2. Қосылыстарында азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді және максимальды коваленттілігі қандай? Мысал келтіріңдер.
3. МОӘ пайдаланып, азот молекуласының энергетикалық диаграммасын жазыңдар.
4. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда азотты алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Азоттың қандай сутекті қосылыстарын білесіңдер? Формулаларын жазып және аттарын атап, тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиет көрсететінін реакция теңдеулерімен жазыңдар.
6. ВБ әдісі бойынша аммиак молекуласының құрылысын түсіндіріңдер.
7. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда аммиакты алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
8. Аммиактың химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер, реакция теңдеулерін жазыңдар.