3. Мыс гидроксидін алу және қасиеттері. а) Мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасын алыңдар. Тұнбаның түсі мен қасиетін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Мыс тұздарының гидролизі. Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Реакция жүргені қандай белгілерінен байқалады? Мыс (II) сульфатының су қатысында натрий карбонатымен реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Мыс (II) комплексті тұзын алу және қасиеттері. Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне аммиак ерітіндісін алдымен түскен негізгі тұздың тұнбасын ерігенше тамшылатып құю керек. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс атомдары қандай иондардың құрамына кіреді? Түзілген ерітіндінің түсі қандай? Түзілген комплексті тұздың электролиттік диссоциациясының теңдеуін құрыңдар және комплексті ионның тұрақсыздық константасының көрсетілуін жазыңдар. Бұл тұздың ерітіндісіне сульфат ионының болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Ерігіштік кестесін пайдаланып, мыс (II) иондарының комплексті тұзының ерітіндісі анықтауға болатын реактивті табыңдар.