6. Металл сульфидтерін алу және олардың қасиеттері. Аммоний сульфидіне сәйкес мырыш, марганец, кадмий, қорғасын, мырыш сульфаттарының ерітінділерімен әсер етіңдер. Түзілген тұнбалардың түсін байқаңдар. Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Тұнбалардың бір бөліктерін алып тұз қышқылымен әсер етіндер, тұнбалардың қайсысы ериді? Сульфидтердің ерігіштік көбейтінділерін пайдаланып, реакция нәтижесін түсіндіріңдер.
7. Сульфидтердің гидролизі. а) Натрий сульфидінің шамалы кристалдарын суда ерітіп, ерітінді ортасын индикатормен сынаңдар. Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Гидролиз реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
ә) Алюминий тұзының ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңдар. Сынауықты қыздырып, тұнбаны сүзіп, ыстық сумен жуыңдар. Түзілген тұнба алюминий гидроксиді екенін дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |