Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы ғалымдар пікірін талдаңыз



бет52/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

30. Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы ғалымдар пікірін талдаңыз.


31. Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз.
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз.
Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.
Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал­пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо­лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланыс­ты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа­ды. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейне­леу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әде­биетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет