Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет57/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

1. Фосфор аллотропиясы. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек.)

а) Біраз қызыл фосфорды сынауыққа салып, мақтамен жауып, штативке көлбеу бекітіп, жайлап қыздырыңдар. Фосфор буы сынауықтан шығып жануы мүмкін, сақ болыңдар, жануды болдырмау керек. Сынауықтың қабырғаларында ақ фосфор дағы түзіледі. Сынауықты қараңғы жерге апарып, ақ фосфордың жарық шығаруын байқаңдар. Ақ фосфорды сынауықтан шыны таяқшамен алып ауада ұстаңдар, не байқалады? Жүріп жатқан реакция теңдеуін жазыңдар. Тәжірибе нәтижесінен фосфордың қай аллотропиялық түрі активтілеу екені туралы қорытынды шығарыңдар (тәжірибеден кейін сынауықты зертхана қызметкерлеріне өткізіңдер).

ә) Бұл тәжірибені оттан алыста жүргізу керек. Ақ фосфор түйірін сүзгі қағазымен кептіріңдер. 1 мл күкіртті көміртегінде ерітіңдер (сынауықты абайлап, жаймен шайқаңдар). Сүзгі қағаздың бөлігін алынған ерітіндіге батырыңдар. Қағазды қысқышпен қаңылтыр үстіне ұстап, күкіртті көміртегінің ұшып барып, ақ фосфордың өзінен өзі тұтануын байқаңдар (сынауықты ерітіндісімен зертхана қызметкеріне өткізіңдер). Осы әдіспен қызыл фосфордың да күкіртті көміртегінде еруін сынаңдар. Ақ және қызыл фосфордың күкіртті көміртегінде ерігіштігін салыстырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет