Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет34/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

2. Күкірт (IV) оксидінің қасиеттері. Күкірт (IV) оксиді бар сынауыққа жанып тұрған шыраны салғанда не байқалады? Түсіндіріңдер.

3. Күкірт (IV) оксидінің және күкіртті қышқылдың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері. а) Күкірт (IV) оксиді бар стаканға магний жағып салыңдар. Не байқалады? Реакция нәтижесінде күкірт түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Сынауыққа тұз қышқылын құйып оны күкірт (IV) оксидімен қанықтырыңдар. Ерітіндіге 1-2 түйір мырыш салыңдар. Бірнеше минуттан кейін ерітіндіні басқа сынауыққа құйып күкіртсутегі бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер. Мырыштың ролі қандай?



б) Бір сынауыққа шамалы бром суын, екіншісіне иод суын, үшіншісіне калий перманганаты ерітіндісін, төртіншісіне калий дихроматының ерітіндісін және калий перманганаты мен калий дихроматы ерітінділері бар сынауықтарға шамалы сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар.содан соң барлық сынауыққа күкіртті қышқыл қосыңдар. Сынауықтардағы ерітінділер түстерінің өзгеруін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. , . Күкіртті қышқыл бұл реакцияларда қандай қасиет көрсетеді? 1-кестедегі стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдарымен танысып, қышқыл ортада күкіртті қышқылдың бром, калий перманганаты және дихроматта тотығатынын дәлелдеңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет