Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Алланы еске алу-зікір,пәктеу, жарылқану тілеу хикметтері



бет36/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Алланы еске алу-зікір,пәктеу, жарылқану тілеу хикметтері.
Жалпы діншілер ұғымында; зікір айту дегенді, алқа-қотан отырып алып, бас шұлғып, немесе әр түрлі жағдайда арап тілінде дұға, аят немес таспих мадақтарын жабыла жарыса айқайлап, өлеңдетіп айтумен, ал кейбір діни топтар құпия зікір деп, іштен дыбыссыз, үнсіз әр түрлі дұғалар мен көп жағдайда куәлік дұғасын; «Лә илләһа илла Алла» деген сөздерді қайталаумен түсіндіреді. Ал негізінен зікір; Алланы еске алу болып, бүкіл құран амалдарын, намаз оқудың, жұманың және намаздарды толық орындаулармен, көркем сөз айту, сұхбат, шындықты айту және құран оқылып, орындалатын барлық амалдармен иман келтіруге негізделген істерінің бәрін қамтитынын көбіміз мән беріп біле білмейміз. «Бір күні Расулла дөңгеленіп отырған сахабардың қасына келіп оларға: «Мұнда не үшін отырдыңдар?»-деп сұрады. «Бізге Исламды нәсіп етіп, бізді үлкен сыйға бөлегені үшін Алланы зікір ету және шүкірлік ету үшін отырмыз» деп жауап бердік. Расулла: «Алла үшін шындарыңды айтыңдар!. Расында сендер бұл жерде тек қана, Алланы зікір ету үшін отырсыңдар ма?»-деп сұрады. «Мә, уаллаһи тек осы мақсатпен отырдық,»-деді. Сонда Алла Расулы: «Мен сендерге сенбегенім үшін ант етіп отырған жоқпын. Бірақ, маған Жәбірейіл келіп, Алла Тағаланың періштелерге сендерді мақтан тұтқанын хабар берді, сол үшін осылай дедім»-деп баяндады» Мұсылмандардың бір жерге жиналып алып; иман, шариғат құран аяттарынан үгіт, насихатын бір-бірінен түсіндірген, өз ара пікір, сұхбат құруды Алланы еске алумен зікір болып есептелетінін айқын түсіндіреді, бұл хадис-аятпен. Және Алла үшін қандайда болмасын, өзіңе зиян келтіретін болса да, шындықты айтыңдар, деп ескерткен де. Шындықты, Алланың аяттарын, пайғамбар өсиеттерін де насихатай білу де Алланы еске алып, зікір айту болып саналады. Сондықтан өмір сүру барысындағы, барлық себепшілерді, сахабаларды, әулие-әмбилердің де үлгілі істерін, ізгі, хайырлы амалдарын қайталаумен, Алланың берген, көрсеткен нығметтеріне рахмет, ризашылығыңды сөзбен бейнелеп өзге мұсылмандарға үлгі қылып айту шүкірлік ғибадаты да, зікір болып; Алланы еске алу болып есептеледі екен. (Мүслим, Зікір 40) «Мұхаммед Зияуддин ара тұра кішкентай баларын қасына жинап алып, олармен сұхбаттасатын. Сондай тағы бір сұхбаттан соң әйелі оған: «Олар кішкентай балар ғой, сұхбаттан не ұғар дейсің»-деді. Сонда Хазірет: «Олар да азды-көпті пайдаланады. Бірақ менің негізгі мақсатым, олардың бір нәрсеге түсінуі емес. Сұхбат мәжілісі Алланың мейрімін тартады. Мен сол рахметтің жолындамын. Бұл балалар дәнекері- дейді» Үнемі, көркем сөз айтып жаттығу, мақсатында да тіптен түсінбейтін балаларға да өсиет, уағыз айтуда жүректің жұмсарып, Алланың мейрімінің түсуіне септігін тигізеді екен және балардың аруағы, періштелері де тыңдайтынын астарлы түрде ескерткен. Сол сияқты Мұхаммед пайғамбар аруағы, әрбір мүмін болған кісімен тұрақты байланысты болатынын ескерткен, Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала бұйырады: Мен құлыммен Мен туралы ойына қарай қатынас жасаймын. Ол мені зікір еткен кезде мен онымен біргемін. Ол мені өз ішінде зікір етсе мен де оны зікір етемін. Ол мені бір топ ішінде зікір етсе, мен де оны топтан да қайырлы бір жамағат ішінде есіме аламын.» (Бұхари, Тәухид) Абай атамыздың; «Орынды іске жүріп, ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт...» «Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес..»«Кемелдік, оймен тілдің арасын бұзбауда» деген, сұхбатың негізгі қағидасы да ана тілін жетік меңгерумен, бес сезімнен де жоғары тұрған саналық, естілік қуаты болған; жеті-жетемен (аруақ) ойдың бейнеленуін, Алла тағаламен байланысты қалыптастыртынын естен шығармаңыз. Сонымен бірге, жаратылыс және оны жаратқан туралы, адам баласына келген игіліктердің, тек жаратқанан ғана болатынын, ал қайғы –қасірет, қиыншылық, ауру, кедейлік сияқты сынақтардың адам баласының өзінің және әке-шеше қауымының жасаған күнәларының өтеуі екенін түсініп, іштей жақсы ойда болып, Раббысынан, жақсылық, сауаптарына жарылқанатына шүбә келтірмей, үнемі есінен шығармай, ақ ниетті болу да Алланы еске алу-зікір болып саналады. Нахшбандидан: «Біздің тәрбие жолымыз сұхббатқа негізделген. Жақсылықтар-Алла үшін ізгі адамдармен бірге болуда. Олармен сұхбаттасып отырып, шынайы иманға жете аламыз.» Жағбар Бин Сүлейменнен: «Жүрегімде бір қаттылық сезінген кезімде дереу Мұхаммед бин Уасидің қасына барып, мәжілісінен қатысып, жүзіне қарайтын едім. Осылайша, жүрегімдегі қаттылық жоғалып, ішімде құлшылық ынтасы оянып, жалқаулықтан арылып, апта бойы осы шабытпен ғибадат ететін едім.» Мәжілістерде болып, шешендік сөздерді үйрену және тіл заңдылығын бұзбай сөйлей білу де, иманды бекіту амалы болатынын, және тіл білімінің имандылық турасында маңыздылығын, пайғамбарымыздан: «Тіл дұрыс бағытта болмаса, жүрек дұрыс бағытта болмаса иман дұрыс бағытта болмайды.» (Ханбалдан. 198) Олай болса, Алланы еске алып, зікір ғибадатын жасау үшін, әуелі ана тілін жетік меңгеру негізгі бағыт болып, екінші бағытың жүректің жағдайына байланысты болмақ. Сондықтан да сөз ғылымын меңгеруде, тіл мен ойдың арасын бұзбай сөйлеуді, дін философиясын жетік білуден және жүрек көзінің ашық болуы яғни ақиретпен байланысты да тіл білімін меңгерумен, өліктермен тілдесіп, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен ғана иманың дұрыс бағытта болуын қамтамасыз ете аламыз. Ал, ата жолындағы үнемі құрбандықтар шалып, құдайы тамақтармен жамағатты қалыптастырып, зияраттарға, алыс сапарларға бірге шығып, сұхбатас жолдас болу қазақтың ғұрпы, иманды меңгеру амалы екені де хақ. Енді аяттарға жүгінсек: «Қаншалаған кент Раббыларының және елшілерінің әмірлерінен бас тартты. Сонда оларды қатаң түрде есепке тартып, өздерін жаман азаппен қинағанбыз (8) (Раббымыздан күнделікті түсіп тұратын түс көру, аян, уахи-нұсқауларды, әмірлерін тыңдау міндетті.) Сонда өз істегендерінің сазайын тартты. Негізінен олардың істегендерінің соңы зиян. Алла оларға қатты азап әзірлеген. Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер, Алла сендерге бір зікір түсірді. (10) ( жоғарғы аяттағы ескертулер, істердің түс, аян болып бейнеленуі, әмірлер зікір болып саналады) Сондай иман келтіріп, жақсы ғамал істегендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін Алла сендерге аяттарын оқитын бір Елші жіберді. Кім Аллаға иман келтіріп, жақсы ғамал істесе, Алла, оны астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын ұжмақтарға кіргізеді. Расында Алла, оған нендей көркем несібе берді.» (65-11) Адам баласына жаратқаннан жіберілетін, үрленетін рухы да, сол адам баласына жіберілген, тағайындаған Елші-періштесі, яғни (11-санды кісісі) болуы міндетті болады. Ал енді жоғарыдағы (2-155) аяттағы 13-санды Мұхаммед пайғамбар аруағы деп ескертіп, енді 13-ші сүреден пайғамбарымыздың аруағымен қалай жалғанатын хикметі бар екенін білуге болады. Аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым, өзін өзгерпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Ірі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ (13-11) Осы аятпен әрбір пенденің 11-санды періштелері болатынын, оны 4+6=10; 10+1=11; сандық жүйеден пайда болатынын және негізінен бұл періштелердің, күзетшілердің бәрі жанмен басқарылатын «Аруақ» атты «Алланың өзі» болып табылатынын, «...Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ (13-11;23) сандық мәнімен, кітаптық жүйені ескертіп тұрғаны хақ. Сондықтан, осындай жүйемен салыстыра отыра, ислам ғалымдарының құранның жүздеген аятына ашық жала жауып қана қоймай, «Аланың өзін» яғни әулие-әмбилер жандарының «Бірлігін», шапағатшылығын теріске шығарып, «Алладан басқа» яғни «шайтанан» деген пәтуамен Аллаға ортақ қосатындықтарын, өз еріктермен мойындаулары да мүмкін емес. Сонымен, бұл аяттармен Раббымыздың, яғни Иеміздің, рухани әкеміздің өзі «Бір» болып, сондай бірліктегі елшісінің көрсеткені бойынша, ғамал істесе, онда дүние тіршіліктік өмірі де ұжмақтық болып, екі өмірдің де бақытына бөленеді деп ескертеді. Және де, бұл аяттармен жаратушымыз 11-санымен «құттарың» өздеріңде, Алладан тағайындалған елші күзетшілеріңмен бір қауым болып саналасыңдар. Сондықтан да елшілерге жазылу арқылы түсірілген қандай да болсын, тағдыр сынақтарын көріп, елемей, оны жақсылыққа жорып, амал жасамағандарға ешқандайда Алла тарапынан басқалай тағдырын өзгертуші болмайды. Және өз қауымыңнан басқа Алланың жіберген бейнетінен құтқарушы, қайтарушы жоқ. Алланың өзі-сипаты, хикметі қасыңда жүр, соған құлақ салып амал қыл,-деп ескертеді. Енді әрбір зікір, Алланы еске алу амалдарының, сұхбат мәжілістерінің бәрі ғибадат яғни намаз орындау амалына жатады. Ал, егер енді оған құранның белгілі бір жалбарыну аяттарын мен дұға тілектерін қоса оқып, намаздарды орындаған жағдайда, онда бұл амал сәзждеге айналып, және намаз оқу болып есептеледі. Әулиелер басына барып, құран оқып (намаз оқу), дұға жасап, өзіңе тілек тілеп және сұхбаттар құру, Алланы еске алу және Раббының аттарын еске алу зікір болып саналады. Құран аяттарында намаз оқу арқылы, Раббының аттарын еске алып құран бағыштап зікір айтуды «Пәктеу» деп түсіндіреді. «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер.(41) Оны ертелі кеш пәктеңдер (42) Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейрімді.» (33-43) Енді, сандық мәндерді зертеуді былай қойғанда, Алланың рахметін, шапағатын жеткізетін періштелер мен өз еркімен дұға қылатын, сөйлейтін жоғары ақылды, адамдық сипаттағы періштелердің де болатынын ескертеді. Бұл аятпен, бес уақыт намаз оқу барысында, ақшам және таң намаздарында құрандағы арнаулы уахи етілген, жалбарыну аяттары мен зікірмен қайталау түрінде оқып және бүкіл пайғамбарлар мен Алланың сүйікті құлдарын, ата-аналарыңды яғни Раббылырыңның аттарын еске алу да, момынның намазы «мүмин» болу деп ескертеді. Аяттағы 41-санымен де Алланың түсірген рахаметін орындаушы періштелердің, кісілердің болатынын, қазақтың дәстүрлі діні; «Ғайып ерен қырық шілтен»-Алланың өзіндік бір сипаты екенін білдіреді. Алланы еске алудың намаз оқуда, намаз орындауда және намаздарды толық орындауда, әрбір ұлттың үмметтік, тілдік ерекшеліктеріне де қарай өз араларынан тағайындалған, жол басшылары арқылы берілген шарттары, өлшемдері де бар. Мысалы арап тілді, сөзі қысқа бірақ көп мағыналы елдер үшін, тек құран аяттарының аясында зікірлері болса, түрік тілі, әсіресе сөзі ұзын қазақ елі үшін, зікірдің ауқымы өте кең. Сондықтан Арыстан бабамыз, Алаштан туған қазақтың тәжік нәсілді ұрпағы болып, Укаша сахабалармен бірге, пайғамбарымызға барып, ислам дінін орнатуға сахаба болып соғысқа қатысып, және пайғамбарымыздың құрмамен аманатын алып, 500 жылғы жер бетіндегі өмірінде бүкіл Азия елдерін аралап, дінді таратып, ислам дінінің барлық дінінің сатыларын меңгерумен бірге: 33-түрлі дінді білген деген сөз бар. Құранның 33-ші «Ахзап» сүресімен қиямет мерзімінің білімін және 1000-түрлі зікірдің сырын меңгеріп, Ясауи бабамызға үйреткен. Ясауи бабамыз, бұл зікірлердің намаздарын жетілдірумен үш топқа бөліп, орындау қағидасын көрсеткен. Осындай зікір туралы керағар пікірлерден, әрбір діни топтардың өздерінен тән ғана жүктелген зікірлері арқылы әулиелік дәрежеге жетіп, сонан пір атанып, өз ұлттық тілі түгіл, басқа тілдегі мұсылмандарға да, өздерінің діни рәсімдік ұстанымдарын тықпалап, ал оны жасамайтындармен қарсы болып, осындай 72-топқа бөлінудің өзі де зікірлік мақам табу әдеттерінен пайда болады. Сопылық мақам дегеніміздің өзі, әншілердің белгілі бір үнді сөзбен өрнектеп, өзгелерден ерекше шығарып, адамның есту сезімдеріне қуат әсер бергені сияқты, дін адамының құран аяттарын оқудағы ішкі 7-мүше (ағзалар) періштелер үнінің, әрбір пенденің өзіндік үн қуаты «До»-сы болған, бір дыбысқа қосылып, зікір салуымен көрнісін береді. Ал әйел затының үні өте нәзік, жіңішке әрі қысқа толқынды болғандықтан, көркем сөз, ән айтқанының өзі адам баласының ішкі сезімдеріне ерекше әсер беріп, не нәпсісін қозғайды немесе қиялға жетелеп, сөз ұғымы қанға, жүрекке тез қабылданады. Сондықтан құранды дауыстап оқуға, әйелзатына мүлде тиым салынған, өйткені; «Ақылы қысқа, шашы (жүн-үн) ұзын» болып, қысқа толқынды ұзын үнмен, нәпсіні, жынды шақырып бейнелеумен, керісінше зиян тигізеді. Әйелзатының дұрыс, таза ойының қалыптасуының өзі, зікір болып, жүректерінің тазалығын және қан тазалығын сақтайды, өз ұлтының діл қазынасын қалыптастырады. Ұлттық тәрбиесі дұрыс болмаған нәпсінің құлы болған қыз, келіншектеріміздің; тілі, сөзі және ойы жан-жақта болып, ділі азып жетілмеу салдарынан, өмірге ауру немесе рухани жетімсіз, тексіз ұрпақтар мен қандары да азып, өмір жастары қысқа, жұбайлық өмірді атқара алмайтын; «Қазақ қай бір сүтті қызын береді дейсің», «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» дегендей еркекке беретін; «көмір суы-винный уксус» атты өмір-көңіл суы, шабыты болмай, өмірлері де жесірлікпен, немесе «Қотырға соқыр сай болғандай» керісінше еректің қанын аздырып, санасын жауып, өзі де азған жұбайына сай тіршілік етуге мәжбүр болады. Негізінен ділі таза, ананың бесік тербеткен әлдиінен құдіретті үн, зікір де жоқ. Сондықтан; «Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мақалдың астарында үлкен некелік, жыныстық құпия сыр бар. Пайғамбарымыздың: «Мен жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым» деген астарлы сөзінің негізгі ғылымы пайғамбарымыздың намаздарының, яғни зікірінің нәтижесі, әйел затында діл бақшасын өсірумен, аналарымыздығы қолдарының «ақбілекке» айналып, жеті сүйегінің оң, сол болып дін тағдырынан айналып және іштегі, ағзадағы, тәндегі 3-түрлі періште жеті қозғалыс мүшесінің бірлігін; 7(1)+7(1)+7(1)= 21;(111;3)-санды «Әнбия» сүресінің, мұсылманның ақ туының, ата-жолы жалауының негізгі сыры осында тұр. Тек өкінішке орай, бұл жалау қазақ елінде Айша анамыздың ақ туы, зікірлер хикметі болып желбіргенімен, бұндай ашық хикметке, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаттарының бейнеленуіне, алдымен дін ғалымдары, жазушы қауымы, ел басқарушыларымыз қарсы шығып, өздері Құдай ісіне, хикметіне, иманға қарсылық жасаған; «... қабірдегілерден күдер үзген кәпір елдегідей...» (60-13) кәпірлерге айналғанын білер ме екен? Пайғамбарымыздың жұбайлары да осындай құпия сырларға байланысты, пайғамбарымыздың рухын толық тазартып, жүктеле алмай, ұрпақ сүймей, оң қолдарымен арап нәсілі болып, бесік тербетпесе де жан, рух сүннетелуі арқылы пайғамбарымыздың тегін, кітабын ақирет тіршілігінде қасиет қылып, қандарына жазып, оны аруаққа айналдырып таратумен, ислам әлемін сол қолдарымен жандары арқылы тербеткені хақ. Енді әрбір құран аяттарын, үгіттерін, ғибраттарын көркем сөзбен өнерлеп, сандық жүйемен насихатын белгілеп, жазылған әрбір өлең, жыр, қиса, ғибратты сөздер де зікір болып, оны түрлі жағдайда ән, тақпақ, мақал, насихат қылып айта білу де, сұхбат зікірінің негізі болып саналады. Қазақ елі бұл салада да, мол рухани қазынасы бар, және де әлемде теңдесі жоқ үлгісі бар халықпыз. Тек қолда бардың қадірі болмай, білімді қауымдағылырдың көпшілігі, өзгенің жуындысын көп ішкендіктен, дәмді сөздің қадірін білуден мақрұм болған елге айналып алдық. Ясауи бабмыздың хикметтерін, яғни әрбір санмен берілген аяндар, үкімдер жүйесін халықтың түсінігіне қарапайымдап жақындатып, дінді бір тек сәлде орап намаз оқып, сопылық қылдым деп сыртын бояу емес, ділді тазартып және оны өсіру үшін тіл білімін меңгерудің, яғни барлық жартылыс әлеміне жалғану, ішкі сырын зайырын меңгеру, иман атты құпия білімді жанға жазу екенін және бұндай дәрежеге жетуге қарапайым, ақын, жазушы, ғалым, шопан, шаруаның да меңгеріп, тақуа атанып, ұжмақтық болуға еркі бар екенін көрсетіп, насихаттап кеткен. Ал, Абай-Шәкәрім дін философиясымен, теологиясының Ясауи бабамыздың ілімін түсіндірумен және халыққа рухани қазынаның құпия сырларын меңгерудің есіктерін ашып беруімен және ислам әлемінде де жалпы бүкіл әлем философиясында сөз өнерінде, насихат зікірінде, ислам дінінде жүйеленген бұндай еңбек жоқ деп айтуға қақымыз әбден болады. Бұл еңбектерден артық, шабыт қуаты болып, ділін тазартуда, қазақ баласының жүректерін, терілерін жұмсартып, жаратқанға деген иманын жетілдіретін, зікірді қазіргі таңда қайталап кеңітіп жазған қазақ әзірге арамызда пайда болған жоқ. Абай атамызбен сопылық мақамды меңгеріп, Ясауи бабамызға жалғанудың ішкі сырын, зікірін және намаздардың орындалу сатыларын ашып көрсете білсе, ал осындай көркем сөзді баспалдақтар арқылы, көке де бір қуатпен көтеріле білгеніне нақты дәлелі бар Шәкәрім атамыздың еңбегіне, сопылық мақамдарды меңгердім деген, ғалымдардың, теолог, жан сырының «психолог» ғалымдарының да тісі әзірге бата қоймас. Олай болса, сопылық дін топтарының пікірі бар да, зікірі дұрыс және толық емес, сондықтан тура жолдың қисығына түсіп алып, тіл білімінің 70-сипатты сырын, құранды жатап, арап тілін меңгерумен, бет алдына лағып жүргендер деген пікір қателік емес. Алдыңғы алтыншы басылымда құран аяттарының зікірлік ерекшеліктеріне арнаулы тақырып арнап, ата жолында атқарылып жатқан дін тәрбиесінен арнаулы дәлел, мысалдар келтіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет