|
Натрий тетрагидроксостибатының (ІІІ) тотықсыздандырғыш қасиеті
|
бет | 70/176 | Дата | 03.01.2022 | өлшемі | 1,11 Mb. | | #108317 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)9. Натрий тетрагидроксостибатының (ІІІ) тотықсыздандырғыш қасиеті. Күміс нитратының ерітіндісіне түзілген күміс (І) оксидінің тұнбасы жойылғанша аммиак ерітіндісін қосыңдар, оған 8ә-тәжірибесінде алынған натрий тетрагидроксостибатының (III) сілтілік ерітіндісін қосыңдар, қыздырыңдар. Тұнбаның түзілгенін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакцияда натрий тетрагидроксостибаты (III) қандай қасиет көрсетеді?
10. Сурьма (III) тұзының гидролизі. Шамалы сурьма (III) хлоридін судың 1-2 тамшысында ерітіңдер. Ерітінді ортасын лакмус қағазымен сынаңдар. Лакмус түсінің өзгергенін түсіндіріңдер. Тұнба түзілгенше дистилденген су қосыңдар. Ерітіндіні сұйылтқанда неге тұнба түзіледі? Сурьма (III) хлоридінің гидролиздену теңдеуін жазыңдар. Түзілген сурьма (III) оксохлориді екенін ескеріндер. Ол қалай түзіледі? Алынған тұнбаға концентрлі тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосыңдар. Жүріп жатқан өзгерістерді байқаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|