9. Көмір қышқылының тұзарының түзілуі. а) Әк суы бар сынауыққа көміртегі (IV) оксидін 2-3 минуттай жіберіңдер. Өзгерістер байқала ма? Реакция теңдеуін жазыңдар. Түзілген тұздарды атаңдар. Графикалық формулаларын жазыңдар. Ерітіндіні келесі тәжірибеге алып койыңдар.
ә) 9а-тәжірибеде алынған ерітіндіні екіге бөліп, бірінші сынауықтағы ерітіндіні қыздырыңдар, екіншісіне ізбес суын қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Көміртегі (IV) оксиді толған сынауықты тығынмен жауып натрий гидроксидінің сұйытылған ерітіндісі бар кристализаторға төңкеріп тығынды ашыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар (бұл тәжірибені жасағаннан кейін қолды әбден жуу керек).
Достарыңызбен бөлісу: |