87
2.
Ӛзгелердің ӛзі жӛніндегі пікірін жинап, соларды ӛзара салыстыру
арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұндай жағдайда ӛзі мен үлкендер берген
баға сәйкес келмеуі мүмкін.
Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті
жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі: 1. «Мен шынында кіммін?»
(шындықты кӛздейтін мен); 2. «Мен»-ӛзімді ӛзгелер қалай бағаласын деп ойлар
едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді?
(тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді?
(болашақ мен). Сондықтан осы ерекшеліктерді ескере отырып, студенттердің
ӛзін – ӛзі және ӛзгені позитивті тұрғыдан саналы бағалауына мүмкіндік туғызу
аса маңызды саналады. Сонымен, ӛзіндік бағалауда студенттер ӛзіне
сындарлы кӛзқараспен қарап, ӛз мүмкіндігін ӛмір талабына сәйкес бағдарлай
білуі, ӛз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Ӛзіндік
бағалау адамның ӛзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады
деген ойдамыз.
Ынталылық
мен
агрессия
кӛшбасшыларды
анықтаудың
ортақ
критерийлері болып табылады және бұл қасиеттерді ӛте жас адамдардың ӛзінде
де оңай байқауға болады. Қандай басқарушы қызметтің жоғары нәтижесін
кӛрсетуге барлық күш-жігерін салып тырысатын және ӛзінің тәжірибелі
әріптесін қойылған мақсатқа жақындауда асып түсетін жас маманды
байқамайды? Мұндай адамда жай ғана стимулдан бӛлек бір үлкен дүние бар,
нақ осы жалпы кӛріністі кӛру ықыласы мен қабілеті. Кӛшбасшылар сондай-ақ,
орын алып жатқандардың шынайы мәнін түсіне алу қалпында болуы және
әрекеттердің айқын бағытын белгілеуі қажет. Түрлі кӛздерден ақпарат
жинағаннан және бірнеше баламаларды қалыптастырғаннан кейін олар тиісті
шешім қабылдап, оған сай әрекет ету үшін әрекеттердің қай нұсқасы неғұрлым
сай келетінін анықтауы қажет.
Келесі кезекте педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытуда пайдалануға болатын топпен жұмыс әдістемесіне тоқталуды
жӛн кӛрдік.
Топпен танысуға арналған ойындарға тӛмендегілерді жатқызуға
болады:
Достарыңызбен бөлісу: