6. Бромид және йодид иондарына тән реакциялар. Екі сынауық алып, біріншісіне калий бромиді, екіншісіне калий йодиді ерітінділерін құйып, екеуіне де күміс нитраты ерітіндісімен әсер етіңдер. Тұнбалардың түсін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
7. Бромдылау қышқылдың тұздары. Шамалы бром суына ерітінді сарғыш тартқанша тамшылатып сілті ерітіндісін қосыңдар. Бромның сілті ерітіндісімен әрекеттесуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Ерітіндіде гипобромит түзілгенін дәлелдеу үшін индиго немесе фуксин ерітіндісін пайдаланыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |