Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Көмірдің тотықсыздандырғыш қасиеті



бет79/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

3. Көмірдің тотықсыздандырғыш қасиеті. Бір бет қағазда мыс (II) оксидін және ұсақталған ағаш көмірін шамамен бірдей мөлшерде араластырыңдар. Қоспаны құрғақ сынауыққа салып, оны штативке көлбеу бекітіңдер (71-сурет). Сынауықты имек түтігі бар тығынмен тығындап екінші ұшын ізбес суы бар сынауыққа салыңдар. Сынауықты газ бөлінуі тоқтағанша күшті қыздырыңдар. Құбылыстарды байқаңдар. Сынауық суығаннан кейін оның ішіндегі заттың түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

4. Метанның алынуы және қасиеттері. а) Сусыз натрий ацетатын және натрон ізбесін 1:2 қатынасында жақсылап араластырыңдар. Құрғақ сынауыққа 3/4 бөлігіне дейін қоспаны салыңдар. Газ түтікшесі бар тығынмен жауып, штативке бекітіп, қыздырыңдар. Түзілген газды кішкене цилиндрге судың үстіне жинаңдар. Цилиндр газбен толғанда түтікті судан шығарып алған соң, қыздыруды тоқтатыңдар (неге?). Цилиндрдің аузын судың ішінде шынымен жауып кристаллизатордан шығарып алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Метанды тағы қалай жинауға болады?

ә) Цилиндрді ашып, метанды жағыңдар. Жану біркелкі болуы үшін цилиндрге су құйып газды ығыстыру керек. Метан жанғандағы реакция теңдеулерін жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет