Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Девиантылықты анықтау
2.Қылмыс.
3.Қылмысқа анықтама.
4.Әлеуметтік және таптық айырмашылықтар
5.Қылмыстық сот төрелігі жүйесі
Әдебиеттер тізімі: Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 8. Дін,мәдениет және қоғам
Дәрістің мақсаты: Дін феномені:мәдени және әлеуметтанулық перспектив
Негізгі ұғымдар: Дін және әлеуметтік теңсіздік,
Дәрістің жоспары: 1.Дін негізгі түсініктер
2.Білім -мәдениет құралы
3.Мәдениетке жалпы көзқарас
1.Егер біз білім алуға заң жүзінде міндетті болсақ, діни ұйымдарға мүше болу әркімнің өз еркінде. Сөйтсе де АҚШ-та көптеген адам қандай да бір дінді ұстанады және діндарлар - қоғамның маңызды қүрамдас бөлігі. Дін саясатпен және мәдениетпен біте қайнап, ықпалдастықтармен (ин теграция), шиеленістермен (конфликт) тығыз байланыста болады. Буддалық монахтың медитациясын, қазіргі елуліктердің сөйлеу тілін, тұрғылықты америкалықтың шіркеуде пейотты қолдануын және ка толик шіркеулеріндегі ресми салттарды біріктіріп, дін деген түсінікке анықтама бере аламыз ба? Әлеуметтанушылардыңтұжырымы бойын ша, дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдас- тыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі (Durkheim [1915], 1961: 62). Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен (тұрғылықты африкалықтардың діні сияқтылар) тұрады. Бірақ тылсым мен қасиетті дегендерді қарастырмайтын марксизм мен ғылым сияқты сенім жүйесі бұған кірмейді.
Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынты- ғы ретінде қарайды. Бірақ ол Құдай бар ма, жаныңды құтқаруға бола ма және хақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайы не жалған- дығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғам- ның және өзге де әлеуметтік күштердің эсер ету жолдарын, сондай-ақ діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді.
Дін не үшін керек?
Дін барлық қоғамның іргелі сипаты болып табылады. Артта қалған немесе ин- дустриалды қоғам болсын, әр қоғамда діни қызмет пен діни мінез-құлықтың көріну ерекшеліктері болады.
Неге дін әмбебап? Бұл сұраққа жауап беру үшін- жеке бастан шы- ғатын оқиғалар мен тәжірибелердің анықтамасы мен мағынасын табу жолында әр адам мен әр қоғам ізденуі қажет. Кедей адам барлығы қолжетімді қоғамда жапа шеккенде: «Неге мен?» деп сүрайды. Бала- сы қайтыс болған әйел: «Неге менің балам?» дейді. Бір аймақ селден немесе торнадодан жапа шексе: «Неге біз?» - дейді. Осындай жеке сұ- рақтардан белек адамдарды неге күн сайын күн шығады, кемпірқосақ қайдан пайда болады және өлімнен кейін өмір бар ма деген сияқты сұрақтар мазалауы мүмкін.
Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге сыймайтын оқи- ғаларды түсініп, қабылдауға көмектеседі. Торнадо қурғақшылық және жұт белгілі бір үлкен күшке жатқызылғанда маңыздырақ бола гүседі. Сенім мен рәсімдер осы үлкен күшті бақылай алатын немесе тыныштандыра алатын тәсіл ретінде дамиды, нәтижесінде белгісіз құбылысқа жауап ретіндегі әрекетке айналады. Жаңбыр биі жаңбыр- ды шақырмауы мүмкін, дұға бағыштасақ та егін жақсы шықпауы ықтимал, бірақ екеуі де түсініксіз және тылсым қүбылысқа қарсы тұратын адамдарға таныс әрі тыныштандыратын әрекет. Діни сенім мен рәсімдер дұрыс я бұрыс болсын адамдарға күтпеген жағдайларды өткеруге көмектеседі.
2. Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс ин- ституттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім сала- сына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар. Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер - барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.
Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүры- лымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары
Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байла- нысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
Оқыту және білім беру
Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптас- тыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіз- дік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне кепіл болады
Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілеті- нің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі - қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілік- ті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз бар- жоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедей- лерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшы- ларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай баға- лау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» сту- денттерден сақтану үшін қажет.
Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэ- сілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байла- нысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолданылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті ай- қындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциа лизм - айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.
3. Мәдениет - мәселеніңшешімін табатын қүрал
Тропикалық орманда түрса да, Нью-Йорк, Лондон, Токио сияқты ірі қалаларда түрса да бүкіл адамзатқа ортақ проблемалар бар. Олардың бәрі тамақтануы керек, қауіп-қатерден (көбінесе бір-бірінен) қорға- нуы керек және бәрі балаларын өмірден өз орнын тауып, іздерін жал- ғайтындай етіп өсіруі керек. Бұл проблемалар жалпыға ортақ бол- ғанымен адамдардың қабылдайтын шешімдері тым әркелкі болып келеді. Мысалы, Тробриан аралдарында әдетте балаларды тәрбиелеу- ге анасының ағасы жауапты болады, ал америкалықтарда нағашы ағаларға мұндай жауапкершіліктің жүктелуі өте сирек кездеседі. Адамдар қайталанып отыратын проблемаларға тап болған кез де мәдени үлгілер оған дайын жауап ұсынады. Бұл ең дұрыс әрі ең әділ жауап осы деген сөз емес, мәдениет жалпыға ортақ осындай сұрақтарға жауап іздегенде ғана стандартты үлгілерді ұсынады. Конфликт теориясы мен құрылымдық-функционализм арасындағы басты айырмашылық осы проблемаға қандай шешім ұсынатын- дығында. Функцияшылдар бүгінгі қолданыстағы шешімдердің ал- дыңғы ұрпақтың тәжірибесі мен қателіктері арқылы қалыптасып, тиімділігіне көз жеткен соң ғана бүгінге жеткенін айтады. Конф ликт теориясының өкілдері бүл шешімдердің басқаларға қарағанда әсіресе билік өкілдері үшін гиімді жұмыс істейтінін атап көрсетеді. Олардың пікірінше, элита мәдениетті өз мүдделеріне сай шешімдер қабылдату үшін пайдаланады. Екі көзқарастағы ғалымдар да мәде- ниеттен күнделікті өмірде қайталанып кездесетін көптеген жағдай- ларға дайын жауап табылады деп есептейді; алайда олардың «бүл ше- шім кімнің мүддесін қорғайды?» деген сұраққа келгенде пікірлері әр басқа болып шығады. Мәдениет - салыстырмалы шама
Әрбір мәдениеттің шығарған шешімі бір-бірінен мүлде өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, христиандардың көбі өлген адамньщ денелері «қа- сиетті» жерге көмілуі керек деп санайды, ал тибеттіктер өлген адам ньщ денесін таудың шыңына апарып, бөлшектеп, қүзғын-қарғаға жемтік қылған дұрыс деп есептейді.
Тибеттегі осы «аң-құсқа жем қылу» тәжірибесі дұрыс па, бүрыс па? Бүл сұраққа осы тәжірибе тибет мәдениетінің бүгінге жеткен үл- гісімен қаншалықты үйлесетінін білу арқылы ғана жауап бере ала- мыз. Тибет мәдениеті ағашы селдір, суы аз, қатқақ жерде дамыды. Сондықтан мәйітті өртеу де, кому де қиын, тігіті мүмкін емес болатын. Сонымен бірге тибет буддистері адамның қайта тууына (реинкарна ция) және жаны шыққаннан кейін дененің қажетсіз болып қалаты- нына сенді. Олар сондай-ақ барлықтіршілік иесіне жанашырлықпен қарау керек деп есептейді, сондықтан құзғындарды да қоректендіру қажет. Бұл - ресурстарды тиімді пайдалану болып саналады. Қалай болғанда да, өлік жөнелтудің осы рәсімі Тибет тұрғындарының бұл проблеманы оң шешуіне, сөйтіп, тұрақты қоғам құруына көмектесті. Сондықтан қүрылымдық функцияшылдар бұл тәжірибе нақты пай- даға асқандықтан жақсы жүмыс істеп түр деп санайды. Конфликт теориясының өкілдері, керісінше, мәдени тәжірибе кімге көмектесетінін және кімге зиян келтіретінін зерттейді. Осы- ган орай, жерлеу мәдениеті Тибет қоғамының барлық мүшелері үшін тиімді сияқты, бірақ бұл мәдени үлгілердің бәріне қатысты емес. Қалай алсақ та, конфликт теориясының өкілдері де, құрылым- дық-функциялық теория ғалымдары да әр мәдени ерекшелік сол мә- дениет тұрғысынан бағалануы керек деп есеп гейді.
Бұдан мәдениеттердің салыстырмалылыгы деген тұжырым жа- салады. Мәдениеттің салыстырмалы болуының нәтижесі сол - ешқан- дай тәжірибе түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман болмайды; жақ- сылық пен жамандық абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді.