Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Ақ Бақсылықтың мақамы және зікір хикметтері



бет37/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Ақ Бақсылықтың мақамы және зікір хикметтері.
Құран түскенге дейін, тіл білімнің құпия саласы болған, бақсылық істерді меңгеру үшін, түрлі дұғаларды, түсініксіз сөздермен мақам жасап, жын-шайтанның арасын ажыратуды, емшілік істерін жүргізуде пайдаланған. Ал, негізінен ислам келгенен кейін, ақ-бақсылық, тіл білімін меңгеру, діннің елшілік істері болып, інжілде көрсеткендей, сенімнің жоғары дәрежесіне әулиелік сатылардың бигіне жеткен сопылар, қарапайым сөзбен-ақ, тылысым қуаттарының тілін біліп, бұйрық беру арқылы, жындарды аластауды, түрлі аурулардан сөз арқылы сауықтыруды меңгерген. Бұндай жағдайлар қазақ аталарымыз исламның арап еліне келгенге дейін де, кейін де, құран аяттарын пайдалану арқылы жалғастырып, талай хикметтерінен үлгілер қалғаны тарихтан мәлім. Ал, аятта Раббымыз, Мұхаммед пайғамбарымызға; «сен бақсы емессің, ақын емессің»,- деп ескертуінің өзіндік сыры бар. Оған себеп, құран аяттарының оқылуы мен оны үнемі есте сақтап жүйелеп, үгіт, насихатын түсіндіріп, намаздарын орындауларын көрсетіп, үлгі қалдырудың өзі, бір адамның бойына сиятын іс емес, мұғжизаның үлкені және бақсылық, ақындық қасиеттерден де жоғары тұрған, барлық құпия болған тіл білімінің жоғарғы дәрежесіндегі ғалымдық қасиет еді. Сондықтан «Кімге ғылым берілсе онда соған мол игілік берілді деп есептеңдер», деп тіл білімінің жоғарғы дәрежесін, рухтың тілін толық меңгеруді ескерткен. Бірақ, пайғамбарымыздың діннің, иманның құпия қуаттық дәрежелерін де, яғни ақ-бақсылықты меңгергеніне көптеген дәлел, көрсеткен хикметтері де бар. Ислам дінінің бекуімен бірге, сахабалардың сенімділігін, иманын артыруға және ислам, құран мұғжизасына күмән келтірген, қарсы шыққан пенделердің, мүшкіріктердің де иман келтіруіне көрсеткен, түрлі мұғзижалы хикметтер мен аспан мүлкі; айды да екі жарып көрсету хикметті және миғраж оқиғасы, пайғамбарымыздың осы ақ бақсылық қасиеттің, елшілік істерінің және иман қуатын меңгерудің, ең жоғарғы дәрежесіне көтерілгенін ескертеді. Енді пайғамбарымыздан кейінгі келетін елшілердің, жол басшыларының аяттарды оқуға берілген жаратқанның нығметінің растығын мойындау үшін, міндетті түрде меңгерген кітаптары яғни ерекше хикметтерімен белгілі болып, сонан қазақтағы кітапқа, хикметті істерге иелік етуші; «қожа» ұғымы қалыптасып, оны көрсеткен елші, қожалардың ұрпақтарын да, көрсететін хикметі, бақсылық істері, кітабы болмаса да, қожалар руына айналдырып, ерекше жартылғандар яғни арап тұқымдастар қатарына жатқызумен, құран насихатын да, жан ғылымын да теріске алғаны хақ. Бұндай жалған пәтуа, пікірлермен; құранға, жаратушы үкімдеріне қарсы шығып, күдіксіз Раббымызға ортақ қосқан ел болып саналамыз. Ал негізінен бұл кітап алудың нығметті әрбір дін ісімен, құдай ісін қатар алып жүре білген, Алла жолында мал-жанымен соғыса білген, әрбір ұлтына, руына, нәсіліне де қарамай қалаған құлына берілетін ерекше сый болып есептеледі де және пайғамбарымыз; «Араптардың өзге рулардан, халықтардан ешқандай артықшылығы жоқ» деп ескерткен. Арыстан бабамызға пайғамбарымыз құрманы тапсырғанда, діннің тазалығын сақтау қожалығын да бірге аманаттағанын білсек, онда бабамыздың немересі Сунақ атамаздан тарғандардың бәрі арап нәсілі емес, керісінше қыпшақ болып, онда енді қалай атауымыз керек? Сол сияқты, Укаша атамызбен бірге барып соғысқа қатысқан, тікелей пайғамбарымыздан батасын алып, қожалықты меңгерген, қыпшақ нәсілді аталарымыздан тараған үш жүздің негізін қалайтын әулиелер ұрпақтарын да кім деп атаймыз? Сонымен бірге мұсылманды бір- бірінен мынау төренің немесе қожаның тұқымы деп ерекшелеуден құранға да, пайғамбар өсиетеріне де қарсылық болып саналады. Сондықтан да «Қожа» атауы, әулиеліктің құранды меңгерумен және арнаулы хикмет алумен байланысты болып, бұндай дәрежені; «Пайғамбарымыздан; «Алланың кәміл құлдары (қожалар) кімдер?»,-деп сұрағанда: «Алланың әулие құлдары-жүздеріне қарағанда Алланы еске түсіретіндер»,-деген» (ибн Мәжжәдан) Ал, құран ғылымында «қарағанда Алланы еске түсіретіндер» маңдайдағы сәзжде ізі «насыр» деген жұлдызы жанған, қуатпен байланысты болып табылады. Осындай астарлы атаулармен берілген жан, рух қуаттарының арасын бөліп, онан кейін қайта бірлену хикметтерінің меңгерудің сырын Ясауи бабамыздың; «Ху», Хай», «Әнталхап»,- деп айтып жүрдім деп ескерткен. Бірақ мұндай әулиеліктің және иман қуттары болған, астарлы сөз сырларын, сол қалпында өлеңге айналдырып, зікір қылып айтумен сопы яғни қожа болдым дегендер де мүлде адасушылық болып табылады. Бұндай зікірлер, адам бойындағы қасиет көздерін ашуға бағыталған; Ху-зікірі шайтаннан түрткі болғанда айтылатын және шайтанды тәрбилеумен, мидағы сары суды шығарып, ойды қалыптастыру мақсатында белгілі бір аяттармен, атаулармен айтылса, ал Хай-зікірі, жынмен арпалысу мақсатындағы құраннан берілген ем-шипа аяттарымен және түрлі қамшы, үн аспаптары, аса таяқ сияқты емдік мақсаттағы құралдарды пайдаланумен белгілі бір мақамға айналдырумен де байланысты. Әнталхап-зікірі қазіргі кездегі жалаңаш азған әйелдерге, еркек жынмен-шайтанның араласуымен болатын, ең қауіпті қара күштермен соғысу тәсіліне байланысты, құраннан заманның ерекшелігіне қарай ем-шипа болып, Раббымыздан уахимен арнаулы берілетін аяттар мақамы болып табылады.Бұл хикметер, қазіргі таңда, ата жолдық біздерге көрсетілген жағдайда; «Ясин», «Аятул күрсі», «Құрайыш», «Філ» сияқты сүрелер арқылы орындалады. Бұл қуаттар сондай арсыз әйелдер арқылы еркекке неке төсегі және жезөкшелермен «бой суыту» мақсатындағы жыныстық қатынас арқылы да, суықтық, «тымау індеті», бейнеленген иіс болып енетін; «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп білген аталарымыз. Осындай насырлық қасиеттің екі түрі, «жұлдызы», әулиелігі болып, оны; «Қожа насыр» және «Әбу насыр» деп атаған. Ал үшінші жұлдыз, адамның малдық қуатын ақыл «Қайратқа» ерік күшіне өнерлерді, шаруашылық істерді меңгеруде еңбектеніп, бейнеттің зейнеттерін алу арқылы дүниелік нығметке, несібеге, ризыққа байланысты болады. «Қайрат,Лама, Шәрип» деген осы адамдық қасиетті үш жұлдыздың, пайғамбарлық қасиеттің «Ахмет» дәрежесінің белгісі. Бұл белгіні құран сүрелерінде; «Аліф Лам Мим» деп құпиялап көрсеткенде, оның сандық белгісі 124-болып, Ыбырайым пайғамбар жолына дейін қосылып, көк мүлкінің құпияларынан, сырынан білім алумен байланысты. Сондықтан құрандағы көптеген сүрелердің «Алиф Лам Мим» деп басталуының өзі сүренің ішкі насихаттық сырының үш түрлі құпиясын ескертіп тұрғаны хақ. Енді «Алиф»-тік білім жолымен ең бигіне көтеріле білген Әбу Насыр Әл-Фарби атамыз болса, ал «Лам»-алық, яғни Қожа насырлық биіктерін алған билеріміз, абыздарымыз, ишан, пірлеріміз жеткілікті. Қожа насырлық қасиеттер, Зәбур ұстанымдары Дәуіт, Сүлеймен пайғабарымызбен тығыз байланысты және исламдық та зікір хикметтерімен байланысты. Енді Қожа насырлар сөз құпиясын, құран ілімін меңгеру арқылы, түрлі хикметі істерді көрсетуші болып, ал Әбу насыр, құпия ғылымды, ілімнің білімін меңгерушілер, жетілдірушілер болып есептеледі. Қожа насырлар, қазақ еліндегі сөз ғылымы мен түрлі хикметерді көрсетіп, жынды байлау, тазарту, емшілік істерін меңгеруші сопы-дәуріштер болып саналады. Ал Әбу және Қожа насырлықты қабат меңгергендер, құран сырларын ашып, артында нұрландырушы кітабы қалған елшілер, Ясауи бабамыз сияқты жол басшылар кіреді. Сонымен бірге мүмін аталып, пайғамбарлық қасиетерді меңгергендер, түрлі жағдайдағы рухани шабыт дарындылықтарды, шығармашылықтарды, сазгерліктерді меңгерумен ерекшеленіп, «Мим»-ді меңгерушілер тобына жатады. Және пайғамбарымыздың; «Мен құранның жеті үнін меңгердім» деп ескертуінің де сыры мақам табу жәнен құранның жеті түрлі үндік, кітаптық, аруақтық қуаттық сипатын меңгерумен де «Мим»-дік болып саналады. Бұндай толық «Алиф Лам Мим» болған құран сырларын, 3-түрлі көрніске аяндарға айналуын, хикметтерін көркем сөзбен толық бейнелеп, санмен ғылымын көрсетіп шыққан, әлемде пайғамбарымыздан кейін, Ясауи бабамыздан жоғары әулие жоқ десек қате емес және оған дәлел болатын, сан ғылымының тәпсірі, нақты 3-түрлі сандық өлшемдермен жазылған «Сани дәптер» құран тәпсірі кітабы да, әлі зертелмей, сондықтан әлемге де танылмай жатыр. Әбу насыр хакимдік, ғұламалық қасиеттер болып, «Әліп Лам Мим» сырын ашып, оны ақындық көркем сөзбен насихатын ашып, қазақ ұғымынан түсінігінен қарапайымдап, жақындатқан, көктің мүлкінің құпия сырларын да меңгере білген Абай-Шәкәрім аталарымызды да жатқызуға әбден болады. Олай болса Абай-Шәкәрім аталарымыздың зікір қуатын 124-санымен белгілеуге әбден болады. Және маған ескертілген аян бойынша Абай атамыздың зікірлік «Лам» қуаты 127-санмен де көрсетілді. Болашақта бұл сандар құпиясының да маңызы, ғылымы, өлшемдік құпия сырлары да мәлім болары хақ. Сонымен мұндай ділді қалыптастыратын қуаттық шамалар, болашақта ғылымда айқын болуға тиісті, Абай-Шәкәрім атамыздың жерленген орнынан, Раббымыздың қалаған құлынан берілетін нығмет несібе, ой қуаты-ойпат деп біліңіз! Сондықтан да, Абай танушылардың Шәкәрім атамыздан иман қуатына жалғанып барып, екеуінің арасын біріктіре білмеген жағдайдағы тірліктері, бос әурешілік, болашақ білімді, ілімді меңгеретін жастарымыздың алдында да әлем ғалымдарының алдында тек күлкі боларымыз хақ. Шәкәрім атамыз қожа насырлықты да меңгеріп, Абай атамыздың хикметті сөздерінің сырын жетілдіріп, және бақсылық істерге айналдырумен, бірақ көрсеткен хикметтері тек кітап жүзінде өзінің баяндауымен ғана бізге белгілі болғандықтан, сол кездегі халық дала кезген; «Қожа насыр» деп «жынды» атағаны сөзсіз, бірақ онда ақ бақсылық негіз бар екенін, ол заманда ешкім біліп бағалай алмады да. Бақсылықтың негізі Кришналық, будда, шамандық дін ұстанымындағы үн құдіретін меңгеру деген бағыттың ең тазасы, қазақ аталарымыз үнді түрлі аспаптармен әсіресе қобызбен, домбырамен жаратылыс сырын жырлап және құран аяттары арқылы жын-шайтанды аластауды, қамшымен шипа беруді жетік меңгерген. Сондықтан Шәкәрім атамыз бұл бес қуатты мегерудің құдіртті үн мақамды «Қорқыттың сарыны», «Қобызым неге сарнайды» деген өлеңдермен суреттеп көрсеткен. Барлық жаратылыс егелерінің үндерінің бірленуімен, Раббына қосылуға соған байланысты құран аяттарынан рахмет үлесін алумен көрінетін, Алланы дәріптеу мақамы деп, және Тәурат арқылы берілген мұғжиза, Алланың кеңшілігі, Мұса пайғамбар бақсылық істерінің жалғасы деп; 64-сүре мен 64-ші санды аяттардың қиямет мезгілінің сарынын, сүр үрілу жұмбағын, Алланың мейрімі түсіп, пенде бойындағы түнек күштерін аластап, жамандықтан тосудан белгі, хикмет көрсетуді; «...Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейрімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер.» (2-64) «... Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Мұхаммед «Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер де» (27-64) Шыншылдық, дегеніміз Алланың кеңшілігіне кемелдікке, әулиелікке, кітаптарына қожалыққа жетіп, дәлел келтіріп, жын-шайтанды ауыздықтай білуде, және құранның 7-түрлі де үн құпиясын меңгеріп, өлімге қарсы тұра білуде деп: « ...Аңғармай кетпе арынмен, Қобызбен Қорқыт сарнаған. Болмады жері бармаған, Мұңлы әнмен өмір суреттеп, Сол әнім соған арнаған...Әсерлі үнмен толғаған Сол әнді ойым ұнады. Зарласам, көңілім тынады. Сарынға өлең салдым мен Түп-түгел сөз боп шығады...Ескіден қалған бұл жұрнақ, Жақпаса қойсын жастарға, Жырлаймын ойлы достарға, Мен өлсем сарын жоғалар, Қимадым көміп тастауға. Сондықтан айтқан бұл жұмбақ Сарын тез жайылар бойға. Айдап түсірер сен білмеген Тіпті жат ойға. Жын-бақсыларға келер сондықтан, Жас жиналғандай тойға. Сарынға жастар салмасын, Арам жын келіп қалмасын. Таза ақыл табам деп жүріп, Абыройын жойып алмасын. Ол дайын болар қасыңда, Шақырма іштей мастарың. Байқа, ал, шақырам жынды, Ойла тереңнен, Нені ішемін, шақырам мен кімді? Ол адамдыққы мені жеткізер. Сол жояды шер мұңды...» Бақсылықтың құпиясын меңгеру үшін мастық пен, жастықтың әсерінен құтылып, 40-тан асып ақылың толып, ішкі рухани дүниең таза болғанда ғана жын қуатын, яғни бес түрлі қуатты шеріктерді меңгеру тәсілдерін, зікірін меңгеруге болады деп түсіндіреді. «Бақсымын жырлап сарнаған, Денем жоқ әсер бармаған. Мидағы жыным, түгел кел. Хақиқат іске арнаған! Басайын қобыз пернесін! Монтаны талай мұңдар бар. Нәпсіге ерген сұмдар бар. Адамды аңша аулатқан. Алдамшы арсыз, жындар бар. Ондайлар маған келмесін, Олар –жәдігөй шайтан, Ойды улатып, Көзді байлап жүрген қу сайтан. Сол хақиқатты айтам Шәкәрім атамыздың бұл насихатында болашақта іс жүзінде көрсететін ақ бақсылықтың хикметтері бар. «Сол хақиқат» деп, әуелі оң қол Ғиса пайғамбармен жалғанып, сосын сол қолдың ағарып барып, Мұхаммед пайғамбарымызбен (40-шілтен және Ғайып Ерен-7-Бір) 47-ге жалғануды ескерткен. Бұндай арам жындардан тазару және қосымша жындардан қуат алу, өте ыждағатты және тазалықты қажет ететін сопылық мақам. Бұл мақамды Қорқыт атамыздан қалған, түрлі күйлерді орындау арқылы және құран аяттары арқылы да іштегі сезімдік үнді меңгеріп, құран аяттарын оқығанда, мақамға айналып қобыз болып сарнап шығатын, сол арқылы рухани кеселдерді жеңілдетуге болатын сырлары меңгеріп, жетістіктерге жетіп жатқан шәкіртерімізде жеткілікті, ата –жолында. Бірақ бұл жағдай, тек арнаулы әулие бастарында және ордалардың тазалығына байланысты салатын мақам сарын болып, жаңадан дінді меңгеріп, бойы өрісі, зейнет киімі толық қалыптаспағандарға болмайтын және кері әсері де болатынын ескерген жөн. Еліміздегі парсы, арап елдерінен келген, өздерін тек сақал жіберіп, шапан жамылып, намаздарды көбейтіп оқи бергененен сопылық жолдамыз деген, сұхбат, насихат зікірлерімен және намаз оқу ішіндегі түрлі «Ху» сипатты зікірлермен ғана шектелген, түрлі діни топтармен және түркілік топтың бірі, «Нахшпандиліктердің» зікірлерінде де, қазақ аталарымыздың ұстанымынан көп айырмашылық пен біздің ділдік, үндік сипатымызға қабыспайтындары да және сопылық мақам табудағы іс шараларының намаз орындау мен, толық орындау шаралары да білімі де жетіспейді және белгілі нұрландырушы кітабы да жоқ. Көбіне түркілік қожа насырлық негіздегі «Тасаввуф» естелік жазбаларына ғана сүйенеді. Ал «Ясауи» тобының айқай зікірін жын мен шайтанды айыру тәсілі болып, бірақ оны тек есіріткі шегіп, арақтың соңына түсіп, кәпір жынмен бірге қу сайтанды жүктеліп алғандарға болмаса, жалпы ақылы сау адам баласына рухани жетілуге пайдасы аз және зияны да тиеді. Тек, оны орындауда, үнемі құлшылық, қосымша нәпіл намаздармен, сұхбат зікірлермен ғана теңеп отырмаса, сана жабылады және мейлі қандай кісілігі толық адам баласы бола берсін, мұндай жария, айқай зікірдің тәсілімен ақылдың жетілуі тоқтап, қасиеттілік те өспейді. Бұл негізінен бұрынғы замандардағы қара бақсылық сатыларын меңгеру үшін ғана қолданылған тәсілдер. Бірақ қазіргі адамзат баласының білімі жетілген заманда, ондай жындардың да білімі, бұрынғы заман жындарынан жоғары екенін ескерсек, онда бұл тәсілмен, тек өзіңе қосымша тазармаған жын қуатарын жүктелумен ғана аяқталатынын білген абзал. Сондықтан аятта; «Дауыстардың ең жаман есектің даусы» деп ескертуінен, мешіттердегі ораза кезіндегі айқай зікірден, кітап арқалаған есек жындармен жүктелу сөзсіз. Қазіргі дін муфтиятының ұсынған, тура жол бағыты деген діни ұстанымдары намаз оқу арқылы, құранды өлшемсіз жатап алып, арап тіліне, үніне байланысты тіл ғылымы «қырағатты» түркілік мақамға, сезім қуатының рухани сүннетелуге және ақыл-ойды шектеп, бес уақыт намаз оқуға, мешітке байлап қойуға бағыталған, «қызылбастық жол» масһабшылардың ұстанымы; заман біліміне, жын, шерік қуатарының 1000-жыл ішінде жүздеген есе жетіліп, құран аяттарының құпия сырының ашылуымен, күнәнің де жетілуіне байланысты, және сана қуатын қалыптастыру барысында, білімді адамдарға, кітап берілгендерге намаз оқып, шариғат заңын үйреткені ғана пайдалы да, ал онан жоғары рухани өсуге, ақталуға берілетін жеке-жеке сана жобасын алуды шектеп, керісінше мәгүттікке жетелеп, «тәкледи иманды»-бес сезімге табынушылықты ғана қалыптастырады. Абай атамыз сондықтан да; «Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас (бақталастық)-өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирсалану (беріліп, соңына түсу) жарамайды...» (32-сөз) деп Сәзжденің, иман келтірудің негізгі шартын ескертіпті. Ал мен өз басым; «Ясауи» тобындағылардың негізгі зікірлеріне, ұстанған кейбір дін салтына қарсылардың бірі бола тұра және жүздеген қисық жолдағыларды түзеткеніне куә болғандықтан, қазіргі таңдағы оларды жазалаған дін қандастарымызға және үкіметіміздің дінсіздік, надандық «әділдік» деп шығарған үкіміне, билігіне қарсы екенімді ашық білдіруден танбаймын және бұл жағдайды әлі зертеп, салыстырып, артынан Раббымның көрсетуімен қателіктерінде дәлелдеп, Құдайдың бұндай билік берген пенделеріне, алда уақыттарда қандай, азап, сынақ және қасірет беретінін, егер биліктегілер дұрыс шешім қабылдамаса, қателіктерін құран, інжіл арқылы көрсетіп, ашық халыққа да әлем жұртына да жариялайтынымыз да сөзсіз! Өз елінің ішіндегі дінде аяғын шалыс басқандар түгіл, тентегін де; «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген аталар аманатына да қиянат жасамаған дінге де, әділеттілікке де ата заңымызға да лайық болары сөзсіз. Сырттан келген залымдардың, бір қазақты, бір қазаққа діни сауатсыздығын пайдаланып, айдап салып, итше талатып отыруына жол берген, зиялы қауымның дін ғылымынан, жан сырынан мүлде сауатсыз екенін, болашақ жастарымызға да мүмкін сабақ болып, тариқаттан үлгі алып, мұндай есерлікті қайталамас деген үмітте бар. Құдайдың қандай әділ екендігіне, ал құрығы, әмірі; байлығына, лауазымының биік дәрежесіне де қарамай, бәріне де жететіне, сенімін бекіткен жастарымызға үлгі боларлық дәлелдермен, және жуық арада болашақ ел және дін басқарушыларына да сынақтармен жауап келіп, сабақ та болары хақ. Сонымен енді, Құран бойынша зікірдің 196-жерде түрлі сандармен көрсеткен белгілері бар. Яғни екілік жүйеде; 196=16 санымен тақуалықты, зікірді меңгеру 16-сүре «Нахылмен» «Лам+А»-лық (Амалдық) дәреже болып есептелді. Және бұл белгілердің басым бөлігі адам тәні де сыртқы әсерден, әулиелер аруағы арқылы берілетін 81+18=99 оң, сол белгілермен, және жандағы ұйқы кезіндегі алатын белгілермен де тікелей қатысы бар. Оны ата жолында, тылсымнан «белгі алу» деп те атайды. Бұл белгілерге,тәндік таңбалануға байланысты жұбы болған, жанға келетін тікелей зікір қуаты да болып, аян алу арқылы орындалып, және олардың қанша түрі бар екенін, бір Аллаға мәлім деп айтқанымызбен негізгі өлшемі болу керек, және 16-сүре 128 аятпен(144-санымен) белгіленіп, оны яғни иманның алғашқы 60- бұтақтық қуатық белгісін де толық меңгеруге ата-жолының ақ бақсылық дәрежесі де әлі жеткен жоқ. Енді сондай зікірдің хикметінен бір мысал келтіре кетейік; Сегіз жыл бұрын бір көтеріліп ауырған жігітті Қара молда Баянбай атамыздың басына тылсымнан дем салдыруға апарып, оның ол жереге үйренгенінше қаруылдап, күзетуге 5-күн менің де сол жерде болуыма тура келді. Сонан екінші күні түнегенімде, аян көріп, және түсімде таң атқанша ойнап, жүгіріп доп қуалаумен болдым. Таңғы намазға енді тұрайын десем денемнің бәрі ауырып, шынымен өңімде жүгіріп ойнағандай, қол аяғымды зорға меңгеріп, амал жоқ тұрып, сонымен 3-4 күн бұлшық еттерімнің бәрі ауырып, қолым да көтертпей жүріп, бірақ қайтар уақытқа дейін бойым керісінше жеңілдеп, бір ауырлық жүктің түскенін сездім. Сонан өзімді сап-сау деп есептейтін, неге әулие басына барып ауырдым, деген іштегі сауалмен, бұл құбылыстың сырын білуге Алматыдағы ордалардың біріне барып, бір аққудан Баянбай атамыздың батасын сұраттым. Сонда атамыз; «Екінші күні түнегеніңде 24-жасыңда бойыңа енген кірген суықты (шерік қуатын), зікірмен аластадым»деп ескертті. Ал, әрбір тәндегі теріс белгі қуатпен, сәуленің жан өріснде бейнлену арқылы, тән ошақтарына еніп орын алған суықтық, өсіп-өніп болашақ ауру, өлімге соқтыруыда сөзсіз. Осы хикметті істерден кейін, әулие бастарында талай адамдардың осындай зікір түстерін көру арқылы, жандарындағы жүктері түсіп, қаншама дерттерінен оңай жазылғанына жүздеп дәлелдер көрсетумен бірге, нақты істермен де қайталап дәлелдеуге де болады. Бұндай жағдайлар әулие аналар басында да болып, мысалға Қызылода обылысындағы Гүлнүр ана басынан түрлі қотыр, жаман жаралар және күрделі іш құрлыс аурулары да жазылып жатқанына, тұрақты зияраттап жүрген халық куә. Бірақ басына барып, ол жердегі киелі судың жағдайын, салған құрлыстарын көргенде қазақ ел басқарушыларының бақты бағалай білмейтін, жүрек көздері жабылып, ел болашағы түгіл, 3-жылдығын да болжай білмеген, рухани тұрғыдағы надандықтарының бейнесін анық байқайсыз. Осындай түрлі аурулармен, нақты ем жүріп жатқанына дәлел; Алматыдағы, Әлмерек ата үш бұлағының хикметтері туралы да алдағы басылымдарда арнаулы тоқталамыз. Сол сияқты кейбір жағдайларда, жүрек ауруының сырқаттарына ота жасамай-ақ, үш жүзге пір болған Мүсірәлі сопының басында да болып жатқан хикметтерге, көрші Росия елінен де келіп, емделіп жазылып жатқандарына куәлік беруге болады. Қордай асуындағы, Қордай ата басындағы «Тізгін» бұлақтан 3-күн түнеп, ем алу арқылы, тізе, аяқ буындарынан құлан таза жазылуға болатынын да біле бермейміз. Сол сияқты Укаша сахаба басындағы құдықтан көрсетілетін ем шипа хикметтері мен, Ғайып Ерен Қырық шілтен тасынан болып жатқан хикметті жағдайлар туралы да, және қазақ жеріндегі осындай әулие бастарындағы хикмет ерекшеліктері туралы да нақты дәлелдермен талай кітаптар жазып, әлемге мақтанып, сауықтыру орындарына айналдыруға, ел экономикасына келер ұшан теңіз пайданы, көкірегі соқыр, жүрек көздері кереңдер ғана мойындай алмайды. Және пайғамбарымыздың ақирет сапары алдында, Укаша сахабаның пайғамбарымыздың арқасындағы мөрін сүйгенінен кейін; «Кім менің жаннаттағы көршімді көргісі келсе мына қартқа қарасын!» деген өсиеті қалғанын неге мойындай алмаймыз? Бұндай пайғамбар шапағатын жалғанып, ақирет өмірінде жаннатағы көршісі болу, ақ бақсы болған әулие-әмбилер емес, бүкіл өмірін Алланың жолында ізгілік, жақсылық жасауға жұмсаған, Алланың сүйікті құлы болған, қандай да бір адам баласының, мейлі әйел затының, аналарымыздың зияраттарынан белгілі бір тербелістегі, адамға шипа беретін зікір жарығының шығатынын білдіреді. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Науқасты емдеу-Алла Тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы-Алланың шапағатынан.» (445-өсиет) Енді ауруларды емдеу тек қана Алла тағаланың әмірі болып, ата жолындағы емшілік істерін жын-шайтанан дегендер де, өздерінің де серік қосушы екендігін осы өсиет ашықтайды. Және; «Азаптың ажалымен өлген адам (шейт болу т,б) ақирет күні өз тегінен шыққан 70-адамға жәрдемдесе алады.»(999-өсиет) деген ескетумен дін имадарымыздың, дін ғалымдарымыздың «Зияраттағанан пендеге шерік қосылады, немесе шіріген сүйектерден, аруақтардан да ешқандай адам баласына жәрдем болмайды» дегендей пәтуаларының жалғандығын, және өздерінің пайғамбарымызды мазаққа алған, өтірікші тажалдар екенін растайды. Бұл өсиетпен Алланның сүйген құлдары, әулие –әмбилер емес, жай ғана дін жолында ажалмен өлгендердің өзі, шапағат ету мүмкіншілгі барын ескертіп тұрғаны хақ. Сонымен әулие-әмбилер арқылы шапағат берілудің еркешелігі де, негізінен тағдырға берілген сынақтарды қалай түзеуге болатынын, ескерткен аяндармен, уахиларға байланысты болса, онда пайғамбарымыздан; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет) деген ескертумен тағдырларыңды яғни болшақ өмірлеріңді зияратау арқылы түзеп, аян алу арқылы жолдарыңды ашуға болады, деген өсиет қалдырып, ата-жолының ақиқатын шынға шығарған. Тарихта қалған бір мысалдарға тоқтала кетсек; әулие басынан шығатын зікір хикметін пайдаланудың бір үлгісін, Бекет атамыздың екі елдің дауласқан жанжалын соғысқа апармай–ақ, Қараман ата басында хикметпен дәлелдегені шежіреде баяндалған. Ал, қазіргі таңда да қазақ елінде осындай хикметті белгілер мен, көрністері де қайталанып жатқандығына және әулие-әмбилердің көрсеткен хикметерін меңгеретіндердің белгілері де көптеген қазақтың қара домалақ баларына көрсетіліп жатқаны да, сөзсіз шындық қана емес хақиқат. Бірақ жастарға жол көрсетін, үлкендердің, білімділердің арасынан ұстаздар дайындап, жетілдіруге үкімет, дін білімділердің хикметті істердің, иманың хақиқатына нанбай, шеттен келген індет, қағаз- кітапқа жазылған адасқан білімнің соңына түскен, шындығын көріп ілімнің ортасын, негізгі көмес кітабын таба алмаған, ой жорушы шайтаннан болған, діншілердің азғыруына түскенінен қазақ елінің рухани көші; 10-15 жылға кейін шегінгені даусыз. Енді, оның орнына қара түнек күштері үстемдік құрып; азап, өлім,ауру, от, су апаты сияқты хикметтерге айырбастап алдық. Бұған дәлел араққа құмарлық, түрлі азғындыққа құмарлыққа жынмен жүктелген жастарымыз, сарайының діңгегін күмістен салып, төбесін алтынмен жапқан әкім, ғалым, ел басшы, партия басшы, саясатшы, ақшасына шоқынған байлардың және арсыз «жұлдыздардың» бастарына, жан ұяларына болашақта көктен көрінбейтін тас, жүк болып жауатыны хақ. Көріңдер енді, берген нығметімді, рухани байлықты дүние қызығымен айырбастаған қандай екен!- деген құдайдың үкім ата-жолын сотаған кезден басталып, бұндай сатып алған қиямет мезгілі қазақ елі үшін 2017 жылға дейін үдей берері де сөзсіз. Мұндай жағдайда, қызыл ағаш оқиғасы алдағы түсетін сынақтармен салыстырғанда, әшейін тәнге шыққан жара сияқты ғана болар. Сондықтан «Мал-жаның» аман болсын десеңіз; «Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар», «Есің бар да, жоғалған еліңді ізде!» де «Өлі риза болмай тірі байымас!» деген аталарын аманатын орындап, бес күніңе, сыртағы бес қуатыңа жалған да өзіңдегі алтауыңды түгелде ағайын! Сапарда жүрген кездерде; дін, хикмет туралы пікір талас болып, көптеген жылдар «Нахшпанди» тобында «пірлік, халифалық дәрежеге жеттім» деген дінқандасымызға хикметті істер арқылы әулие басында қандай топтың тура жолда екенін хикметті іспен дәлелдейік. Мен, екі-үш шәкіртіммен ғана сендерге жақын жердегі Сыпатай батыр зікірінің, қылышының хикметіне жүгінейік, сендер бір-бірлеріңмен хабарласып, бір күнді белгілеп, барлығың келіңдер де, мен мына жақтан шәкіртерімен жетемін дегенде, меңгерген құранының, тапқан тура жолының хақиқатына, хикмет білімінің көрніс беруіне көзі жетпей, қорқып бірден бас тартты. Ал, бұндай қарапайым ашық ақ бақсылық хикметтермен, құран аяттары арқылы дем салып, темекіден, арақтан тию әдістерін қазіргі таңда, арамызда меңгеріп жатқан шәкіртеріміз жеткілікті. Ата-жолының және соған ұқсас көптеген зияратшы топтардың арқасында, еліміздегі имандылықтың қуаттарын меңгерудің үлгілері де қалыптасып, көптеген халықтың құдайдың хикметін көріп, тәубеге келіп, намазға, сәзждеге жығылып, бала туу санының артқаны және аурулардың азайуы да, (мемелекетіміздің ізгілікті іс шараларының да, қамқорлықтарының да себебін жоққа шығаруға да болмайды), бірақ негізінен халықтың рухани тазаруының, күнәлі рухани болмыстарының өліп, тәубеге келуі нәтижесінен, халқымыздың жапай түрлі індеттерге ұшырауының да азайуына құдай тарапынан жағдай жасалғаны хақ. Енді қияметтік мезгілдің, белгілі бір күні туып, ол күннің «Хаж-22» сүресімен, Алла жолында күресумен, Ыбырайым жолының үкіміне тәуелді болып, ал ұлттық әдет-ғұрпымыз болған, өз еліміздегі әулие-әмбилерге зияраттау «хаж»-дан ашық бас тартып, «шерік қосу», деп халықты бас тартуға азғырған, имамдардың, дін ғалымдарының қауымдық тазара алмаған «шеріктері», жындары өздері іздеп келумен, ондай пенделердің жан ұяларына да келіп, түрлі індеттің халық ішінде пайда болып, азаптала басталуы да сөзсіз. Мұндай жағдайдағы еліміздегі айқын көрнісін берген, хикметтерге сенумен, ел басшылары құдайдан кешірім сұрап, қайта заң қабылдап, күнәсін мойындап, тәубеге келсе, онда бұл хикметтердің құдайдан дәрежеленумен, еліміз әлемнің рухани көш бастаушысына айналып және дін имамдары да, ел билеушілері де ата-жолының сарбазына айналып, біздерге шәкірт болып, жобасын алып, күнәләрін жуға, ақталуға септігіміз тиіп, бақыты өмір сүрсе деген ізгі ниетіміз ғана бар. Бұндай кіндіктес ағайындарымыздың, мазаққа ұшырап, азапталуын біздерде қаламайтынымызды естен шығармаңыздар. Құдай өзінің сипатын толық білдірумен, адамзатқа құпия білдірілген белгілердің хақиқаты шындық арқылы шынға айналса, және оны меңгеріп, адам баласының игілігіне жарата біліп, осы өмірдегі дүние тіршілігінде де ұжмақтың дәмін таттыруға, дінің хақтығын көрсете білмеген, құр сәлде орап, шапан жамылып, құранды жатқа біліп, діннің білімін ғана көп білгенге мәз болып, ілімін құпия белгілерін, хикметті істерін меңгермей, тек қағаз жүзіндегі және тұрақты дін ісінен айналған біліммен ғана өлшеп, ғалым, теолог, хазірет, жазушы, философ, әкім атанудан артық дінді бөлшектеудің, рухани азғындаудың, өзімен бірге халықтың да көңілін жалғандыққа бұрудың және қазақ еліндегідей барды, растықты, хақиқат болып арамызға келген елшінің жүрек ашып көрсеткен, ашық мұғжиза хикмет зікірін бағалаудан, өлшеуден тиған зұлымдықтың жетілген әдіс-айласы жоқ болар, ислам әлемінде әзірге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет