В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет81/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары

  1. Қандай құбылыстар беттік құбылыстар деп аталады? Адсорбция, десорбция, беттік активтілік, адсорбциялық тепе-теңдік деген үғымдарға анықтама беріңіз.

  2. Жылжымалы бөліну беті аралығындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік активті заттар. Биологиялық мембрананыің құрылымы.

  3. Гиббс теңдеуін келтіріңіз. Оң және теріс адсорбция арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Беттік керілу изотермасы деп нені айтады? Адсорбция изотермасы деп нені айтады ? Дюкло-Траубе ережесіне анықтама беріңіз.

  4. Жылжымайтын бөліну беті аралығындағы адсорбция. Ленгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Ленгмюр адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Фрейндлих адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Панет-Фаянс ережесінің мәні неде?

  5. Қандай құбылыстарды электрокинетикалық деп атайды? Электрофорез бен электроосмос ұғымдарына анықтама беріңіз және құбылыстардың маңызын түсіндіріңіз.

  6. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Зольдердің коагуляциясын туғызатын факторлар. Коагуляция табалдырығы, коагуляциялау қабілеті. Коллоидты қорғау деген не? Коллоидты қорғау құбылысының биологиялық ролі. Щульце-Гарди ережесі.

  7. Дөрекі дисперсті жүйелердің фазалардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылатын дөрекі дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіз.



Тесттер
1. Беттік активтілік шамасы максималды болатын затты таңдаңыз
1) СН3СООН
2) С2Н5СООН
3) НСООН
4) С4Н9СООН
5) С3Н7СООН
2. Беттік активті емес затқа (БАЕЗ) жатады
1) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде өзгертпейді
2) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде төмендетеді
3) ер-ді = o
4) ер-ді > o
5) Г  0
3. Панет-Фаянс ережесі бойынша ерітіндіден AgCl кристалдары бетіне адсорбцияланатын иондар:
1) К+
2) Сl-
3) Ва2+
4) Аg+
5) SО42-
4. Қанның ұюын алдын алу мақсатында қанды консервілеу кезінде Ca2+ иондарын кетіруге көмектеседі
1) хроматоргафия
2) электрофорез
3) диализ
4) молекулалы адсорбция
5) ион алмасу адсорбциясы
5. Уланғанда және метеоризмде активтендірілген көмірдің қолданылуы негізделген қабілет
1) артериальы қысымды жоғарылату
2) артериалды қысымды төмендету
3) полярлығы аз заттардың газдарын және молекулаларын адсорбциялау
4) капиллярлар қабырғаларының өтімділігін арттыру
5) ерітіндімен иондар бойынша алмасу
6. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золіне сәйкес келетін мицелла формуласы
1) {m(АgВr) n К+(n-х)Cl-}x+ хСl-
2) {m(АgВr) n Br-(n-х)K+}x- хK+
3) {m(АgВr) n SO42- 2(n-х)Na+}2x- хNa+
4) {m(АgВr) n Ag+(n-х)NO3-}x+ хNO3-
5) {m(АgВr) n J-(n-х)K+}x- хK+
7. Мицелланың формуласын жазуда потенциаланықтаушы иондар таңдалатын ереже
1) Шульце-Гарди
2) Вант-Гофф
3) Панет-Фаянс
4) Менделеев-Клапейрон
5) Дюкло-Траубе
8. Ақуыздардың лиофобты зольдердің тұнбаға түсіп және тамырлар қабырғаларында холестеринді түйіндақтың жинақталуына кедергі жасау қабілеті аталады
1) коагуляция
2) седиментация
3) коацервация
4) коллоидты қорғау
5) синерезис
9. Коагуляциялау қабiлетi ең жоғары ионды таңдаңыз:
1) K+
2) Al3+
3) Na+
4) Ca2+
5) Ba2+
10. Оң зарядталған бөлшектері бар зольді коагуляциялау әсері жоғары ионды таңдаңыз
1) K2SO4
2) NaNO3
3) CaCl2
4) FeCl3
5) K3РO4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет