В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет80/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • адсорбцияның негізгі теориялары туралы ақпарат беру және Гиббс, Лэнгмюр, Фрейндлих теңдеулерін қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттау үшін үйрету;

  • дисперстік жүйелердің негізгі қасиеттерін (оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрокинетикалық) сипаттай білуге үйрету;

  • Панет-Фаянс, Ребиндер және пен Шульце-Гарди ережелерін қолдануды үйрету;

  • коагуляция, коллоидтық қорғау процестерінің мәнін және оның биологиялық рөлін түсіндіру;

  • электрофорездің, диализдің медициналық тәжірибеде қолданылуын түсіндіру және аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялардың медицинада қолданылуы туралы ақпарат беру.



ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:
- семинар (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау);
- есептерді шығару және жаттығулар орындау.


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Ерітіндідегі новокаин мен кокаиннің концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде беттік керілу шамасы 6,9∙10-2 Н/м-ден 7,1∙10-2 Н/м-ге дейін, ал кокаин ерітіндісінде 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін көтерілді. 25оС температурада, берілген концентрация интервалында новокаин мен кокаинның сулы ерітінділерінің адсорбция шамаларын салыстырыңыз.

  • Күкірт қышқылын суда еріткенде адсорбция типін және шамасын анықтау керек (t = 18оС), егер H2SO4 судағы концентрациясы 2,33 моль/л-ді құрайтын болса, ал ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м-ге, судың беттік керілуі - 73,05∙10-3Н/м-ге тең болса.

  • Адсорбент бетіндегі сірке қышқылының адсорбциясы үшін Фрейндлих теңдеуіндегі константалар тең: К = 0,50 моль/г, n = 0,45. Тепе-теңдік концентрациясы 0,22 моль/л-ге тең болғандағы адсорбцияшамасын есептеп шығару керек.

  • 4 л темір (III) гидроксидіні золінің коагуляциясы 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін (тығыздығы1,1 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.

  • Алюминий гидроксидінің золін дихромат-иондармен коагуляциялау табалдырығы 0,63 ммоль/л-ге тең. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін (ρ=1,07 г/мл) 10%-дық калий дихроматының ерітіндісінің қандай көлемі қажет болады?

  • 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы 570 мл натрий хлоридінің 1,5%-дық ерітіндісін (тығыздығы 1,02 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді натрий-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.

Тапсырмалар (оқытушының таңдауы бойынша)



  • Золь мицеллаларының формулаларын жазыңыз:

  • барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;

  • күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;

  • гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

  • адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

пептизатор – темір (III) хлориді;

  • химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;

пептизатор – хлорсутек қышқылы;

  • темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;

  • калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;




  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан оң зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K3PO4; Ca(NO3)2; CaCl2; BaCl2; Na2CO3.

  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан теріс зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K2CO3; NaNO3; CaCl2; FeCl3; NaCl.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет