Тыныс алу жаттығуы а н. стрельникова



бет5/7
Дата14.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#126974
1   2   3   4   5   6   7

«Қадамдар»жаттығуы

Бастапқы қалып –түзу тұру, қолды түсіру. Оң аяқты сәл көтеріп, тізеңізді бүгіп, жүрелеп отырыңыз - дем алыңыз. Осыдан кейін жоғары көтерілген оң аяқты еденге түсіресіз, түзу тұрасыз. Бұл ретте мұрын немесе ауыз арқылы баяу дем шығарылады. Кейін дәл осы қимылды сол аяқпен қайталау керек. Бұл жаттығудың Рок-н-ролл биіне аздап ұқсастығы бар. 8 рет дем алу қозғалысынан кейін - үзіліс.

«Допты үрлейміз» жаттығуы

  • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру, аяқ иық деңгейінде, өкше бірге. Одан соң азғана иілу, қолды босаңсыту, алға созып салбырату, иықты айналдыру, басты төмен түсіріп, бұлшықеттерді босаңсыту және бір мезетте мұрын арқылы жедел және қарқынды дем алу, содан соң бастапқы қалыпқа оралып, сол мезетте ауыз арқылы баяу дем шығару қажет.
  • Кейінгі жаттығуларда дененің жоғарғы бөлігі бұлшықеттерін босаңсыта отырып, дауыстай, белсенді дем алып, бастапқы қалыпқа оралу, түзелу, басты жоғары көтеріп, иықты түзелту, қолды дене бойымен төмен түсіру. Бұл жаттығуды орындау үшін демді ішке тарту кезінде қандай да бір кеселінізді бойыңыздан қуып жатқандай күшпен және жедел түрде іске асыру қажет.
  • Аталмыш жаттығудың тәсілін толықтай меңгеру үшін қиял мен ойңа берілу керек сияқты. Өзімізді резеңке допты үрлейін деп жатқандай күйде сезіну қажет. Бұл кезде допты бойымыздан арылту керек ауру деп санасақ та болады. Бәрімізге белгілі, допты артық күш сала үретін болсақ, ол жарылып қалуы мүмкін. Сондықтан да, әр ішке дем алуды «допты» жарып жіберерліктей күшпен жасауға болмайды. Демді ішке тартып, ауруыңызды бойыңыздан қуарлықтай демді сыртқа мұқият шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет