18. Оңай балқитын құйманы дайындау (Вуд кұймасы). (жұмысты тартпа шкафта жасау керек). 20 г висмут, 5 г қорғасын, 2,5 г қалайы және 4,5 г кадмийді өлшеп алыңдар. Темір немесе фарфор тигельге 20 г висмуг пен аздап парафин салыңдар. Парафин металды тотығудан қорғайды, ол балқыманы 1 см қалыңдықта жауып тұруы керек. Тигельді асбестті картоннан жасалған тесікке орнатып, висмут балқығанша қыздырыңдар. Балқыманы темір сыммен араластыра отырып, оған бірінен соң бірін қорғасын, қалайы және кадмийді қосыңдар. Біркелкі балқыма пайда болғанша араластырыңдар. Оны суытпай суы бар фарфор стақанға құйыңдар. Бензол немесе эфирге батырылған шүберекпен құйманың бетіндегі парафин іздерін кетіріңдер. Қағаздан таяқша жасап құйманы ауада парафинсіз қайта балқытыңдар.
Құйманың балқу температурасын анықтап, оны қалыпқа құйыңдар. Егер алынған таяқшаны қайнап тұрған суға салса, ол балқиды. Вуд кұймасының балқу температурасы 70°С.
Достарыңызбен бөлісу: |