ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА: Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.
Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.
БЕРІЛЕТІН материал: Тапсырмалар: Гидроксибутан қышқылының структуралық және оптикалық изомерлерін жазыңыз. Оларды халықаралық және рационалды атымен атаңыз.
Келесі қосылыстарды атаңыз:
1) 2) 3)
Бұл қышқылдардың қайсысын мыс гидроксидімен (II) анықтауға болады? Реакциясын жазыңыз.
Схема бойынша реакцияларын жазыңыз: этаноламин холинацетилхолин
Сүт қышқылы мен -гидроксимай қышқылының тотығу реакцияларын жазыңыз. Түзілген өнімдерді атаңыз.
НАДНты қолдана отырып глиоксаль және пирожүзім қышқылдарының тотықсыздану реакцияларын жазыңыз.
Ацетосірке қышқылының қандай таутомерлік түрі бром суымен әрекеттеседі? Реакциясын жазыңыз.
Қымыздықсірке қышқылының(оксобутанди) және ацетилкофермент А-ның альдолдық конденсациялану типтегі реакцияларын жазыңыз.
2-оксопентанди (-кетоглутар) қышқылындағы қай карбоксил тобы оңай декарбоксилденеді, неге? Реакциясын жазыңыз.
Келесі түр өзгерістердің реакцияларын жазыңыз: фумар қышқылы алма қышқылы қымыздықсірке (оксобутанди) қышқылы .
Салицил қышқылының температураға шыдамдылығы, ацетилсалицил қышқылының түзілу реакциясы. Бұл реакция қандай функционалды топтың әсерінен жүреді?
ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ: Әдіс - құрастырылған:
1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);
2) үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.