Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


- бөлім Бастапқы химиялық ұғымдар (4сағат )



бет135/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   384
Байланысты:
Факултатив

2- бөлім Бастапқы химиялық ұғымдар (4сағат ).
Атомдар мен молекулалар-заттардың құрамдас бөліктері. Химиялық элемент -атомдардың белгілі бір түрі .Заттардың алғашқы "аттары". Химиялық элементтердің символдары. Қазіргі химиялық тіл және оны жасаушы. Я. Берцелиус. Дж. Дальтон-қарапайым математика мұғалімі және зат құрылысы атом теориясының негізін қалаушы. Құрам тұрақтылық заңы.Заттың құрамы. Ж. Л. Пруст пен К. Л. Бертолленің зат құрамының тұрақтылығы және оны қолданудың шектеулігі туралы көзқарастары.
Атомдық-молекулалық ілім. Атомдық-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары.. М. В. Ломоносов және Дж. Дальтонның атомдық-молекулалық ілімнің негізін құрудағы еңбектері.
Сандық есептер: «Зат құрамының тұрақтылығы заңы негізінде зат массасын есептеу».
Көрсетілімдер: 1. Заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу және салыстыру: ас тұзы, қант, алюминий, мырыш, темір, мыс, су, күкірт ұнтағы. 2. Атомдар модельдерінің жиынтығы.
3. Темірмен күкірттің қосылыстары
3- бөлім Химиялық реакциялар (7сағат ).
Химиялық реакциялардың жүру белгілері мен шарттары.Энергияның өзгеруі-реакциялар жүруінің маңызды себептерінің бірі. Активтендіру энергиясы туралы түсінік. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер.
Химиялық реакцияның жылдамдығы және оның өзгеру мүмкіндіктері туралы алғашқы қарапайым түсінік. Г.Штальдің флогистон теориясы және оның Р. Бойл тәжірибесіндегі расталуы. М. В. Ломоносовтың флогистон теориясына«соққысы». Химиялық реакциялар кезінде заттар массасын сақтау заңы. М. В. Ломоносов - көрнекті ғалым-энциклопедист, оның химикалық ғылымның дамуындағы рөлі.Сандық есептер: «Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару». Көрсетілімдер : 1.Химиялық реакциялардың белгілерін көрсететін тәжірибелер: калий перманганатының лимон шырынымен өзара әрекеттесуі; ас содасының асханалық сірке суымен өзара әрекеттесуі; мыс купоросы ерітіндісінің сілтімен өзара әрекеттесуі.
2. Химиялық реакция кезінде энергия қорының өзгеруін растайтын тәжірибе: малахиттің ыдырауы.3. Химиялық реакцияның әртүрлі жүру жылдамдығын көрсететін тәжірибелер:мыс купоросының кристалы мен ерітіндісінің темір шегеге әсері. 4.Алюминий иодпен өзара әрекеттесуі.Практикалық жұмыс№4. «Химиялық реакциялардың типтері».Зертханалық тәжірибе№1. Мыс(II) хлориді ерітіндісінентемірмен мысты ығыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет