Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне арналған қазақ ғалымдарының оқулықтары мен оқу құралдарын саралаңыз.
Нақты жауап жоқ, мәлімет те табылмады. А.Қыраубаеваның «Ежелгі дәуір әдебиеті», Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітаптарын айтуға болады
Әдебиет теориясының зерттеу салаларын сипаттаңыз.
Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса,
екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |