«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Список использованных литератур



Pdf көрінісі
бет52/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Список использованных литератур 
 
1. Валуконис Г.Ю., Мурадов Ш.О. Основы экологии. Том I. Общая 
экология, 
Ташкент, 
«Мехнат», 
2001. 
2. 
Горелов 
А.А. 
Экология. 
–М. 
«Центр», 
1998.
3. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Глобальная география.- М. Дрофа, 2002. 
3. www. aralconf.uz. 
Научный руководитель к.г.м.н. К.М. Джаксымуратов
БАЛТАБЕКОВА ЗАРИНА 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) 
АҚША ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ 
 
Тамағы тоқтық, 
жұмысы жоқтық 
аздырар адам баласын... 
Абай Құнанбайұлы 
 
Бүгінде енді ғана дамып келе жатқан еліміз үшін әлемнің қаржы тарихын 
білу маңызды болып табылмақ. Қазақстан мемлекетінің болашағы жастардың 
қолында, биылғы жылдың жастар жылы болып жариялануына, біз-жастардың 
ел мүддесіне, ұлт бірлігіне қарай талпына еңбек етуімізге үлкен мотивация 
берді. Бізге сенім білдіріп отырған еліміз қандай жас ұрпақты көргісі келеді? 
Әрине, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде 
көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу 
бірінші орынға шықты. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты 
назардағы мәселе екені белгілі. Осы мәселені шегіндіру үшін елімізде 
«Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», 
«Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа 


97 
мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын 
арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» т.б 
бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып 
жатыр. Иә, қазіргі әлемде құндылықтар айтарлықтай өзгерді. Кеңес үкіметі 
кезінде адамдарды ақшадан алшақтатуға, ақшаға қызығып құмар болмауға, 
еліпеуге ундесе, қазір ақшаны көбірек табуға талпындыратын идеология 
қалыптасқан. Ауа мен суды қаншалықты қажет ететін болсақ, ақша да адамға 
соншалықты қажет болып кетті. Біздің бірінші қажеттіліктеріміз – Құдайдың 
берген несібесі болса, ақшаны адам өзі қолдан жасайды, бірақ осы заманда 
маңызы олардан бір де кем емес болып отыр.
Ақша – осы заманғы адамның саяси және жалпы мәдениетінің бір 
бөлігіне айналды. Әлемнің қаржы тарихына көз жүгіртсек көне заманнан қазіргі 
күнге дейін күрделі жолдан өткенін байқауға болады.
Әлемде ақшаны әлеуметтік санат, адамдар арасындағы экономикалық 
қарым-қатынастың байланысын қамтамасыз етуші негізгі эквивалент ретінде 
қарастырамыз. Ежелден қаржы-қаражат, ақшаның философиясы бір-біріне 
қарама-қарсы екі пікірден тұрады. Ақша, адамды теріс жолға түсіріп, рухани 
аздыруға дейін апарады десе, енді бірі ақша бүкіл адамзат өркениетін 
қозғалысқа келтіретін ең негізгі тетік деп қарастырады. Елдің әл-әуқаты, 
экономикасы, қаланың көреюі де ақшаға келіп тіреледі. Екі пікірге жүгінсек те 
айтылар ойы ақиқат.
 
Француз ойшылы ағартушы Жан Жак Руссоның: Сен 
ұстаған ақша-сенің бостандығыңның құралы, сен өзің қуған ақша-сенің құл 
болуыңның құралы, -деп айтқан сөзі күні бүгінге дейін өзекті болып тұр.
 
Өмір сүріп тіршілік ету үшін ақша өте маңызды рөл атқарады. Дін 
әлемінің пікірінше, оны жақсы көру – зұлымдықтың түп-тамыры. Әскери 
адамдар үшін ақша – соғыстың байланыс жібі. 
 
Адам, күнкөрісін, тіршілігін дұрыстаймын деп жүріп, қажы-қайратын сарп 
етеді. Дәл осы себеппен жастар да отбасын құрмай жүр емеспе? Еліміздегі 
статистикалық мәліметке сүйенсек, 3 миллионнан астам жастар отбасын 
құрмағанекен. Әлеуметтік сауалнама жүргізілген кезінде үйленбеудің себебін 
материалдық жағдайға әкеп тірейді. Өзім қатарлас жастардың, достарымның 
арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында олардың ойынша отбасын 
құру үшін ең маңызды фактор не болып табылады деген сұраққа жауаптар 
алынды. Сауалнама нәтижесі мені айтарлықтай қуантты. Себебі, жастардың 
басым бөлігі, ақшаның маңызды рөл атқаратынын біле тұра, ақшаға 
өлшенбейтін құндылықтардың барын да айта өтті.
Ал ақша өмірдің мәні делік, неліктен жастар ақшаға мұқтаж? Ақшаның 
жетіспеушілігінің себебі неде? Мүмкін, жастардың ақшаға деген көзқарастарын 
өзгерту керек шығар немесе түрлі бағдарлама, жоба арқылы кәсіби біліктілікті, 
табысты қалай дұрыс жұмсау керектігін үйрету керек шығар. Биылғы 
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндіктер» атты Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік салалардағы 
терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығы, оның 
негізгі бағыттарының бірі адами капитал екендігі айтылды. Сонымен қатар, 
жастардың бәсекеге қабілетті маман болуы үшін өнеркәсіптік, әлеуметтік 


98 
салалардың сұранысына жауап беретін екі жаңа негіздегі білім беру керектігі 
алға тартылды. «Серпін-2050» жобасы бойынша техникалық, ауыл 
шаруашылық, педагогикалық, медициналық сияқты дәстүрлі мамандықтарға 
даярлауда.
Біз, ақшаны, қазына мен байлықты неге өмірдің, тіршіліктің өзегі дейміз? 
Себебі, ақша-адамның күнделікті қорегінің эквиваленті. Ақшасыз әлемді көз 
алдыңызға елестетіп көріңізші. Себебі, адамзат мәдениеті мен өркениетінің 
даму логикасы осылай болды және осылай бола бермек. Ақша-зат емес, ол-
қоғамдық қатынас. Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің пікірінше, ақша-
капиталистік қанаудың құралы, ол қатыгез «ақша қарым-қатынастарымен» 
барлық адами, оның ішінде отбасы ішіндегі де, қарым-қатынастарды 
алмастырады. Кейін, «Капитал» беттерінде Маркс – ақша қосылған құн 
өндіретін жұмыскерлердің иесіз қалған адал еңбегінен басқа ештеңе емес, бұл 
құнды кейін капиталистер иемденеді және өзінің байлық жинауға деген 
тойымсыз пиғылын қанағаттандыру мақсатымен «заттандырады» деп көрсетуге 
тырысты [1,29б.]. Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір 
сүріп келеді десе болады. Ақшаға дейін әр уақыттарда және дүниенің түрлі 
бөліктерінде адамдар айырбас құралы ретінде әр түрлі тауарларды – астық, 
мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы 
ақшаның есебінде күміс пен алтын айналымда болды. Алғашқы монеталар 
біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал 
біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері 
монета деп аталды [2,14б.]. 
Тауарлық 
өндіріс 
пен 
айналым 
көлемдерін 
кеңейту 
айырбас 
операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және 
жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын 
қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, 
ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары 
құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете 
алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмастыру 
қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен 
еңбектің шынайы құнынан жоғары болады [2,15-16б.]. Демек, тауармен 
салыстырғанда ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан 
жүреді. Ақшаны өзен үстінен өткен көпірімен салыстыруға болады, оның әр 
түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, 
баға мен еңбекақы орналасқан [2,8б.].
Немістің философы және социологы Георг Зиммель ақшаны құнның нақты 
формасы ретінде қарастырды. Басқа деңгейде Зиммель мұны ақшаның өзінен 
емес, әрекет етушілердің «ішкі дүниесіне» , жалпы объективті мәдениет сияқты 
құбылыстардың кең спектріне тигізген ақшаның әсерімен сипаттаған. Тағы бір 
деңгейде ол ақшаны «айырбас, жеке меншік, ашкөздік, экстраваганттық, 
арсыздық, жеке тәуелсіздік, өмір стилі, мәдениет, тұлғаның құндылықтары» 
сияқты өмірдің басқа компоненттерімен байланысқан ерекше құбылыс ретінде 
талдады. Жалпылай келе, Зиммель ақшаны «өмірдің бар жиынтығын түсінуге 
септігі бар ерекше компоненті»деп тұжырымдады.


99 
Ақша философиясының Карл Маркс еңбектерімен ортақ тұстары көп. 
Маркс сияқты Зиммель де капитализмге,ақша экономикасы туындататын 
мәселелерге зейін қойды. Алайда осндай ортақ тұстарға қарамастан, бір-бірінен 
айырмашылықтары 
таңғаларлық. 
Мысалы, 
Зиммель 
өз 
заманының 
экономикалық мәселелерін жалпы мәдени мәселесінің ерекше көрінісі, 
объективті және субъективті мәдениеттің алшақтауы деп қарастырған. Маркс 
үшін бұл мәселелер капитализмге тән,бірақ Зиммель үшін олар тұлғаның 
объективті мәдениет алдындағы қауқарсыздығы-жалпыға ортақ трагедияның 
бір бөлшегі болған.
Маркс талдауы тарихи ерекшелікке ие болса, Зиммельдің талдауы адамзат 
тарихы ағымындағы мәңгілік шындықтарды айқындауға бағытталған. 
Фрисбидің айтуынша: «Оның «Ақша философиясында»...жетіспейтіні...бұл 
ақша қарым-қатынасының тарихи әлеуметтануы». Шын мәнінде, Зиммель 
социализм «Ақша философиясында» талқыланған мәселелерді шешудің орнына 
оларды өршітеді деп есептеген. Ақша философиясы ақшаның жалпы 
формаларын және құндылықтарды талқылаудан басталады. Кейін келе 
ақшаның әрекет етушілердің «ішкі әлемі» мен жалпы мәдениетке әсер етуіне 
ұласады [3,189б.]. 
Жер біздің әр нәрсеге байыппен қарап, саламатты өмір сүруімізді қалайды. 
Бірақ соған қарамастан материализмнің деңгейі артуда. Дегенмен дәулетті 
елдерде экономикалық өсудің адамдарды қанағаттандыра алмауы таңғаларлық. 
Тұтыну мүмкіндігінің көп болуы, шынымен, «жақсы өмір сүруге» ықпал ете 
ме? Материалдық әл-ауқатты жақсарту психологиялық әл-ауқатпен өзара 
байланысты ма?
Бір жүз отыз екі елде 136 000 адамға жүргізілген бір сауалнамада өмірге 
қанағаттанудың қаржылық табыспен бірге өзгеретіні анықталды. Көбірек табыс 
табатындар 
аз 
табыстыларға 
қарағанда 
өмірлеріне 
айтарлықтай 
қанағаттанатынын айтқан.
Алайда, қуаныш, бақыт және субъективті әл-ауқат секілді позитивті 
сезімдердің ақшаға тәуелділігі азырақ және өзін қадірлі сезіну, өз өміріне өзі ие 
болу, жақын достар мен отбасының болуы секілді факторларға тәуелділігі 
көбірек. Сауалнаманы жүргізген негізгі зерттеуші өз сұхбатында ақша туралы: 
«Ақша қанағаттандырады, бірақ өзіңді жақсы сезінуге көмектесе алмайды. 
Позитивті сезімдерге ақшаның ықпалы аз, оған көбіне адамдардың күнделікті 
істейтін істері әсер етеді», -деген.
Бір зерттеуші адам материалдық мақсаттарды көбірек көздеген сайын , 
тіршілікте қанағаты мен бақыты азая түседі деген қорытындыға келген. Тағы 
бір зерттеу кірісі жоғары адамдардың өмірі қарбалас болып, демалуға аз уақыт 
бөлетінін анықтаған. Жоғары кірісті адамдар салыстырмалы түрде уақытының 
көп бөлігін бақытқа байланысты әрекеттерге емес, күйзелісі көп әрекеттерге 
бөледі [4,387-388б.].
Шын мәнінде, кәсіпорынның аман қалуы үшін капитал қажет; жеткілікті 
қаржыландыру болмауына байланысты бизнесте түрлі сәтсіздіктер болып 
жатады. Алайда ақша-сәтсіздіктен сақтайтын жалғыз қорған емес. Жеткілікті 
қаржыландырудың болмауы – көбінесе басқа мәселелердің: басқарушылық 


100 
қабілеттің, қаржылық сауаттың жетіспеуі, мардымсыз (жеткіліксіз) инвестиция, 
жоспарлаудың кемшіліктері және т.б көрсеткіші. Көптеген табысты кәсіпкерлер 
ақша жетіспеушілігін жеңіп шығып, венчур бастады. Ондай кәсіпкерлер үшін 
ақша-мақсат емес, ресурс қана.
XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы 
Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы 
туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау...кісі өлтіру заң 
тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала 
ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, 
сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, 
қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмтылар еді. Егер ақша 
адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілінен туған 
кедейліктің өзі де жойылар еді» деген болатын. 
Ол аздай Т.Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені 
ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты 
және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес» 
XIX ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға 
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны 
жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) 
кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған 
кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген 
тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін 
өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. 
Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына 
еңбек бірліктері-тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер 
энергетикалық бірліктерді –энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, 
біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін 
немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. 
Қанша дегенмен де коммунизм-ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар 
және бола береді [5,12-13б.]. 
Расында ақша ең басты мақсатқа айналған қоғамда бірқатар теріс 
құбылыстар туындайды, солардың ішіндегі ең басты екеуі –арсыздық етек 
алып, әбден ығыр қылатын сүреңсіз қарым-қатынастың пайда болуы. 
Әлеуметтік өмірдің ең жоғарғы және ең төменгі аспектілері сатылып, бәрі бір 
ортақ мән-ақшаға келіп тірелгенде, арсыздық өрши түседі. Барлығын осылай 
бір қорытындыға әкеп теңестіру «қарым-қаынастағы барлық нәрсенің құны бар, 
нарықта барлығын сатуға және сатып алуға болады» деген арсыздыққа әкеп 
соғады. Қысқаша айтқанда, ақша-эстетиканың абсолютті жауы, ол барлығын 
формасыздыққа және тек сандық құбылыстарға әкеп тірейді.
Осы тұста, Зиммель бөліп көрсеткен ақшаның жағымсыз әсерлерін 
ұсынсам:
1.
Адамдар жеке тұлғамен қарым-қатынас құрғанның орнына , біз тек 
позициялармен қарым-қатынасқа түсеміз-тасымалдаушы, наубайханашы және 


101 
т.б –осы лауазымды кім атқаратыны ескерілмейді. Яғни, осыған байланысты 
мәселе-ақша экономикасының жеке еркіндікке әсер етуі. Ақша экономикасы 
жеке тұлғаны билеп-төстеуге барынша жол ашады.
2.
Ақша экономикасының тағы бір ықпалы- ақшаның адам өмірінің 
стиліне әсері. Мысалы, ақша экономикасы басым қоғамда барлығын себеп-
салдар байланысына әкеп тіреу үрдісі байқалады, олар эмоциялы емес, 
интеллектуалды қабылдануы мүмкін. Осыған байланысты Зиммель замануи 
әлемді «есептеуші кейіпкер» деп атаған. Ақша экономикасына сай келетін 
зияткерліктің ерекше формасы- математикалық ойлау әдісі. Бұл,өз кезегінде, 
әлеуметтік әлемдегі сапалық емес, сандық факторларға баса назар аудару 
үрдісімен байланысты.
Мұндай сәйкессіздік қарқынды өсуде. Күн сайын объективті мәдениет 
байлығы артып келеді, алайда жеке ақыл өзінің даму формасы мен мазмұнын 
тек сол мәдениеттен алшақтап, оны баяулату арқылы байыта алады. 
Барлығымыз байыған жақсы, бірақ Абай атамыз айтпақшы «Қалта байығаннан 
бұрын рухани байып жетілуді кемітіп алмайық жастар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет