Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі педагогикалық қызметті орындауға дайындық ретінде



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі27,34 Kb.
#83469
  1   2
Байланысты:
Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы
Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы

Қазіргі уақытта мектепте шетел тілін оқыту мәселесі өзекті болып табылады. Дәстүр бойынша, педагогикалық қызметтің жетістігі педагогиканың білімі, оның тақырыбы және оның әдіснамасына иелік етуіне байланысты деп саналады. Соңғы онжылдықта психологтар табыстың бір бөлігі мұғалімнің сыныпта өзара түсіністік, сенім, қарым-қатынас жасау, даму, шығармашылық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігіне байланысты екенін дәлелдеді. 
Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі педагогикалық қызметті орындауға дайындық ретінде. Кәсіби педагогикалық қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. Біздің зерттеуімізде студенттерді-болашақ шетел тілі мұғалімдерін – кәсіби дайындау өзіне студенттердің жалпы және арнайы білімдерді игеруді және оларды тәжірибеде қолдануды, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға тура келетін танымдық, тәжірибелік сипаттағы кәсіби міндеттерді табысты орындау үшін біліктер мен дағдыларды игеруді, болашақ лингвист үшін маңызды кәсіби қасиеттерінің қалыптасуын қосады.
Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: білім дәрежесі; озық әдістемені меңгеруі; мақсат-бағыттылығы; ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.
Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен əдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Демек, жаңаша білім беру — жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нəтижесінде елеулі мəселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Жоғары оқу орындарында маман даярлау үдерісінде шетел тілінің пəн ретінде қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне жалпы мəдени алға басуында қозғаушы фактор болып табылады. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пəн ретінде оқытудың дəрежесін жоғарылатады. Қоғамдық құрылыстың барлық құрылымдары дамушы жүйе ретінде қарастырылғандықтан, олардың құраушыларының өзара байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске сəйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сəйкес жалпы орта білім беретін мекемелердің басты міндеттері тек жоғары дəрежелі, сапалы білім беру ғана емес, сондай-ақ ұлттық жəне əлемдік мəдениетке сай тəрбиеленген, еркін əрі қажырлы іс-əрекет ететін, жан-жақты ойлай алатын тұлға қалыптастыру болып табылады.
Тіл адамның өзін қоршаған əлемде дұрыс бағыт-бағдар тауып, əлеуметтік тəжірибелер жинақтап, оны басқаға үйретуіне, өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алуына мүмкіндік береді. Тілді меңгеру əркімнің жеке басына, мамандығына, əлеуметтік жағдайына қажет болуымен қатар, оның өз ана тілімен бірге кең ауқымды іс-əрекет етуіне жол ашады, жағдай жасайды. Мұндай жағдайда шетел тілдерін үйрету адамға оның өзінін жеке бас тəжірибесінен тыс жатқан мəдениетіне жол ашып, түрлі мəдениеттерінің өзара байи түсуіне себеп болады.
Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілдерін үйретуге көп көңіл бөлуде. Əсіресе балалар өз ана тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар.
Қазіргі ақпарат ағынының ауқымды кезеңі, əлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер білім беру жүйесіне де өзіндік ықпал етуде. Білім берудің жоғары деңгейін үнемі өзгеріп жатқан кезеңде оны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жарық көргені баршаға аян.
Білім беру жүйесінің құрылымдық элементтерінің барлығында білім деңгейін көтеру, оқытуды өмірмен ұштастыру жоғары сыныптарда жастарды өмірге даярлау мəселесі кең көлемде қарастырылуда [1].
Білім берудегі өзгерістерге жас ұрпақтың үш тілді (қазақ, орыс жəне шетел тілін) оқып үйренудің көрсетілуін жатқызуға болады. Тілдерді оқу «Білім туралы» заңның 5-бабында («Оқыту жəне тəрбиелеу тілі»): «...қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін жəне бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс», — деп көрсетілген.
Осы жөнінде «Тілдік қарым-қатынас-мəдениет айнасы» тақырыбындағы мақаласында Ж.Күлекеев тілдерді оқытудағы кемшіліктерді айта келе, шет тілі туралы: «Қазақстандық жас ұрпақтың білуі міндетті, үшінші тіл — шетел тілі. Өкініштісі, біздің мектеп бітірушілер шетел тілінде еркін сөйлей алмайды», — деп шетел тілін игерудегі минимум деңгейдің тілдік қарым-қатынасқа сəйкес болуы туралы айтқанымен келісуге болады [2].
Тілдерді оқыту жөнінде баспа беттерінде де аз айтылып, кем пікірталастар ұйымдастырылып жатқан жоқ. Сонымен қатар үлгі боларлық оқу процесін ұйымдастыру туралы да айтуымыз қажет.
Шетел тілі мұғалімі бірнеше елдің тілін меңгерген жəне өз елінің азаматы мен жоғарғы моральді адам болуы тиіс. Ол шетел тілінде сөйлеу, оқу, жазу, өзін-өзі сабақ үстінде ұстау жағынан оқушыларға үлгі болуға міндетті.
Мұғалім лингвистикалық білім мен мəдениет жайлы ғылымдар саласындағы жаңалықтарды өз практикасында қолдану арқылы сабақ сапасын артыруға күш салады. Техникалық құралдарды, түрлі көрнекіліктерді жетік меңгере отырып, оларды күнделікті жұмысында шебер пайдаланады.
Əрине, шетел тілдерін тек арнайы пəнмен ғана шектеу нəтиже беруі қиын. Сондықтан да сыныптан тыс оқушылардың шұғылданыстарында да қолданыс тапқаны дұрыс деп білеміз. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының да шетел тіліне деген қызығушылықтарын оянғанын практикадан көруге болады. Оның ішінде ағылшын тіліне. Жоғары оқу орындарында да конкурстық өтпелі балдың шетел тілдері мамандары мен шетел тілдерін оқытатын мұғалімдерді даярлайтын мамандықтар үшін де жоғары болғаны, шетел тілдерін оқытудың алға басқанын көруге болады. Мұғалім оқушымен оқу процесін ұйымдастырады, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады. Сондықтан да бұл мұғалім еңбегінің нəтижелі болуының кепілі.
Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, шетел тілдерін оқытатын мұғалімдерді даярлайтын педагогикалық жоғары оқумен дамытылады.
Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог-мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дəрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.
Қабілет түрлері шетел тілін оқытатын мұғалімдер үшін маңызы жоғары. Мəселен, дидактикалық қабілет — мұғалімнің оқушыға шетел тілі бойынша оқу материалын жеткізуді оқушының білім дəрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білуді, өз пəніне қызығушылығын арттыруды, таным белсенділігі мен ойын дамытуды жүзеге асырады. Ал, академиялық қабілет - мұғалімнің пəн саласы (шетел тілдері) бойынша білімінің болуын, мұғалімнің шетел тілдері бойынша ғылыми жұмыстармен шұғылдануын, яғни өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүрізуін талап етеді. Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті шетел тілі оқытатын пəн мұғалімі үшін өте қажет.
«Шығармашылық қабілет» ұғымы жалпы «қабілеттілік» ұғымынан оның дербес біртектес бір түрін — шығармашылық қабілетті іріктеу үдерісінде «шығармашылық» пен «қабілет» ұғымдарын синтездеу нəтижесінде құрылады.
Шетел тілінде мұғалім өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білу керек. Пəн мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті оқушыларды сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды əзірлеуді, ұжымды дұрыс басқаруды орынды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Шетел тілдерін оқытатын пəн мұғалімі үшін коммуникативті қабілеттің орны ерекше. Аталмыш қабілет оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білуді, оқушылармен қарым-қатынас жасауды педагогикалық əдептілік тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шетел тілін оқытатын мұғалім үшін зерттеушілік іскерлік қажет етіледі. Ол бойынша пəн мұғалімінің даярлығы жоғары оқу орындарында қалыптастырылады. Аталмыш қабілеттің негізінде шетел тілін оқытатын мектеп мұғалімі əрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау жəне эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тəжірибені де өзінің тəжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды жəне мектеп өміріне ендіруді жүзеге асыра алады.
Мектептегі пəн мұғалімдеріне тəн білім мен іскерліктерден басқа шетел тілі пəн мұғалімдері педагогикалық-кəсіптік қасиеттерге ие болуы тиіс. Оған жататындар: баланы жақсы көруі, педагогикалық еңбекке қызығуы, психологиялық-педагогикалық сезгіштігі, байқағыштығы, əділдігі, талап қоя білушілігі, табандылығы, ұстамдылығы, өзін-өзі басқара білуі, қайырымдылығы.
Шетел тілдерін мектепке оқытуды міндетті етіп қою, заман талабынан, объективтік себептерден туындап отырғанын көреміз. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында сала бойынша пəн мұғалімдерін даярлаудың сапасын жетілдіруді талап етеді.
Педагогикалық əдебиеттерде мұғалім еңбегінің ерекшеліктері анықталады. Мұғалім еңбегінің объектісі жансыз дүние емес, құрал-жабдық өндірісі де емес, өте күрделі, қарама-қайшылықты əрі нəзік тірі организм, жас ұрпақтың рухани дүниесі болып табылады. Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің бары — оның еңбегінің нəтижелі болуының кепілі.
Қазіргі таңда мектептің барлық пəн мұғалімдеріне талап күшеюде. Жаңа формация мұғалімдеріне төмендегідей талаптарды қойылып тұр: кəсіптік іс-əрекеттің жаңа əдіснамасын жəне технологиясын игеру; демократиялық идеаларды тасымалдаушы ретінде педагогтың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру; жаңа талаптар жағдайында (оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мен білімі) оқытуға жəне ұдайы өзіндік білім алумен шұғылдануға даярлығын қалыптастыру; өзіндік жəне жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті педагогтік жеке тұлғаны қалыптастыру — деп, атап көрсетеді [3].
Педагогика саласындағы ғалымдар атап көрсеткен педагогтың жеке тұлғалық кəсіптік сапасы шетел тілі пəні мұғалімдері үшін де ортақ болып табылады. Олар: кəсіптік бағыттылық (қызығушылық, принциптік, əділдік, көпшілдік, талап етушілік, кəсіптік жұмысқа қабілеттілік, іскерлік т.б.); тəртіптілік (орындаушылық, еңбектік, кəсіптік); кəсіптік құзыреттілік (кəсіптік қабілет деңгейі, негізгі білімі, іскерліктің қалыптасу деңгейі); танымдық бағыттылығы: ғылыми эрудициясы; рухани; интеллектуалды белсенділігі.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында «Шетел тілі» мамандығы бойынша бітірушілерді даярлау деңгейіне арнайы пəндер бойынша қойылатын талаптар мыналар: негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі тікелей қарым-қатынас, магниттік таспаларға жазылған сөздерді лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғынуды, тақырып бойынша өткен материалдарды, суреттер мен диафильмдерді мазмұнды түсіндіруге, мəтіндерді түсініп, қайта жаңғыртып айтуды, сөйлеу қарым-қатынасында, сөйлеу этикасының негізгі формулаларын білу жəне дұрыс қолдана алу, сұрақтан, жауаптан немесе хабар жəне сұрақтан тұратын репликаларды, диалогтарды қолдана алуды, таныс қарым-қатынас тақырыбындағы жағдайларға диалог жүргізе білу, болашақ мамандық тақырыбына байланысты əңгіме құруды, ауызша жəне жазбаша формада берілген ақпараттарды жоспарға мəлімдеме жасау, берілген тақырыпқа баяндама жасау, шетел тілінде дыбыстаудың артикуляция базасын, грамматика білімін оқыту үрдісінде коммуникативті мақсатқа пайдалануға, оқылатын тілдің өмірде қолданысын оқушылардың жалпы лингвистикалық дамуы мен эволюциясын түсіндіруге оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, жаңашылдығын жандандыруды пайдалана білу т.б. Осы талаптарды жəне оқытудың мақсаттарын қатерге ала отырып, əдістемедегі ең үздік, алдыңғы қатарлы бағыт деп коммуникативті бағытты айтамыз. Бұл дегеніміз - оқушылардың шетел тілінен қалыптастырылатын білік, дағдысымен бірге, қатар жүріп отыруы тиіс деген сөз.
Берілетін білім мазмұнын жаңалауда жаңа амалдар, стандарттар, оқу бағдарламалары мен əдістемелік құралдар, тағы басқа даярлау барысында мынадай кезеңдерді ескеруіміз қажет: қоғам мен жеке тұлғаның əлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен əлемдегі үрдістер ауқымындағы нақты қажеттіліктерін анықтау; жалпы проблемалар мен білім беру жүйесінің жағдайын талдау; жаңа мақсаттар қою; мектеп компонентін ескере отырып, білім мазмұнын сұрыптап алу; материалдарды оқуды ұйымдастыруда жаңа тəсілдерді белгілеу; оқушының автономдылығын арттыра отырып, мұғалім мен оқушының алар орнын нақтылау; бақылау жұмыстарының жаңа мазмұны мен түрін дайындау.
Сондай-ақ білім мазмұнын жаңалауда ұстаз үшін мынадай базалық қарама-қайшылықтарды шешудің жолдарын іздеу қажеттілігі туындайды: жалпы мен жалқының арақатынасы; ұлттық салт- дəстүрлер мен заман талабына сай əлемдік көріністер; ақпарат хабарлардың өсуі мен оны меңгеру қабілеті.
Мұғалімнің іс-əрекеттік құрылымы оның негізгі атқаруға тиіс қызметтері: конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік (қарым-қатынастық), ақпараттық, дамытушылық, бағдарлық, мобилизациялық, ізденушілік, техникалық, т.с.с. анықталса, жеке тұлғалық сипаттағы, оның білімдеріне: идеологиялық, социологиялық, өнегелік, психологиялық, педагогикалық, жаратылыстану ғылымы, техника-технологиялық, экономикалық, демографиялық, құқықтық, эстетикалық, жалпы мəдени, ұйымдастырушылық салалар қатысты; біліктіліктері мен дағдыларына: интеллектуалдық (талдау, жинақтау, салыстыру, топтау, жүйелеу т.б.), педагогикалық, жалпы кəсіптік (еңбектік) іс-əрекеттері қатысты болып табылады [4].
Бұрын шетел тілінен білім беруге баса көңіл бөлінсе, қазіргі кезде алған білімін өмірде іс жүзінде қолдана алу, пайдалануға қажетті білік пен дағдыларсыз жалаң білім алып, білу ғана жеткіліксіз екендігіне баса назар аударылуда. Жеке тұлғаның мəнді іс-əрекетті процесін ескере отырып, білім беру көзделуде.
Шетел тілінен мектеп қабырғасында білім беру мен білікті ғана емес, оқушының күнделікті өмірде керекті, қоғамдық ортада керек болатын біліктігін қалыптастыру - тіл үйретудің мақсатына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет