2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім Оқу бағдарламасына негізделген Экология және табиғат ғажайыптарын оқып үйренудің негізгі мақсаты: Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты күшейту, табиғи қорлар мен табиғат байлығын тиімді пайдалану. Экологиялық проблемаларды шешу, жауапкершілікке баулу. Табиғаттағы ағзалардың өзара қарым-қатынас типтеріне сипаттама беру, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелеріне жан-жақты тоқталу. Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады: 5-сынып Бағдарлама 68 сағатқа арналған, 6 бөлімнен тұрады.
І-бөлім: Экология ғылымы туралы не білеміз? (6-сағат) Экологияға кіріспе. Экология ғылымының қалыптасу тарихы Экология ғылымы нені зерттейді? Экология және табиғат байланысы.
ІІ-бөлім: Қоршаған орта (16-сағат) Табиғи ортаның қазіргі жағдайы. Табиғи ортаның экологиялық проблемалары. Өсімдік-Ауа-Су-Топырақ, біртұтас. Өсімдіктердің тіршіліктегі, табиғаттағы маңызы. Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктерді қорғау. Ауа - тіршілік көзі. Ауаны қорғау.
ІІІ-бөлім: Су-тіршілік көзі (6-сағат) Судың табиғаттағы маңызы. Судың емдік қасиеттері.«Рахман» бұлағының шипасы. Суды қорғау.
ІҮ-бөлім: Топырақтың қабаты (7-сағат) Топырақ биосфераның негізгі құрамдас бөлігі. Топырақтың тірі табиғат үшін маңызы. Топырақты қорғау. Қазақстан топырағы картасы. Ү-бөлім: Хайуанаттар әлеміне саяхат (22-сағат) Бионика деген не? Ғылым мен техника. Биологиялық «сағат» биологиялық ритм сыры. Бейнелер мен бедерлер сыры. Жанды «барометр» Алдын ала болжау. Жанды «сейсмограф» Сезімтал хайуанаттар. Хайуанаттар тілі. Қарым-қатынас әдісі. Асыранды хайуанаттар. Ит адамның сенімді серігі. Хайуанаттар қалай емделеді? Хайуанаттар бір –бірін алдай ала ма? Қорғану Аңдар асыраған балалар. Жабайылық. Хайуанаттарды қорғау.
ҮІ-бөлім:Жануарлардың ерекшелігі (11-сағат) Өсімдіктер мен жануарлардың өзара әрекеттесуі. Жануарлар дәрумендерді қайдан алады? Жануарлардың жақсылығы. Жануарлар неге жылайды? Жануарлардың бейімделушілігі. Жануарлардың пайдасы. Қорытындылау.
6-сынып Бағдарлама 68 сағатқа арналған, 5 бөлімнен тұрады. І-бөлім: Кіріспе (12-сағат) Экология ғылымы туралы түсінік. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Экология және қоршаған орта туралы не білеміз? Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғи ортаның экологиясы.
Экологиялық бірлестіктер. Бөлімді қорыту.
ІІ-бөлім: Биосфера – тіршілік қабаты(8-сағат) Биосфера – тірі табиғат жүйесі. Биосфера-өзін-өзі реттейтін экожүйе. Экожүйе-бізді қоршаған табиғи орта. Биосфера дамуының ең жоғары сатысы-Ноосфера.Бөлімді қорыту
ІІІ-бөлім: Зат және энергия алмасу (13-сағат) Тірі ағзалардың бірлесіп тіршілік етуі- Биоценоз. Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, Биогеоценоз. Биогеоценоз туралы не білеміз? Битоп- табиғат кеңістігінің бір бөлімі. Табиғи ортаның ластануы. Қоршаған орта экологиясы. Бөлімді қорыту.
ІҮ-бөлім: Судың құпиясы (23-сағат) Бір тамшы су сыры. Су-қайнаған тіршілік ортасы. Су жүйелерін тазалайтын балықтар. Мерген балық. Балықтар сақау ма? Қауіп-қатерді сезгіш балықтар. Қауіп төндіретін балықтар туралы білеміз бе? Туыстық жағынан бір-біріне алыс Моллюска мен кекіре балықтың жақындығы. Крокодил неге жылайды? Балықтардың ғажайып түрлері. Сәндік үшін өсіретін балықтарды білеміз бе? Бөлімді қорыту.
Ү-бөлім: Насекомдардың пайдасы (12-сағат) Насекомдар туралы не білеміз? Насекомдармен қоректенетін жыртқыш өсімдіктер. Насекомдардың пайдасы мен зияны. Құмырсқа илеуінің пайдасы қандай? Құмырсқа–зерттеуші, астроном. Біздің кішкентай көмекшілеріміз. Бөлімді қорыту.
Осы бөлімдерді оқыту барысында күтілетін нәтиже: Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуына тұжырым жасауға үйренеді. Ақпараттарды талдап, салыстыруды үйренеді. «Табиғат-адам-қоғам» арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайта түсуге үлес қосады. «Мәңгілік Ел» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан табиғаттың құпиясы мен ғажайыптарын тереңірек оқытып, ұғынады. Айналамызды қоршаған табиғи ортаның ерекшеліктеріне көз жүгіртіп шығу, адам қолымен жасалып жатқан кемшіліктерді жоя білуге ұмтылуға атсалысады.
Ауа, су, топырақ, жер байлығы өсімдік және жануарлар әлемін қорғауға үйренеді. Эксперимент, тәжірибе, сараптама жасауға, өз бетінше ізденуге талпынады. Зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс жасайды. Адамзаттың табиғатсыз, табиғаттың адамзатсыз күні жоқ екендігін ұғынады. Интерактивті әдістердің тиімділігі оқушылардың жан-жақты білім алуында ойын түрлерінің элементтерін пайдаланып, алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады. Оқушылар өз ойларын ортаға ашық, нақты сала алады, сыни тұрғыда ойлай біледі. Сабақта жаңа технология элементтерін өз дәрежесінде пайдалану арқылы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.