115
Дарынды балалармен жұмыс жүйесі бұл жүйе- құрылымдық тұжырым,
басқару теориясы, педагогикалық үрдістің тұтастық теориясына сай
балалардың, мұғалімдердің іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсатарын,
міндеттерін, мазмұнын, тәсілдерін, нысандары мен әдістерін қамтиды.
Бағдарламаның мақсаты:
дарынды балалар мен жастарды іздестірудің, оқыту және тәрбиелеудің
негізгі стратегияларын анықтау;
Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың
ортақ және үздіксіз үрдісін дамыту және қолдау; талантты жастардың
әлеуметтік –мәдени қалыптасуына көмектесу.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
дарынды балалар мен жастарды іздеу, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі іс-
әрекетті реттейтін құқықтық базаны жасау;
дарынды балалар мен жастарды іздеу, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі
практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құру;
дарынды балалар мен жастармен жұмысжасайтын педагогикалық
кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру;
оқыту үрдісінде және дәстүрлі сайыстар, пән олимпиадаларын, ғылыми-
практикалық конференциялар өткізу үрдісінде дарынды балалармен жастарды
айқындау мен таңдаудың технологияларын жасап шығару;
білім берудің жаңа технологияларын жасау және жүзеге асыру;
дарынды жастар мәселелері және балалардың ақпараттық алмасуы
бағдарламасын жасау.
Қорыта айтқанда, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,
қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді
дамытатын –оқыту мен тәрбие болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: