Учебно-методического комплекса для преподавателя


Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1



бет20/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жаhандану және болашақ 2.Кәсіп түрлері 3.Экономикадағы өзгерістер 4.Жаңа экономикалық жүйелер

Әдебиеттер тізімі:

Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.


Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018 Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 13 Денсаулық және медицина
Дәрістің мақсаты: Ұлттық денсаулық сақтау,аурулар
Негізгі ұғымдар:Денсаулық сақтау,әлеуметтік мәселе
Дәріс жоспары:
1.Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері
2.Ұлттық денсаулық сақтау саласы
3.Денсаулық және денсаулық сақтау-әлеуметтік мәселе 4.Жас
5.Кеңес одағындағы халықтардың өмір жастарының қысқаруы
1.Өндірісі дамыған елдер әртүрлі жүйелерді қолданады. Бірақ олар- дың барлығы әр азаматтың сапалы медициналық қызметке қол- жетімділігіне кепілдік береді. Ұлыбритания және Канада екі тиімді үлгі ұсынады.

Бұл екі мемлекетте де денсаулық сақтау бірыңғай толем жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. «Бірыңғай төлем жүйесінде» дәрігер- лер мен емханалар тікелей немесе жанама түрде бір орталықтан, яғни үкімет тарапынан қаржыландырылады. Екі елде де емха- наларда жұмыс істейтін дәрігерлерге еңбекақы төленеді. Алайда жекеменшік фирма я ауруханаларда жүмыс істейтін британдық дәрігерлер айлық жалақы алса, канадалық дәрігерлер көрсеткен қызметіне байланысты еңбекақы алады


2.Бір қарағанда, денсаулық тек биологиялық, ал денсаулық сақтау тек медициналық сала іспетті. Алайда бұл тараудан денсаулық, ауру және денсаулық сақтау саласының әлеуметтік күштермен және әлеуметтік мәртебемен терең байланысы бар екеніне көз жеткізуге болады.
Денсаулық пен ауру студенттердің өміріне қатысы жоқ мәселелер деп қарастыру - шындыққа жанаспайтын тұжырым. Қай жаста бол- сын ауруға, мүгедектікке шалдығу және жарақат алу қаупі бар. Бұл жағдай дамыған елдер ішінде АҚШ-тың денсаулық сақтау қызметін түтынуға қолжетімділікті барлық азаматтарға бірдей қамтамасыз етпейтін жалғыз мемлекет болуына байланысты ерекше маңызды. Нәтижесінде, 2010 жылғы мәліметтер бойынша, 65 жасқа дейінгі 49 миллион америкалықта медициналық сақтандыру болмаған. Қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, бұл көрсеткіш одан әрі өсері сөзсіз. Денсаулығына байланысты шығындардан қарызға батып, банкротқа ұшыраған азаматтар саны артуда (Kaiser Commission on Medicaid and Uninsured, 2011). Сонымен қатар денсаулық - жалпы өмір сүру сапасы- на эсер ететіи жалғыз маңызды фактор. Сондықтан біздің мақсаты- мыз - денсаулық пен ауруға эсер ететін әлеуметтік күштерді қарас- тырып қана қоймай, АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесінің осындай қалыпқа жету себептерін және оның нәтижелерін қарастыру. Біз, ең алдымен, әлеуметтанушылардың ауру жайындағы көзқарастарын зерттеуден бастаймыз.
3.Неліктен адамдар өз денсаулығына қатер төндіретін әдеттерге қүмар?

Немесе сүрақты жағымдырақ етіп қойып көрейік: неліктен адам дар денсаулығын сақтайтын әдеттерді қалыптастыруға ұмтылмай- ды? Әлеуметтанушылар «адамдар денсаулық сақтауға бағытталған әдет-дағдыларды қабылдай ма» деген сұраққа жауап беретін төрт


шартты анықтады, олар жалпы «денсаулыққа сенім моделі» деп ата- лады (Becker, 1974,1993). Ол шарттар:
  1. Жеке адамдар белгілі бір ауруға шалдығу қатері бар деп ойлау керек.


  2. Оларды аса қауіпті деп санау керек.


  3. Алдын алу шаралары ол қауіпті азайтады деп ойлау керек.


  4. Алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін қаржылық, эмоционал- дық, физикалық және басқа да кедергілерді елемеу керек.


4. Жас ерекшелігі - денсаулық, ауру және өлімді болжаудың маңызды жалғыз көрсеткіші. Адамның жасына байланысты екі топқа жиі қа- тер төнеді, олар -кішкентай балалар және жасы келген қарт адамдар. Кедей елдерде нәрестелердің және жасы беске толмаған бала- лардың өлімі жиі болады. Көбінесе анасының мерзімінен ерте боса- нуынан сәби шетінейді, басқалары тамақ жетіспеуі кесірінен иммун- дық жүйесі ауруларға төтеп бере алмай қайтыс болады. Нәрестелердің өлімі батыс әлемінде XX ғасырға дейін кең гарал-


ған болатын. Қазіргі кезде АҚШ-та балалар өлімі сирек, жастардың да денсаулығы жақсы. Дегенмен басқа дамыған елдермен салыстыр- ғанда, нәресте өлімі едәуір көп (10.3-кесте). Нәресте өлімінің (барлық жоғарыда айтылған себептерден) көрсеткіші афроамерикалықтардың арасында жоғары, ақ нәсілді нәрестелер арасындағы көрсеткіштен екі есе көп (Денсаулық сақтау статистикасыньщ ұлттық орталығы, 2001). Адамның мүгедектікке шалдығу қаупі бар аурумен ауыруы және қайтыс болу қаупі шамамен 40 жастан бастап күшейеді. 65 жасқа кел- генде, адамдардың көбі кем дегенде бір созылмалы аурумен - мысалы, артрит, гипертония немесе есту қабілетінің нашарлауы сияқты ауру мен ауырады, (Федералды ведомстсво аралық кәрілік статистикасы- ның форумы, 2008). Солай бола тұра 85-ке келген қарттардың көпші- лігінің денсаулығы жақсы, бірақ 50 пайызының есте сақтау қабілеті нашарлаған. Денсаулық жағдайы жақсы кәрілік жасына жету мүм- кіндігі аз ұлттар ішінде томен. 68 және одан үлкен жастағы адамдар арасында ақ нәсілді америкалықтардың 80 пайызы, латынамерика- лықтардың 65 пайызы және афроамерикалықтардың 63 пайызы ден- саулығын жақсы деп бағалайды (Federal Interagency Forum on Aging Related Statistics, 2008).
Кәрілік және түрлі халықтың денсаулығының өзгеру нәтижесі
«Америкалық - әралуандық: халықтың өзгеруі, денсаулықтың өзгеруі» атты тарауда толық зерттелген
5: Өлім-жітім деңгейі ең маңызды әлеуметтік факторлардың бірі болып са- налатын өмір сүру деңгейіне, яғни жақсы тамақтануға қолжетімділік,
таза ауызсу және экологиялық апаттардан аулақ жайлы тұрғын үйдің болуына байланысты. Өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтың ықпа- лынан АҚШ-та бір жасқа дейінгі нәрестелер арасында афроамерикалық балалардың қайтыс болуы ақ нәсілді балаларға қарағанда екі есе көп.
Ересек афроамерикалық ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда алты жылға кем. Америкалықтардың өмір СҮРУ ұзақтығы орта есеппен Сьерра-Леоне түрғындарынан 25 жылға ар- тык; болуын өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтар арқылы түсіндіру- ге болады. (Халықтың анықтамалық бюросы, 2011а).
Өмір сүру деңгейінің жақсаруы өмір жасының ұзаруынан көрі-
неді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Ресейде өмір сүрудің орташа ұзақтығының қысқаруы әлемдік сахнадағы таңғаларлық оқиға болды.
Қазіргі кезде Ресейде ерлердің орта жас шамасы - 63 жас, бүл көрсеткіш 1991 жылга дейінгі көрсеткіштен және басқа дамыған елдердің орта жас шамасынан төмен. Алайда алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары (Халықтың анықтамалық бюросы, 2011а).
Өмір сүру ұзақтығының төмендеуін қалай түсіндіруге болады? Бі- ріншіден, Кеңес өкіметі қоршаған ортаны қорғау қағидаларын елемей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет