Дистрибутивті талдау тәсілдері.Субститутция – семантикалық класты анықтау мақсатында актанттардың орнын ауыстыру. Мысалы, Бала кітап оқып отыр. Сол жақтағы актант: бала, қыз, студент, жұмысшы = адам. Оң жақтағы актант: оқу, ашу, алу = қимыл. Бала кітап оқып отыр деген сөйлемнің орнына Студент кітапты алып жатыр деп ауыстыруға болады. Дистрибутивті кеңейту (развертывание) тәсілі. Бұл тәсіл сөздің мағынасын анықтау мақсатында конструкция ішіндегі элементтер санын ұлғайту үшін қолданылады.
Салыстырыңыз: сұр пальто, сұр күн, сұр адам т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |