14. Висмут (III) оксидін алу. Тигельде висмут (III) нитратының бірнеше кристалдарын тұз толық ыдырағанша қыздырыңдар. Реакция енімдері қандай? Түсін байқаңдар. Суытқанда реакция өнімдерінің түсі қалай өзгереді? Висмут нитратының ыдырау теңдеуін жазыңдар.
15. Висмут (III) гидроксидін алу және оның қасиеттері.Висмут (III) нитратынан висмут (III) гидроксидін алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған висмут (III) гидроксидіне қышқылдың және сілтінің артық мөлшерін қосыңдар. Не байқалады? Висмут (III) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.