Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

«Ортақ есім». 
1 қыркүйек күні алғашқы танысуда жүргізген ыңғайлы. Тәлімгер 
студенттерге айтады: «Бізге жылдамырақ танысу үшін ортақ атты айтуға 
болады. Бұл оңай: барлығымен бірмезгілде әрбірі ӛз атын айтады». Түрлі 
есімдердің дыбыс тіркестерінен тұратын қатты дауысталған және кӛңілді есім 
шығады. 
«Математика» 
Отырғандар шеңбер бойынша бірден беске дейінгі сандарды айтып 
шығады. Әрбір бесінші «бес» деп айтудың орнына ӛз атын айтады әрі тұрады
(ол бұдан кейін ойынға қатыспайды). Ары қарай әрбірі ӛзін таныстырып 
болмағанша осылай жалғасады.
«Жентек қар» 


88 
Танысудың ең кең тараған әдісттемесі. Топтың әрбір мүшесі сағат тілі 
бойынша ӛз есімін айтады, сонымен бірге әрбер келесі оның алдында 
танысқан(дар)дың есім(дер)ін қайталап шығады, тек содан кейін ғана ӛз атын 
айтады. Есімдер жентек қар сияқты жиналады.
Әдістеменің бірнеше нұсқасы бар:
Тек қана есімді ғана емес, есімнің бас әрпіне сай келетін мінездің қырын да 
айтуға болады (мысалы, Ольга – озат, Светлана – сымбатты, Николай - ниеттес 
және т.б.). 
Атыңды және ұнататын жеміс немесе кӛкӛністі айтуға болады (Наталья – 
алмұрт, Сергей – ананас және т.б.).
 «Маркерді беріп жібер» 
Ойын бірмезгілде екі функцияны атқарады: танысу мен бірігу.
Студенттер бір-бірінен алыс емес қашықтықта шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші маркерді алып, оны топтың кез-келген мүшесіне лақтырады, ал бұл 
ары қарай басқа біреуге береді, мұнда ол кімнен алғанын және кімге бергенін 
міндетті түрде есте сақтау керек. Маркерді қасыңда және біреуден кейінгілерге 
беруге болмайды. Маркерді бергендер қолдарын кеудеге айқастырады, бұл
кімде маркер әлі де болмағанын білу үшін қажет. Маркерді лақтырмас бұрын 
«Сенің атың кім?» деп сұрап, жауапты естігеннен кейін атты айтып барып қана 
лақтыру қажет.
Бірінші шеңбер аяқталғаннан кейін (маркер жерге құлағаны-құламағаны 
маңызды емес) студенттерге тапсыру траекториясын сақтай отырып, маркер 
жерге түспейтіндей етіп лақтыру қажет болады. Егер ол орын алатын болса, 
шеңбер қайта басынан басталады. Ойын уақытына шектеу жоқ. Егер ұзақ уақыт 
болмай жатса, тәлімгер кеңес беріп, кӛмектесе алады. Мысалы: «Маркерді 
беріп жатқанда, мұқият болыңдар», «Бұл сендердің ортақ істерің және сендер 
мұны міндетті түрде орындауларың керек» және т.б. Бір маркермен болатын 
тапсырма ӛте жылдам орындалса (бірінші не екінші реттен), онда тағы да бір 
маркерді қосуға немесе шеңберден бір қадам жасауды ӛтіну арқылы 
тапсырманы қиындатуға болады.
Қажетті материалдар: 1 немесе 2 маркер (қаламсапты, ірі салпыншақты 
және т.б. қолдануға болады)
Топтың өзара әрекеттестігіне арналған ойындар (көшбасшыны анықтау, 
біріктіру).
«Арқан жіп» 
Ойыншылардың барлығы шеңбер бойында бір-бірін қолдарын «құлыптап» 
қатты қысып ұстап тұрады. Бірінші және екінші студент арасында ұштары 
байланған арқан жіп ілініп тұрады. Екінші қатысушы біріншіден қолын 
ажыратпай, ӛзі арқылы арқан жіпті шеңбер сияқты ӛткізуі тиіс. Арқан енді 
екінші және үшінші студенттердің арасына орналасады, сӛйтіп, үшінші 
екіншінің әрекеттерін қайталайды және шеңбер бойымен жалғасады. Бастысы: 
арқанды ӛзі арқылы ӛткізгенде қатысушылар қолдарын ажыратпаулары керек. 
Арқанның ұзындығы – 1 м.
«Күйме» 


89 
Топ барлық адамдардан күйме жасауы керек. Бӛтен заттар 
қолданылмайды. Тапсырманы орындау уақытында тәлімгер студенттердің 
әрекеттерін бақылауы қажет: кім жұмысты ұйымдастырып жатыр, басқалар 
кімді тыңдауда, кім ӛзіне күймеде қандай «рӛлді» таңдауда. Мәселе әрбір «рӛл» 
адамның белгілі бір қасиеттері туралы баяндайтындығында:
Шатыр – қиын жағдайда кез-келген сәтте қолдауға дайын адамдар;
Есіктер – кӛбіне жақсы коммуникативтік қабілеті бар адамдар болады 
қоршағандармен келісе, ӛзара әрекеттестік жасай алатын);
Орындықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет