Зерттеу нәтижелері
Ас қызанақ жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және
көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты айналысады. Осы
институттың жасаған жылыжайларда егуге арналған қызанақ сұрыптарының
бірі –
Дәмді
(1-сурет). Бұл сұрып гибридті түрінен алынған. Негізгі сабағының
ұзындығы – 150 см. Жапырақтары қанық жасыл, пісу уақыты 108-110 күн. Бір
реттік терілімде 19,5-22,1кг/м жиналады. Жемісінің орташа салмағы 45-50г.
Құрғақ органикалық затының салмағы 6,6%, қант – 4,5%, қышқылдылығы-
0,65%, С дәрумені – 19,2 мг/100г. Қазақстанның барлық облыстарында 2013
жылдан бастап егіледі. Авторлары: Джантасов С.К., Айтбаев Т.Е., Мирманова
Э.М.
|