминдерді меңгеріп, іс қағаздарымен жұмыс істей алу қабілеттерін көрсететін кәсіби құзіреттілік; сөйлеудің табиғилығын, қатысымдық қуатын сақтай отырып, эмоцияны жеткізе алу мүмкіндігін көрсететін эмоциялық құзыреттілік; қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына құрметпен қарауынан көрінетін зияткерлік құзыреттілік; тілдік тұлғаның әлемнің тілдік моделінің көрінісі болып табылатын мәдени құзыреттілік; ақпараттық білім алу ортасында табысты қызмет ету мүмкіндігін көрсететін ақпараттық құзыреттілік; айтылымның паралингвистикалық белгілеріне назар аударып, тілдік және тілдік емес факторларды ұштастыра қолдану мүмкіндігін білдіретін дискурстық құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырылды.
Паралингвистика теориясы мен зерттелуі
Паралингвистика ғылыми тұрғыдан ХХ ғасырдың 60-жылдарында дами бастады. Бұл тіл білімінің тілді тек құрылымдық-жүйелік жақтан қарап қоймай, басқа да қырларын зерттеу қажеттігінен туындады. «Паралингвистика» ұғымын американдық лингвист А.Хилл 1940-жылдардың аяғында енгізді, алайда Н.В.Юшманова 1930-жылдардың өзінде-ақ бұл ұғым жайында айтып өткен болатын. Бұған ғалымның «Экстранормальная фонетика» еңбегі дəлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |