1. Мышьяктың алынуы. Жіңішке сынауыққа аздап мышьяк (III) оксиді мен көміртегін қосып, штативке сәл көлбеу бекітіп қатты қыздырыңдар. Сынауықтың қабырғаларында қай заттың қара дағы түзілді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Арсиннің алынуы және қасиеттері. (Жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). Көлемі 100-200 мл колбаға мырыштың бірнеше түйірін салып, оны газ өткізгіш түтігі және воронкасы бар тығынмен тығындайды. Шүмегі колбаның түбіне дейін жететін воронка арқылы сұйытылған (1:3) тұз қышқылын (Марш қондырғысы) құйыңдар. Аспаптан ауа түгел ығыстырылғаннан кейін, бөлінген сутегін жағыңдар. Жанып тұрған сутегінің жалынының түсі қандай? Сонан соң воронкаға 1 мл мышьяк (III) хлоридін және 2 мл натрий гидроксидін құйыңдар. Жалын түсінің өзгеруін байқаңдар және оны түсіндіріңдер. Арсиннің түзілуі мен оның жану реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Түтіктің жіңішке жерін қыздырыңдар. Жалын түсінің өзгеруін байқаңдар, түтіктің суық бөліктеріндегі мышьяктың қара дағын байқаңдар ("мышьяк айнасы"). Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибе біткеннен кейін колбаны сумен толтырыңдар. Түтікті шығарып, мышьякты концентрлі азот қышқылының аз мөлшерімен жуып тазартыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл - Марш сынамасы мышьяктың өте аз мөлшерін анықтау үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |