Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Фосфор галогенидтерінің алынуы және қасиеттері



бет62/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

7. Фосфор галогенидтерінің алынуы және қасиеттері. а) Фосфор (V) хлоридін алу. Хлормен толтырылған сынауыққа (хлор алуды 1б-тәжірибедегі жұмыс) аздап фосфор салыңдар. Не байқалады? Алынған қосылыстың түсін, агрегаттық күйін байқандар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Фосфор (V) хлоридінің гидролизі. Сынауыққа фосфор (V) хлоридін салыңдар, 3-5 мл су қосып қайнатыңдар. Алынған ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Күміс нитратын артық мөлшерде қосыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түсін және құрамын байқаңдар. Тұнбаны сүзіп, ерітіндіге натрий карбонатының ерітіндісін сары тұнба түзілгенше қосыңдар. Күміс нитратымен реакция нәтижесі - фосфор (V) хлориді сумен әрекеттескенде қандай заттар түзілгенін көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

б) Фосфор (ІІІ) хлоридінің гидролизі. Судың аз көлеміне фосфор (III) хлоридінің 1 -2 тамшысын қосыңдар. Ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіні фарфор табақшада қайнаған су үстінде немесе аз жалында сақтықпен қыздырыңдар, сонан соң суалтыңдар. Суытқаннан кейін табақшада түссіз, құрғақ ортофосфор қышқылы қалады. Түзілген тұнбаның құрамы, түрі, түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфорлылау қышқылы осы реакцияларда қандай қасиеттер көрсетеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет