Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Пән аты – химия, Him 1111
|
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»
|
Кафедра - химия
|
|
|
Құрастырғандар:
|
|
1 кредит (бейорганикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
|
|
|
|
|
|
|
2 кредит (органикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы, 2015 ж
Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.
Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев
ОСӨЖ №1
ТАҚЫРЫП: Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы
МАҚСАТТАРЫ:
Тірі ағзаны стационарлық термодинамикалық жүйе ретінде сипаттау
термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарын химиялық процестерде қолдана білуге және тірі ағзада жүретін реакция ерекшеліктерін ескеруге үйрету;
химиялық реакциялардың өздігінен жүру бағытын және жүйе параметрлері өзгеріске ұшырау кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжауға үйрету;
химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін тірі ағзаға қолдану және ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері мен адаптивті қайта тұрғызу принципін көрнекілікті қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
әр түрлі факторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгерісін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарының маңызын аша білуге үйрету;
термодинамикалық заңдылықтарды биохимиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге, тірі ағзаны термодинамикалық жүйе ретінде сипаттай білуге үйрету;
Гесс заңын, Вант-Гофф заңын (дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін анықтау әдісі), Ле Шателье принципін пайдалана отырып медициналық-биологиялық және фармацияда зерттеулер жүргізу әдістерімен таныстыру;
Михаэлис-Ментен теңдеуін пайдаланып, ферментативті катализ ерекшеліктерін және реакциялардың ретін анықтауды көрнекілікті көрсету;
әрекеттесуші заттар концентрациясы, жүйе қысымы және температураның өзгеруі барысында реакция жылдамдығынын өзгерісін есептей білу дағдыларына, химиялық тепе-теңдікті қарастыру үшін Ле-Шателье принципін қолдануды үйрету;
есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.
ӨТКІЗУ ТҮРІ:
қарастырылатын тақырыптың жекеленген сұрақтарын тереңдетіп оқу;
ситуациялық есептер шығару
жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
есептер (оқытушың таңдауы бойынша беріледі)
С6Н12О6(қ) + 6О2(г) → 6СО2(г) + 6Н2О(с) Стандартты жағдайда глюкозаның тотығу реациясының өздігінен жүретіндігін термодинамикалық есептеулердің көмегімен дәлелдеңіздер. Энтальпия мен энтропияның стандартты түзілу мәндері:
∆Н0f(Н2О) = -285, 84 кДж/моль; ∆Н0f(СО2) = -393, 51 кДж/моль;
∆Н0f(С6Н12О6) = -1274, 45 кДж/моль; ∆S0f(CO2) = 213, 64 Дж/моль∙К;
∆S0f(Н2О) = 69, 94 Дж/моль∙К; ∆S0f(С6Н12О6) = 212, 13 кДж/моль∙К; ∆S0f(О2) = 205, 03 Дж/моль∙К.
Адам ағзасында метоболизм нәтижесінде түзілетін глицерин ары қарай CO2(г) мен Н2О(г) айналады. , ∆G0түз(глицерин) = - 480 кДж/моль, ∆G0түз(CO2(г))= -394,4 кДж/моль, ∆G0түз(Н2О(г))=-228,6 кДж/моль-ге тең деп алып, глицериннің тотығу реакциясының (∆G0реак ) өзгерісін есептеңіз.
Көміртек, сутек және этил спиртінің жану жылулары сәйкес - 393, 51; - 285, 84; - 1366, 90 кДж/моль-ге тең деп алып, этанолдың стандартты түзілу жылуын есептеңіз.
Тура реакцияның жылдамдығы 2СО + О2 = 2CO2 қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 4 есе арттырса?
Реакция 2NО + О2 = 2NO2 теңдеуі бойынша жүреді. Әрекеттесетін заттар концентрациясы (моль/л): С(NО) = 0,8; С(О2) = 0,6. Реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер оттектің концентрациясын 0,9 моль/л, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л арттырса.
Температураны 40 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдығы қаншалықты өзгереді, реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса?
353 К температурада реакция 20 секундта бітеді. Температура 293 К дейін төмендегенде реакция қанша уақытта аяқталады? Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5-ке тең.
Достарыңызбен бөлісу: |