Синтаксистік жүйе (граматикалық синтагматика) екі жүйе бөлігінен тұрады: ядролық (орталық) және туынды.
Орталық синтаксистік жүйе бөлігі міндетті және факультативті (қосалқы) актанттардан тұратын орталық (ядролық) сөйлемдерден тұрады.
Туынды синтаксистік жүйе бөлігі – бұл орталық жүйе Баланың кітабы бар.
Трансформация (лат. transformatio – өзгеру, ауысу) – орталық конструкциядан
«ішкі» аудару арқылы, яғни бір мағына беру үшін әр түрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы туынды конструкция жасау.
Трансформ – бұл орталық конструкциядан жасалған әрбір жеке конструкция.
Мысалы: салыстырыңыз:
Баланың кітабы бар.
Кітап баланыкі. Кітаптың иесі бала. Баланың кітабы.
Кітап балаға тиесілі. Балаға тиесілі кітап.
Бұл жерде 5 трансформ берілген. Бірақ оның барлығы сөйлем болып табылмайды. Оның кейбірі сөз тіркестері, бірақ та оларды біріктіріп тұрған жалпы мағына – пропозиция.
Пропозиция – бір сөз тіркесінің немесе сөйлемнің, немесе бірнеше сөз тіркестері мен сөйлемдердің негізінде жатқан ортақ мағына; сөйлемнен туындайтын конструкцияларға ортақ семантикалық инвариант. Мысалы: әжем жіп иіріп отыр, әжемнің иірген жібі т. с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |