Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Абайдың ақын шәкірттері еңбектеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз



бет59/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

36. Абайдың ақын шәкірттері еңбектеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі және жаңашылдық. Ақындыққа көтерілу жолында өз ауылының, өлкесінің əдебиет өкілдерінен құнар жинасып, толысып, кемеліне келген шақта да алдымен өз айналасына рухани нəрін сепкен ақын - Абай. Сол себепті де Абайдың əдеби ортасы туралы сөздің бісмиллəсі оның айналасынан басталуы заңды. Абай Құнанбайұлы Ертіс бойындағы Семей шаһары мен Шыңғыстау аралығында ғұмыр кешті. Ес біліп, ақыл тоқтатқан шаққа дейін өлең-сөздің, ақындықтың əліппесін Абай өз əулетінен, маңайындағы үлкенді-кішілі ақындар мен би-шешендерден үйренді. Демек,қазақ əдебиетіндегі кеңінен қанат жайған Абай дəстүрінің бұлақ көзі алдымен осы ақын айналасына шоғырланған ақындардан бастау алады. Ал, Абайдың əдебиеттегі дəстүрі қазақ даласында кеңінен сипат алды. Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашылдық үлкен дəстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын əсіре шешендікпен, əсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, əлеуметтік мəнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз əдебиетінің дəстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мысалы, «Көлеңке басын ұзартып өлеңінде» «Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа айтқан ой» дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін адасқан күшікке балайды. Қазақ өлеңіне тамаша реформа жасаған ақын - Абай. Б.Кенжебаевтың анықтауы бойынша, Абай өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша, өзінше қиыстырды. Бірақ ол өзінің осы реформасы арқылы қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын өзгертті ме? Жоқ, өзгерткен жоқ. Қазақ өлеңінің шумағын, ұйқасын ғана емес, буынын да түрлендіре тұра, осының бəрін оның табиғи топырағынан өсіріп шығарды. Абайдың шын мəніндегі жаңа пішін етіп қалыптастырған өлең өлшемдерінің бір алуаны түптеп келгенде өзге емес, өз əдебиетімізде- қазақ фольклорында- қазақтың байырғы мақалдары мен мəтелдерінде жұмбақтары мен шешендік сөздерінде, жырлары мен толғауларында жатыр. Сөзіміз жалаң болмас үшін, бірнеше мысал келтіріп өтейік: Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң... (Абай) Апан-апан, Ескі шапан ... (Фольклор) Алыстан сермеп, Жүректен тербеп... (Абай) Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен... (Фольклор) Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы... (Абай) Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат... (Фольклор) Қамықты көңіл, Қайтсе болар жеңіл? (Абай) Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас. (Фольклор) Бұл мысалдар, біріншіден, Абайға дейінгі қазақ өлеңінің өлшемі екі-ақ түрлі (жеті буынды жыр мен он бір буынды қара өлең ғана) деген тұжырымның ұшқарылығын танытса, екіншіден, Абай жаңашылдығының ең елеулі сипаты өзіне дейінгі игі дəстүрлерді заңды жалғастыра келіп, жаңа өріске алып шығуында екенін аңғартады. Абай өзінің мазмұн жағынан да, пішін жағынан да жаңа поэзиясының түп тамырын алдымен туған топырағына терең бойлата сіңіріп жіберген де, бейнелеп айтсақ, жаңа үнмен жамыраған жасыл жапырақтарын содан соң барып жайқалтқан. Абай жаңашылдығының табиғилығы мен ғұмырлылығы осында жатыр. Қазақ өлеңіне бұрын-соңды буын өлшемі жөнінен қосылған жаңалықтарға осы тұрғыдан қараған орынды. Жалпы дəстүр, оның ішінде поэзиядағы дəстүр де дамиды, өзгереді, өседі, жаңарады. Бірақ, бұл үшін көбінесе халықтың тіршілігінде, өмірінде, санасында, көркемдік дүниетанымында жаңа бетбұрыс, үрдіс даму болуы қажет. Абай дəстүрі деген тақырып өте кең ауқымды əрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дəстүрінің Шəкəрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Əбдіғазиевтің пікірін негізге алсақ: Абай дəстүрі - қазақ əдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна, - дейді. Қазақ əдебиеті тарихында Абайдың əдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері - Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға қазақтың бас ақыны деп, ал Мағжан Жұмабаев хакім ақын деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров ақындар пайғамбары деп лайықты бағаларын берген болатын. Қазақ əдебиеттану ғылымында Абай дəстүрі көп зерттелді. зерттеліп жатыр. Ежелден күрмеуі қиын, алып тынысты, кең ауқымды сала болғандықтан, зерттеуін жалғастыра береді деген ойдамыз. Абай дəстүрі туралы М. Əуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, Қ. Мұхамедханұлы, Ы. Мұстамбаев, Ə. Жиреншин, З. Ахметов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кəкішев, М. Мырзахметұлы, Ж. Ысмағұлов, Б. Əбдіғазиев т.б. ғалымдар əр қырынан зерттеп, ақын салған сара жолдың кейінгі қазақ əдебиетінің дамуына, əдеби үрдістің жалғасуына тигізген игі ықпалын көрсетті. Абай дəстүрінің кейінгі поэзияға əсері жөнінде арнайы монография жазып зерттеген ғалым А.Нұрқатов өзінің Абайдың ақындық дəстүрі атты еңбегінде: Шын мəнісінде халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қайқайсысы да дəуір талабын батыл сезіну мен сол жайында толғануды, алға жəне алысқа көз тігуді Абайдан үйренді. Сөйтіп олар Абай дəстүрін дамыта отырып, оның поэзиялық халықтығын, өзекті принциптерін дəуір талабына сай өрбіте, тереңдете түсті, қазақ əдебиетін онан əрі өсірді, оны жаңа тақырыптармен байытып молықтырды, сол заманда өмір ағысы алға тартқан күрделі мəселелерді қозғай да, шеше де білді,-дейді. Сыншылдық, сынай отырып өнеге айту дәстүрі Абайға дейінгі дәуірде, арысы жыраулар поэзиясында, берісі Дулат пен Шортанбай замандарында молынан көрінгені мәлім. Алайда, қоғамдық қарым-қатынастардағы келеңсіздіктерді сынау, жеке адам болмысындағы кемшіліктерді мінеу, олардан қорытынды шығара отырып, игі, ізгі, иманды қасиеттерге қарай бейімдеу, бағыттау қазақ әдебиетінде Абай шығармашылығында толымды сипатқа айналғандығы мәлім. Абайға дейінгі ақындық поэзияда әлеуметтік сында пессимистік сарынның қабаты қалың келіп, ол заман ақындары қоғамдағы келеңсіздіктерді көбінесе ел басқарған адамдардың жағымсыз типтерін көрсету арқылы бейнелейтін.
Мысалы:
Хан кеткен соң, халықтан қақпа ашылды,

Қақпа ашылса, табанға хан басылды.


Батыр кетті – қорғанның құлағаны,
Қақпасы жоқ, қорған жоқ – ел шашылды.
Жуан қамшы қол бастар көсем болды,
Елермелі екіесті шешен болды.
Би кетті малдылардың айтағында,
«Бәленді мұқатып бер» десең болды. Бұл саладағы Абайдың жаңашылдығы өлеңде суреттелген жағдаяттарға терең субъективтілікпен келе отырып, әлеуметтік қатынастарды талдауға барды. Сондықтан да Абайдың сынында әлеуметтік талдау, адамның мінезін тану, мәселенің себебін ашу жағы басым тұратын. Кемеңгер ойшыл суреткер сынай отырып, ақыл айтатын, оның бұл ақылы жайдақ пікірден ада, терең ойға құрылған пәлсапалық ойлар еді. Сол себепті де Абайдың әлеуметтік сынының астарында үлкен ой, ірі қорытындылар жататын.

Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.



Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім жаңашылдығы - шығармаларында лирикалық тақырыпты қамту ауқымының өте кең болуы. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.
Дегенмен де, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Осылайша Абай шығармашылығымен үндеседі.
Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесе келе Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Шәкәрімнің Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырудағы бір жемісті қыры - оның эстетикалық мәселелер, дәлірек айтқанда, ақындық өнер, өлеңсөз құдіреті жайындағы пайымдаулары. Бұл тұста ол Абай салған сокпақты, тамаша әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алып қана қойған жоқ, өлең әлемінде, сөз патшалығында өзіндік қолын, өз бағытын табуға ден қойды. Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі ішкі үйлесім, ғажайып үндестік, сырлы бояу мен жаңаша түр оның осы бағыттағы жемісті ізденісін аңғартады.
Міржақып Дулатов XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күреске жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз: іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның, алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян, қазақ!» деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді. Кітаптың «Оян, қазақ!» деген атыңың өзі халықты мешеуліктің, надандыктың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солай қабылданды. Халықты оқыту, санасын оятуды жазу дәстүрін жалғастырды.
Міржақыптың шыға-ы азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да түрлі-түрлі. Және бұл М.Дулатовтың ерекшелігі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік мәселелерді сөз қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер, тағы сондай түрленіп келе береді.
Және назар аударарлық бір нәрсе, ақын жаңалығы - қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл күй лирикасы сипатын алатын тұстары да аз емес.
Ол әлеуметтік лириканы қазақ қоғамының өмір шындығын, қайшылықтарын терең, жан-жақты ашып көрсететін тың тақырып, сарындарымен молықтырып, идеялық мазмұнын байытты.
1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы басылып шығады. Бұл шығарма жазушыңың өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркем туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, қазак, әдебиетіндегі роман деп аталған тұңғыш прозалық шығарма болатын. Бұл М.Дулатовдың басты жетістігі әрі жаңалығы еді.
Міржақып шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы жаңашылдық сипатын да айқындай түсетіні сөзсіз. Міржақып шығармашылық өнерінің жаңашылдық сипаты оның идеялық-көркемдік ізденістерінің аса құнды, қуатты болғандығынан, дүниетанымы мен сезім әлемінің, өнерпаздық дарынының ешкімге ұқсамайтын қасиеттері молдығынан екені ешбір талас тудырмайды. Олай болса, Міржақып Дулатовтың, поэзиясы, сан-салады шығармашылық мұрасы - халық игілігіне әрқашан да қызмет ете беретін асыл қазына.
Абайдың ақын шәкірттері де ұлы ұстаздарының өнерде салған жолын жалғастырып, поэзиядағы жаңа дәстүрдің қанат жайып қалыптасуына барынша үлестерін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет